"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Арал теңізінің балық шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 76 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Арал теңізінің балық шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және
Даму Банкі арасындағы "Арал теңізінің балық шаруашылығы
кәсіпорындарын қоғамдық басқару және олардың тұрақты
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету" жобасын қаржыландыру үшін
грант бөлу туралы келісімхатқа қол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы  Заңына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Арал теңізінің балық шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхаттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Смағұлұлы Есімовке Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Арал теңізінің балық шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету" жобасын қаржыландыру үшін грант бөлу туралы келісімхатқа қол қоюға уәкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

2007 жылғы 12 қыркүйек

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А.С. Есімов мырзаға
      010000, Астана қаласы,
      Кенесары көшесі, 36

      Қатысты:       Қазақстан Республикасы: Арал теңізінің балық
                     шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару
                     және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін
                     қамтамасыз ету жобасын қаржыландыруға арналған
                     Жапония Үкіметі (JSDF) жанындағы Әлеуметтік
                     даму қорының N ТF 056871гранты

      Құрметті министр мырза,

      Қазақстан Республикасы (Алушы) атынан түскен қаржылық көмек беру туралы өтінішке жауап ретінде, Жапония Үкіметі (JSDF) жанындағы Әлеуметтік даму қорынан бөлінетін грант қаражатының әкімшісі ретінде әрекет жасайтын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (Дүниежүзілік Банк), Жобаның (Жоба) қосымшасында сипатталғанды қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін осы Келісімхатпен (Келісім) оның қосымшасында баяндалған немесе аталған мерзімде және шарттарда Алушыға бір миллион тоғыз жүз екі мың екі жүз сексен бес (1 902 285) АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде грант (Грант) беруді жоспарлап отырғанын хабарлауға қуаныштымын.
      Төмендегі өзінің келісімін растай отырып, Алушы осы Келісімді жасасуға және осы Келісімде баяндалған немесе аталған мерзімге және шарттарға сәйкес Жобаны жүзеге асыруға өзінің өкілеттігі туралы мәлімдейді.
      Осы Келісімнің қоса беріліп отырған данасына өз қолыңызды және күнін қойып, Дүниежүзілік Банкке қайтара отырып, Алушының атынан жоғарыда айтылғандарға өз келісіміңізді растауыңызды сұраймын.
      Сіз қол қойған данасын Дүниежүзілік Банк алғаннан кейін, осы Келісім бекітіліп, қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

Шынайы құрметпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ және ДАМУ БАНКІ
атынан және тапсырмасымен
__________________________________
Аннет Диксон
директор
Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсе
Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік басқарма

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      атынан және тапсырмасы бойынша
      РАСТАЙМЫН:

      Қолы ____________________
      Аты-жөні____________________________________
      Лауазымы____________________________________
      Күні_____________________

Жапония Үкіметі (JSDF) жанындағы
Әлеуметтік даму қорының N ТF 056871 Гранты
ҚОСЫМША

І бап
Стандартты шарттар; Анықтамалар

      1.01.  Стандартты шарттар. Әр түрлі қорлардан Дүниежүзілік Банк төлейтін гранттар үшін 2006 жылғы 20 шілдедегі редакциясындағы стандартты шарттар (Стандартты шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
      1.02.  Анықтамалар. Егер контексте басқаша талап етілмесе, осы Келісімде пайдаланылатын бас әріппен белгіленген терминдердің Стандартты шарттарда немесе осы Келісімде соларға бекітілген сәйкес мағыналары болады.

II бап
Жобаны іске асыру

      2.01.  Жобаның мақсаттары мен сипаттамасы. Жобаның мақсаты жергілікті әлеуетті дамыту, қазіргі материалдық базаны басқару орнықтылығын жақсарту және қамтамасыз ету, Солтүстік Арал теңізі өңіріндегі қорғаусыз балық аулайтын қауымдастықтардың тіршілік жағдайын әлеуметтік құрылымдардың негізгі нысандарының қызметіне қол жеткізуге қолдау көрсету арқылы кәсіпкерлік мүмкіндіктерін кеңейту. Осы Жоба Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру  және Даму Банкі арасындағы 2001 жылғы 22 қазандағы Кредит Келісімі (Қарыз N 4609 КZ) негізінде Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізі" жобасының 1 Фазасын қолдайды. Жоба мынадай компоненттерден тұрады:

       А бөлігі: Қазіргі материалдық базаны басқаруды жақсарту
       арқылы тұрақты тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін әлеуетті
       дамыту
      а) қоғамдық бақылауды күшейту және бір көлдің балық қорларына қол жеткізуді арттыру жөніндегі пилоттық жобаны қоса алғанда, жергілікті даму жоспарын жасау; b) орталықсыздандырып басқаруды қолдау және шағын көлдерді оқшау пайдалануға беру процесінің айқындығын қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті билік органдарының әлеуетін кеңейту; с) балық аулайтын бригадалардың, балық аулайтын кәсіпорындардың қызметкерлерін және лауазымды адамдарды, жергілікті билік органдарын қоғамдастықтың ресурстарын бағалауды және ресурстарды, шағын бизнесті, бірлесіп басқару принциптерін, балық өнімдерін сатуды, қалдықтарды кәдеге асыруды, кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, кемені жөндеу мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, қоғамдастықтарды дамытудың шешуші аспектілеріне және техникалық пәндерге оқыту; және d) балықты өңдеу мен сату, кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кемені жөндеу мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету, шағын бизнесті басқару мен кіші көлемдегі қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ қоғамдастықтың ресурстарын бағалау мен бірлесіп басқару жөніндегі оқу материалдарын әзірлеу және далалық сынақтан өткізу.

       В бөлігі: Тіршілік жағдайын жақсарту мен қоршаған ортаның
       тозуын азайтуға берілетін жергілікті инвестициялар
      а) шалғай ауылдарды су сүзгіден өткізу техникалық жүйесімен, су құятын кемемен және толық жетекті жедел жәрдем автомобилімен қамтамасыз ету; b) балық аулаушылардың денсаулығы мен тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін балықшылардың тез әрекет жасайтын лагерлерінің құрылысын дамыту; с) нарыққа кіру мүмкіндігін кеңейту мен гранттық қаржыландырудың пайдасын ұлғайту, сондай-ақ жағаға балық түсіру мониторингін жақсарту мақсатында балықты жағаға жеткізу үшін өтуі қиын кішігірім жол үзінділерін қалпына келтіру және қалқымалар салу; d) негізгі ауылдар мен балық аулайтын лагерлерді радиотелефон байланысымен қамтамасыз ету, күніне ұзақтығы 1-2 сағаттық қауымдық радио бағдарлама жасауды қоса алғанда, үш қауым арасында радио немесе спутниктік байланыс арналары арқылы электрондық почтамен алмасу үшін жабдықтау жүйелерін пилоттық тестілеу; е) балық ыстау үшін тиімді ағашпен жағатын пештерді және ауылдар мен балық аулайтын лагерлерді баламалы (атап айтқанда сұйытылған газды пайдалану арқылы) жылытуды пилоттық тестілеу; f) мектептер мен бала бақшаларды жабдықтармен және жиназбен жабдықтау, бөбекжайлар құру; және h) Арал қаласындағы Арал теңізі темір жол станциясында саяхатшылар үшін қонақ үйлер салу.

       С бөлігі: Табысты әртараптандыру мен күн көріске қажет
       қаражат кездерін жақсартуға арналған шағын кәсіпорындар
      а) балықты бөліп тарату жүйесін жетілдіру және балық аулайтын бригадалар балықты балық аулау лагерлерінде сақтай алуын, контейнерлер үшін мұз генераторларын, балықты сақтау үшін үлкен жылу өткізбейтін мұздатқыш камераларын және мұздатып сақтаудың бар инфрақұрылымын жаңғырту; b) балық өңдеуге үйрету және балық өткізу мәселелері жөнінде анықтамалар беру үшін ақпараттық қызметті қалыптастыру; с) балық сатушы әйелдердің кірістерін арттыру және қаражат кездерін жақсарту мақсатында ыстау технологиясын жетілдіру (неғұрлым үнемді ағаш немесе газ пештерін пайдалану арқылы) және өндірілетін өнімді еткізу жөніндегі ұйымдарды қалыптастыру; және d) Алушы жасайтын және бекітетін Жоба бойынша операциялық басшылықта (ЖОБ) баяндалатын өлшемдерге, принциптерге және іріктеу рәсімдеріне сәйкес шағын бизнесті дамытуға бәсекелі грант түрінде 400000 АҚШ долларын (шамамен әрбір 16 қоғамдастыққа 25000 АҚШ долларына дейін) төлеу.

       D бөлігі: Жобаны іске асыру, басқару, оның мониторингі және
       бағалау жөніндегі қызметтерді қолдау
      а) Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын (Қарыз N 4609 КZ) "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізі" жобасының 1 Фазасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің (СРК) жанында құрылған Жобаны Басқару Тобымен (ЖБТ) мен бірлесіп жобалық іс-шараларды жүзеге асыратын, өз қызметін Арал теңізі аймағында жүзеге асыратын "Арал теңізі" жергілікті үкіметтік емес ұйымында әлеуетті қалыптастыру және қосымша қызметкерлерді жалдау; b) балық аулаушылармен және қоғамдастық мүшелерімен жобалық іс-шараларды іске асыру шеңберінде тығыз жұмыс жасайтын ауыл белсенділерін жалдау; с) "Арал теңізі" қызметкерлері мен ауыл белсенділерін жобаны басқару принциптеріне, жобаға қатысушылардың ресурстарын басқару, шоттар рәсімдері мен есеп жүргізуге, ауыл деңгейінде сатып алуды жүзеге асыру және мүдделі тараптардың қатысуымен ауылдарды бағалауға оқыту; d) мониторинг пен бағалаудың жүйесін әзірлеу және іске асыру; және е) Грант аудитін қоса алғанда, консультанттар қызметтерін ұсыну.
      2.02.  Жобаны іске асырудың жалпы шарттары. Алушы Жоба мақсаттарына өзінің адалдығын мәлімдейді. Алушы Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын (Қарыз N 4609 КZ) "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізі" жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің СРК жанындағы ЖБТ арқылы Стандартты шарттардың II бабының ережелеріне және осы II баптың ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
      2.03.  Институционалдық және өзге де шаралар. Алушы СРК арқылы біліктілігі мен құзыреті Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Жоба аяқталғанға дейін ЖБТ-ны қолдап отырады.
      2.04. Алушы СРК арқылы: а) ЖБТ тек: (і) Жоба бойынша бағалау мен есеп беруді қоса алғанда Жобаны басқару, іске асыру, үйлестіру және оның мониторингі; (іі) Грант қаражатын алуға өтініш жасау; (ііі) Жобаның Арнайы шотын басқару; (іv) осы Қосымшаның 2.01 бөлімі С бөлігінің (d) тармағында көзделетін бәсекелес гранттарға әкімшілік ету; (v) Жоба үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу; (vi) Жобамен байланысты есептік құжаттар мен шоттарды жүргізу, аудит ұйымдастыру; (vіі) Жоба бойынша есептер және жұмыстардың бір жылға арналған бағдарламасын жасау; және (b) Жобаның d бөлігі шеңберінде осы Қосымшаның 2.01-бөлімінде айтылған "Арал Теңізі" ҮЕҰ-мен және жалданатын ауыл белсенділерімен тығыз ынтымақтаса отырып, ЖБТ-ның күшімен жобалық іс-шараларды іске асыру үшін жауап беруін қамтамасыз етеді.
      2.05. Алушы СРК арқылы ЖОБ осы Қосымшаның 2.01-бөлімі С бөлігінің (d) тармағын іске асыру үшін барлық шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді және ЖОБ-ның кез келген ережелерін Дүниежүзілік Банктің алдын ала мақұлдауынсыз беріп жібермейді, өзгерістер кіргізбейді, жоймайды немесе күшін жоймайды.
      2.06. Алушы СРК арқылы:
      (а) ЖОБ-да баяндалатын принциптерге, рәсімдерге және өлшемдерге сәйкес осы Қосымшаның 2.01-бөлімі С бөлігінің (d) тармағында көзделетін кіші жобалар бойынша ұсыныстарды іріктеуді, сараптауды, іске асыруды және бағалауды;
      (b) Жобаны іске асыру процесінде кез келген сәтте гранттарды белгілеу үшін осы Қосымшаның 2.01-бөлімі С бөлігінің (d) тармағында көзделетін кіші жобалар бойынша ұсыныстарды қарауды жүзеге асыру құқығын Дүниежүзілік Банкке беру; кіші жобалар бойынша осындай ұсыныстарды мақұлдау немесе қабыл алмау үшін қолданылатын негіздерімен келіспеген жағдайда Дүниежүзілік Банк іріктеу нәтижелерін өзгертуді талап етуге құқылы; және
      (с) ЖБТ-ның осы Қосымшаның 2.01-бөлімі С бөлігінің (d) тармағында көзделетін кіші жобалар бойынша қосалқы гранттарды беруі, ЖОБ-ға енгізілген қосалқы гранттар туралы келісімдердің стандартты нысанына сәйкес: (і) бөлінген қосалқы гранттарды іске асыру үшін кіші жобалар бойынша ұсыныстар жеткілікті көлемде сипатталған; (іі) қосалқы гранттар алушылар қосалқы гранттар туралы келісімдерде көрсетілген сипаттауға сәйкес және бюджеттер шеңберінде кіші жобалар бойынша осындай ұсыныстарды іске асыруы тиіс, және кіші жобаның қызметтерге ұсыныстарын іске асыру үшін керек сатып алуды орындауы, қосалқы фант келісімде баяндалған тәртіпке сәйкес болуы қажет; (ііі) әрбір кіші гранттың сомасы кіші жобаларға қажет тауардың есепті құнына, жұмыс пен қызметтің және операциялық шығындар туралы мәліметтерге негізделуі тиіс және ЖОБ-да қаралған әрбір кіші гранттарға қойылған шектеуден аспауы қажет; және (iv) кіші жобаны тағайындау мен пайдалану, шығындарын болу, кіші жобаны қаржыландыруға қатысты кіші грантты алушымен өндірілуі тиіс және ол ЖОБ-та баяндалған талаптарға сәйкес болуы керек.
      2.07.  Қаржыны басқару. (а) Алушы Стандартты шарттардың 2.07- бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржыны басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
      (b) Алушы күнтізбелік тоқсан аяқталған сәттен бастап бір ай ішінде Жоба бойынша тексерілмеген аралық қаржылық есептіліктің жасалуын және Дүниежүзілік Банкке ұсынылуын қамтамасыз етеді, бұл ретте осындай есеп әрбір тиісті тоқсанды қамтуы, ал осындай есептің нысаны мен мазмұны Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      (с) Алушы Стандартты шарттардың 2.07-бөлімінің (b) ережелеріне сәйкес Жоба бойынша өздерінің қаржылық есептеріне аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді. Қаржылық есепті аудиторлық тексеру Алушының ұзақтығы бір бюджеттік жыл кезеңді қамтуы қажет. Аудит тексеруден өткен қаржылық есептер, тиісті кезең аяқталған сәттен бастап алты ай ішінде Дүниежүзілік Банкке жіберілуі тиіс.
      2.08.  Сатып алу.
      (а)  Жалпы ережелер: Грант қаражатынан қаржыландырылуы тиіс Жобаны іске асыру үшін қажетті барлық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер мыналарда айтылған немесе аталған талаптарға сәйкес сатып алынады:
      (і) 2004 жылғы мамырда Дүниежүзілік Банк жариялаған және 2006 жылдың қазан айында қайта қаралған (Сатып алу жөніндегі басшылық) "ХҚҚДБ мен қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөніндегі басшылықтың" 1-бөлімінде жарияланған тауарлар мен жұмыстарды сатып алған жағдайда;
      (іі) 2004 жылғы мамырда жарияланған және 2006 жылдың қазан айында қайта қаралған "Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеу мен жалдауы жөніндегі басшылықтың" I мен IV бөлімдерінде ("Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі басшылық") консультанттарды жалдаған жағдайда; және
      (ііі) Сатып алу жөніндегі басшылықтың 1.16-тармағына және Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі басшылықтың (Сатып алу жоспары) 1.24-тармағына сәйкес осы Жоба бойынша Алушы жасайтын және мерзімді жаңартып отыратын сатып алу жоспарында нақтыланатын осы Бөлімнің ережелерінде.
      (b).  Анықтамалар. Бас әріппен белгіленген және осы Бөлімнің мынадай тармақтарында сатып алудың жеке әдістерін немесе Дүниежүзілік Банктің жекелеген келісім-шарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін пайдаланылатын терминдер әрбір нақты жағдайға қарай Сатып алу жөніндегі басшылықта немесе Консультанттарды іріктеп алу жөніндегі басшылықта сипатталатын тиісті әдістерге жатады.
      (с).  Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың жеке әдістері
      (і) Егер төменде келтірілген (іі) тармақшасында өзгеше көзделмесе тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық негізінде жасалатын келісім-шарттар бойынша жүргізіледі.
      (іі) Сатып алу Жоспарында көрсетілген келісім-шарттар бойынша тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа, мынадай әдістер қолданылуы мүмкін: (А) Шектеулі халықаралық сауда-саттық; (В) мынадай қосымша ережелердің қолданысы таралатын Ұлттық конкурстық сауда-саттық:
      I.  Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорындары өзінің заңды және қаржылық тәуелсіздігін растаған, сауда құқығы негізінде әрекет еткен және тапсырыс берушінің тәуелді агенттіктері болмаған жағдайда ғана сауда-саттыққа қатысуға жіберіледі. Бұдан басқа, оларға да сауда-саттыққа басқа қатысушыларға қойылатын өтінімдер мен қамтамасыз етуге қатысты талаптар қолданылады.
      II.  Тендерлік құжаттама
      Сатып алатын ұйымдар ХҚҚДБ талаптарына жауап беретін тауарларды сатып алған кезде, тиісті үлгі тендерлік құжаттаманы пайдалануға міндетті.
      III.  Өтінімдерді ашу және бағалау
      (а) Өтінімдерді ашу өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталысымен көпшіліктің қатысуымен ашылады;
      (b) Өтінімдерді бағалау тендерлік құжаттамада мәлімделген ақшалай нысанда өлшенетін өлшемдерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі;
      (с) Отандық тауарлар мен мердігерлерге артықшылық берілмейді; және
      (d) Келісім-шарт құны ең төмен белгіленген талаптарға жауап беретін өтінім ұсынған білікті қатысушымен жасалады, келіссөздерге жол берілмейді.
      IV.  Бағаны түзету
      Ұзақ мерзімді (мысалы, ұзақтығы он сегіз (18) ай) құрылыс жұмыстарына арналған келісім-шарт бағаны түзету туралы тиісті тармақты қамтуы тиіс.
      V.  Өтінімдерді беру процесін жою
      Тендер нәтижелерін мойындамау және жаңа өтінімдер қабылдау Қауымдастықпен алдын ала келісіліп қана жүргізіледі.
      VI.  Жеке өтінімді қабылдамау
      Жеке өтінім:
      (а) Өтінім беруші белгіленген талаптарға сай болмаған;
      (b) Өтінім беруші Сатып алушы ұйымның Тендерлік комиссиясы көрсеткен өтінімдегі арифметикалық қатені жөндеуді қабылдамаған; және
      (с) Өтінім беруші тендерлік құжаттаманың талаптарына сай болмаған жағдайларда қабылданбайды.
      (С) Еркін саудада сатып алу; және (D) Келісім-шарттарды тікелей жасасу
      (d)  Консультанттардың қызметтерін сатып алудың жеке әдістері
      (і) Егер төменде келтірілген (іі) тармақшада өзгеше көзделмесе, консультанттардың қызметтерін сатып алу консультанттарды сапа және құн өлшемдері бойынша іріктеу нәтижелері бойынша жасалатын келісім-шарттар негізінде жүргізілетін болады.
      (іі) Сатып алу жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындауға тартылатын консультанттардың қызметтерін сатып алу үшін мына әдістерді қолдануға болады: (А) Ең аз баға өлшемі бойынша іріктеу; (В) Жеке консультанттарды іріктеу; және (С) Жеке консультанттарды бір кезден іріктеу рәсімдері.
      (е)  Сатып алу жөніндегі шешімдерді Дүниежүзілік Банктің қарауы.
      Сатып алу жоспарында Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарау мәні болып табылатын келісім-шарттар көрсетілуі тиіс. Қалған келісім-шарттар Дүниежүзілік Банктің (факт бойынша) кейіннен қарау мәні болып табылады.

III бап
Грант қаражатын алу

      3.01  Рұқсат етілетін шығыстар . Алушы: (а) Стандартты шарттардың III бабының; (b) осы Бөлімнің; және (с) келесі кестеде көрсетілген өлшемдерді қанағаттандыратын шығыстарды қаржыландыру үшін Дүниежүзілік Банк Алушыны хабардар ету арқылы бере алатын қосымша нұсқаулардың (оқтын-оқтын Дүниежүзілік Банк қайта қарайтын және осындай нұсқаулар негізінде осы Келісімге қолданылатын "Дүниежүзілік Банктің жобалар бойынша төлемдер жүргізу жөніндегі басшылығын" 2006 жылғы мамыр айындағы редакциясында қоса алғанда) ережелеріне сәйкес, Грант қаражатын іріктеуді жүргізе алады. Кестеде Грант (Санат) қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін шығыстардың санаттары, әрбір санатқа Грант қаражатынан бөлінетін қаржының мөлшері, сондай-ақ әрбір санат бойынша өлшемдерді қанағаттандыратын шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі берілген.

Санаты Бөлінген
Грант сомасы
(АҚШ
долларымен)
Қаржыландырылуға
жататын шығыстар
үлесі (%) (салықты
қосқанда)

(1) Тауарлар

645500

100%

(2) Жұмыстар

145000

100%

(3) Аудитті
қосқандағы
кеңес берушілер
қызметі

587285

100%

(4 )Осы Келісім
қосымшасының
2.01 бөлімі С
бөлігінің (d)
тармағында
қарастырылған
қосалқы
гранттар

400000

100%

(5) Оқыту

124500

100%

ЖИЫНЫ:

1902285

100%

      Осы Бөлімнің мақсаттары үшін "оқыту" термині Алушы елінің аумағында өткізілетін, материалдарды сатып алу мен жариялауды, үй-жайларды жалға алуды, оқыту курстарына ақы төлеуді, сондай-ақ білім алушылардың іссапар және тәуліктік шығыстарын қоса алғанда, оқытуды білдіреді.
      3.02.  Қаражатты алу шарттары. Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелеріне қарамастан, Грант Шотынан қаражатты мына жағдайда алуға жол берілмейді:
      (а) Алушының осы Келісімге қол қойылған күнге дейін жүргізген төлемдерін қаржыландыру үшін; немесе
      (b) Осы Қосымшаның 2.01-бөлімінің С бөлігінің (d) тармағында көзделетін қосалқы гранттар бойынша (4) Категория төлемдерін қаржыландыру үшін, егер: (і) Алушы Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын осы Қосымшаның 2.01-бөлімінің С бөлігінің (d) тармағында көзделетін кіші жобаларды алдын ала экологиялық тексеруді жүзеге асыру жөніндегі нұсқауы бар ЖОБ қабылдамаса; және (іі) Алушы мен осы Қосымшаның 2.01-бөлімінің С бөлігінің (d) тармағында көзделетін қосалқы гранттың бенефициары арасында Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын қосалқы грант туралы Келісімге қол қойылмаса.
      3.03  Грант Шотынан қаражатты алу кезеңі . Стандартты шарттардың 3.06-бөлімінің (с) тармағына сілтеме жасалатын жабылу күні осы Келісімге Алушы қол қойған мерзімнен бастап төрт жылдан кейін болады.

IV бап
Алушының өкілі; Мекен-жайы

      4.01  Алушының өкілі . Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стандартты шарттардың 7.02-бөліміне сілтеме жасалатын Алушының өкілі болып табылады.
      4.02  Алушының мекен-жайы. Стандартты шарттардың 7.01-бөліміне сілтеме жасалатын Алушының мекен-жайы:

      Қазақстан Республикасы
      Астана қаласы, 010000
      Кенесары көшесі, 36
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Факс: (7) (7172) 555995

      4.03  Дүниежүзілік Банк мекен-жайы. Стандартты шарттардың 7.01-бөліміне сілтеме жасалатын Дүниежүзілік Банк мекен-жайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі,
      1818 Н көшесі, N. W.
      Вашингтон, Колумбия округі, 20433
      Америка Құрама Штаттары

      Телеграф:         Телекс:             Факс:

      INTBAFRAD         248423 (MCI) немесе 1-202-477-6391
      Washington, D.C.  64145 (MCI)

                                          2007 жылғы 12 қыркүйек

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. С. Есімов мырзаға
      010000, Астана қаласы,
      Кенесары көшесі, 36

      Қатысты: №       N ТF056801 Грант (Арал теңізінің балық
                       шаруашылығы кәсіпорындарын қоғамдық басқару
                       және олардың тұрақты тыныс-тіршілігін
                       қамтамасыз ету жобасын қаржыландыруға
                       Жапония Үкіметі (JSDF) жанындағы Әлеуметтік
                       даму қорының гранты). Қосымша нұсқаулар:
                       Төлемдер.

      Құрметті министр мырза,
      Осымен Жапон Үкіметі (JSDF) жанындағы Әлеуметтік даму қорынан бөлінетін грант қаражатының әкімшісі ретінде әрекет жасайтын Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен (Дүниежүзілік Банк) Қазақстан Республикасы (Алушы) арасындағы жоғарыда аталған жоба бойынша Келісімхатқа (Грант туралы Келісім) сілтеме жасауға рұқсат етіңіз. Келісімге сәйкес Дүниежүзілік Банк N ТF056801 Грант (Грант) қаражатын таңдауға қатысты қосымша нұсқаулар бере алады. Мазмұны уақыт өткен сайын қайта қаралып отыратын осы хатта (Төлемдер туралы хат) қосымша нұсқаулар қамтылған.
      Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 1 мамырдағы "Дүниежүзілік Банктің жобалар бойынша төлемдері жөніндегі басшылығы" (Төлемдер жөніндегі басшылық) (1-қосымша) Грант қаражатын пайдалану туралы хаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Төменде Төлемдер жөніндегі басшылықтың ережелері Грантқа қатысты қалай қолданылатыны туралы егжей-тегжейлі айтылған. Төменде жақшаға алынған бөлімдер мен кіші бөлімдер Төлемдер жөніндегі басшылықтың тиісті бөлімдері мен кіші бөлімдеріне сілтеме жасайды, егер осы хатта өзгеше белгіленбесе, онда бас әріптермен белгіленген терминдердің Төлемдер жөніндегі басшылықта соларға берілетін мағыналары болады.

       I. Төлемдер тетіктері
      (і)  Төлемдерді жүзеге асырудың әдістері (2-бөлім) . Осы Грант шеңберінде төлемдерді жүзеге асырудың мынадай әдістері қолданылуы мүмкін:
      - Өтеу
      - Аванстық төлем
      - Тікелей төлемдер
      - Мақсатты төлем
       (іі) Төлемдерді жүзеге асырудың соңғы мерзімі (3.7-кіші бөлім). Төлемдерді жүзеге асырудың соңғы мерзімі Келісімхатта анықталған жабу күні басталған сәттен бастап 4 айды құрайды. Дүниежүзілік Банк көрсетілген мерзімнің кез келген өзгерісі туралы қосымша хабарлайды.
       (ііі) Төлемдерді жүзеге асыру шарттары (3.8-кіші бөлім) Грант туралы Келісімде көзделетін төлемдерді жүзеге асыру шарттарына (III бап, 3.02 (b) бөлім) назар аударыңыз.

       II. Грант қаражатын алу
       (і) Өкілетті тұлғалардың қол қою үлгілері (3.1- кіші бөлім)
      Қоса беріліп отырған нысанға (2-қосымша) сәйкес жасалған, Қаражат алуға арналған өтінімдерге қол қоюға өкілдік берілген тұлғаның (тұлғалардың) аты (аттары) және қолының (қолдарының) үлгісі бар хатты мынадай мекенжай бойынша Дүниежүзілік Банкке жеткізу қажет:
      Дүниежүзілік Банктің Қазақстандық кеңсесі
      Астана Тауэрс
      Самал шағын ауданы, 2, 14-қабат,
      Астана, 473000
      Қазақстан Республикасы
      Өңірлік кеңсенің директоры Аннет Диксон ханымның назарына.
       (іі) Қаражат алуға арналған өтінімдер (3.2-3.3 кіші бөлімдер). Қаражат алуға арналған толтырылған және қол қойылған өтінімдерді (а) ілеспе құжаттамамен бірге және мақсатты төлемдер жасауға арналған өтінімдерді (b) коммерциялық банктің аккредитивімен бірге төлемде көрсетілген мекенжайға жіберіңіз:

      The World Bank
      Radnicka cesta 80, 9 th floor
      Zagreb, HR - 10 000, Croatia.
      Attention: Disbursement Management Group

       (ііі) Қаражат алуға арналған өтінімнің ең төмен сомасы (3.5-кіші бөлім). Тікелей және мақсатты төлемдерді жүзеге асыруға өтінімдердің ең төмен сомасы 20000 АҚШ долларын құрайды.
       (iv) Аванстық төлемдер (5 және 6-бөлімдер).
      -  Арнайы шот түрі (5.3-кіші бөлім): жеке шот
      -  Арнайы шот валютасы (5.4-кіші бөлім): АҚШ доллары (US$)
      -  Арнайы шот ашылатын қаржы мекемесі (5.5-кіші бөлім): Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін коммерциялық банк.
      -  Біржолғы төлемнің ең жоғары мөлшері (6.1-кіші бөлім): 100 000 АҚШ доллары.
       III. Грант қаражатын пайдалану туралы есептілік
       (і) Ілеспе құжаттама (4-бөлім). Қаражаттарды алуға арналған әрбір өтінім мынадай ілеспе құжаттармен толықтырылады:
      -  Шығыстарды өтеуге сұрау салу үшін:
      - Қоса беріліп отырған нысанға (4-қосымша) сәйкес
        Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарауына жататын келісім              шарттар бойынша төлемдер тізімі.
      - Құны 100 000 АҚШ доллары немесе одан да көп келісім шарттар
        бойынша сатып алынатын тауарларға төлеу бойынша өлшемдерді
        қанағаттандыратын шығыстардың жүзеге асырылғаны туралы
        куәландыратын құжаттама (мысалы, жеткізушілер чектерінің,
        шот-фактураларының көшірмелері); құны 100 000 АҚШ доллары
        немесе одан да көп келісім шарттар бойынша сатып алынатын
        тауарларға төлеу бойынша; консультациялық фирмалар үшін
        құны 100 000 АҚШ доллары немесе одан да кеп және жеке
        консультанттар үшін құны 50 000 АҚШ доллары немесе одан да
        көп келісім шарттар бойынша сатып алынатын консультациялық
        қызметтерге төлеу.
      - Барлық басқа шығыстар/келісім шарттар бойынша, қоса
        беріліп отырған нысанға (3-қосымша) сәйкес жасалған
        шығыстар ведомосі.

      -  Арнайы шоттан төленген қанағаттандыратын өлшемдерге сәйкес шығыстар бойынша есептілік үшін:
      - Қоса беріліп отырған нысанға (4-қосымша) сәйкес
        Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарауына жататын
        келісім шарттар бойынша төлемдер тізімі.
      - Құны 100 000 АҚШ доллары немесе одан да көп келісім шарттар
        бойынша сатып алынатын тауарларға төлеу бойынша өлшемдерді
        қанағаттандыратын шығыстардың жүзеге асырылғаны туралы
        куәландыратын құжаттама (мысалы, жеткізушілер чектерінің,
        шот-фактураларының көшірмелері); құны 100 000 АҚШ доллары
        немесе одан да көп келісім шарттар бойынша сатып алынатын
        жұмыстарға төлеу бойынша; консультациялық фирмалар үшін
        құны 100 000 АҚШ доллары немесе одан да көп және жеке
        консультанттар үшін құны 50 000 АҚШ доллары немесе одан да
        көп келісім шарттар бойынша сатып алынатын консультациялық
        қызметтерге төлеу бойынша.
      - Барлық басқа да шығыстар/келісім шарттар бойынша, қоса
        беріліп отырған нысанға (3-қосымша) сәйкес жасалған
        шығыстар ведомосы.

      -  Тікелей төлем жасауға сұрау салу үшін : шығыстардың қанағаттандыратын өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылғанын куәландыратын құжаттар мысалы, жеткізушілер чектерінің немесе шот-фактураларының көшірмелері.
       (іі) Арнайы шоттан төленетін қанағаттандыратын өлшемдерге сәйкес шығыстар бойынша есептіліктің мерзімділігі (6.3-кіші бөлім): Ай сайын.

       IV. Басқа да маңызды ақпарат
      Төлем тетіктері жөніндегі қосымша ақпаратты:  http://www.worldbank.org , мекен жайы бойынша Дүниежүзілік Банктің жалпыға бірдей қол жетімді веб-сайтында, сондай-ақ  http://clientconnection.worldbank.org, мекен жайы бойынша орналасқан "Client Connection" веб-сайтынан алуға болады. Талап етілген жағдайда басылған көшірмелері беріледі.
      Дүниежүзілік Банк тіркелмеген жағдайда Сіздерге "Client Connection"  http://clientconnection.worldbank.org , веб-сайтына тұтынушы ретінде тіркелуіңізді ұсынады, Сіз бұл веб-сайттан қажет мәлімдемелерді ала аласыз, сондай-ақ нақты кезеңге сәйкес режимде Грант мәртебесін бақылап, саясат, қаржы және сатып алу мәселелері бойынша сәйкес ақпарат аласыз.
      Веб-сайт және тіркеу тетіктері туралы қосымша ақпаратты алу үшін Сіз  clientconnection@worldbank.org , мекен жайы бойынша электрондық пошта арқылы Дүниежүзілік Банкке өтініш жасауыңызға болады.
      Жоғарыда айтылғандарға қатысты кез келген мүдделі мәселелер бойынша Сіз қаржы жөніндегі аға сарапшы Николай Чистяков мырзаға,  loa-eca@worldbank.org электрондық поштасы арқылы осы хатқа сілтеме жасай отырып, өтініш жасауыңызға болады.

Құрметпен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ және ДАМУ БАНКІНІҢ
атынан және тапсырмасымен

Аннет Диксон директор
Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсе
Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік басқарма

      Қосымшалар:
      1. 2006 жылғы 1 мамырдағы редакциядағы "Дүниежүзілік Банктің Жобалар бойынша төлемдер жөніндегі басшылығы".
      2. Өкілетті тұлғалардың қол қою үлгілеріне арналған нысаны.
      3. Шығыстар ведомосінің нысаны.
      4. Дүниежүзілік Банк алдын ала қарауға жататын келісім шарттар бойынша төлемдердің нысаны.

      Келісілді:             Анаркан Акерова, LEGEC
                             Йоуп Стаутжесдайк, ECSSD

      Көшірмелер жіберілді:  Қазақстан Республикасы
                             Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су
                             ресурстары комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады