"Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 307-бабына ескертпелердің 5-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасаған адамдар мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алған жағдайларда олар сыбайлас жемқорлық қылмыстары болып табылады.";

      2) 3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚК 307-бабына ескертпелердің 1-4-тармақтарында көрсетілген адам сыбайлас жемқорлық қылмыстардың субъектісі болып табылуы мүмкін.";

      екінші абзацтағы "лауазымды" деген сөз алып тасталып, "Соттар" деген сөзден кейін "жоғарыда" деген сөз жазылсын;

      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісін анықтаған кезде оның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға не оған теңестірілген лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын тұлға болып табылатыны ҚК 307-бабына ескерпелердің 1-4-тармақтарында, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3-бабында белгіленген нормалардан туындауы қажет.";

      4) 5-тармақта:

      бірінші абзацтағы "өкілеттіктерін" деген сөзден кейін " , сондай-ақ мәртебесін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "лауазымды" деген сөз алып тасталсын;

      5) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тұлғада ұйымдастырушылық - өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық функциялардың бар-жоғын анықтау "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына ескертпелерде белгіленген ережелерге негізделуі керек.";

      6) 8-тармақта:

      "сәйкес," деген сөзден кейінгі "лауазымды тұлғаның" деген сөз алып тасталып, оның орнына "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның не соларға теңестірілген тұлғаның алғаш рет" деген сөздер жазылсын;

      "пайданы" деген сөзден кейін "сыйлық ретінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тәртіптік" деген сөзден кейін "немесе әкімшілік" деген сөз жазылсын;

      7) 9, 10 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      8) 11-тармақтағы "лауазымды" деген сөз алып тасталсын;

      9) 13-тармақта:

      бірінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      10) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаға жаза тағайындаған кезде оған мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындау туралы мәселені қарауы керек. Бұл ретте ҚК 51-бабына сәйкес, осындай тұлғаға оның меншігі болып табылатын мүлкін, сол сияқты қылмыстық жолмен алған не қылмыстық жолмен алған ақшаға сатып алынған, оның ішінде басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданылатынын назарға алу керек.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады