Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 89 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 2 ақпандағы
N 89 қаулысымен 
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 246-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі" деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.18. N 185 Қаулысымен).

      4. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында:
      "2008 жылғы ақпан" деген сөздер "2008 жылғы сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2008 жылғы сәуір" деген сөздер "2009 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында:
      "2008 жылғы қазан" деген сөздер "2009 жылғы қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2008 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2009 жылғы наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында "2008 жылғы қаңтар" деген сөздер "2008 жылғы ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      "3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы" деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы "Өңірлік" деген сөз алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады