Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 273 Қаулысы

      "Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1297 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2008 жылғы 20 наурыздағы
                                                 N 273 қаулысымен
                                                    бекітілген

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен.

       Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін
     енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі
                      іс-шаралар жоспары

Р/с
N
Атауы Аяқталу
нысаны
Орын-
далу-
ына
жауап-
тылар
Орын-
дау
мер-
зімі
1 2 3 4 5

1.

Қазақстан Республикасы
Бюджет кодексі жобасының
тұжырымдамасын Қазақстан
Республикасының Үкіметі
жанындағы Заң жобалау
қызметі мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның қарауына
шығару

ВАК
отырысының
хаттамасы

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині

2008
жылғы
наурыз

2.

Пилоттық мемлекеттік
органдардың 2008-2010
жылдарға арналған
Стратегиялық даму
жоспарларын мақұлдау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
мәжілісі-
нің
хаттамасы

ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині

2008
жылғы
наурыз

3.

Мемлекеттік органдарды
дамытудың стратегиялық
жоспарларын әзірлеу
жөніндегі әдістемелік
ұсынымдарды әзірлеу
және мақұлдау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
мәжілісі-
нің
хаттамасы

ЭБЖМ

2008
жылғы
наурыз

4.

Макроэкономикалық
болжамдарды және
фискалдық саясаттың
негізгі параметрлерін
әзірлеу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарды
әзірлеу және мақұлдау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
мәжілісі-
нің
хаттамасы

ЭБЖМ

2008
жылғы
наурыз

5.

Мемлекеттік органдардың
мамандарын нәтижелерге
бағдарланған
мемлекеттік жоспарлау
әдістеріне оқыту

Семинария

ЭБЖМ

2008
жылғы
нау-
рыз-
сәуір

6.

Мемлекеттік органдардың
2009-2011 жылдарға
арналған Стратегиялық
даму жоспарларының
жобасын әзірлеу және
ЭБЖМ-нің қарауына
енгізу

Стратегия-
лық даму
жоспарла-
рының
жобалары

Орталық
мемле-
кеттік
орган-
дар

2008
жылғы
сәуір-
мамыр

7.

Мемлекеттік органдардың
Стратегиялық даму
жоспарларының атқарылуына
мониторинг және бағалау
жүргізу үшін қажетті
нысаналы көрсеткіштер
тізбесі бойынша
ұсыныстарды Қазақстан
Республикасы Статистика
агенттігіне ұсыну

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі-
не ұсыныс-
тар

Орталық
мемле-
кеттік
орган-
дар

2008
жылғы
сәуір-
мамыр

8.

2009-2013 жылдарға
арналған макроэкономикалық
болжамды және фискалдық
саясаттың негізгі
көрсеткіштерін әзірлеу
және мақұлдау (1-кезең)

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметі
мәжілісі-
нің
хаттамасы

ЭБЖМ

2008
жылғы
сәуір

9.

2008 жылдың бірінші
жарты жылдығындағы
Стратегиялық даму
жоспарлары мен пилоттық
мемлекеттік органдардың
бюджеттік бағдарламала-
рының іске асырылуын
бағалау

ЭБЖМ
қорытын-
дысы

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
ОҚО
әкім-
дігі

2008
жылғы
тамыз

10.

2008 жылдың бірінші
жарты жылдығындағы
Стратегиялық даму
жоспарлары мен пилоттық
мемлекеттік органдардың
бюджеттік бағдарламала-
рының іске асырылу
барысы туралы пилоттық
мемлекеттік органдардың
ақпарат және ЭБЖМ-нің
қорытындылар беруі

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
ОҚО
әкім-
дігі

2008
жылғы
тамыз

11.

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен)

12.

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен)

13.

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен)

14.

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен)

15.

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен)

16.

(алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.06 N 544 Қаулысымен)

17.

Ақпараттық технология-
ларды пайдалана отырып,
бюджетті қалыптастыру
рәсімдерін жетілдіру
және оларды бюджеттік
бағдарламалар әкімшіле-
рінің, бюджеттің
атқарылуы мен статистика
жөніндегі уәкілетті
органдардың ақпараттық
жүйелерімен біріктіру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Қаржы-
мині,
СА

2009
жылғы
қаңтар

18.

2008 жылдың қорытындылары
бойынша Стратегиялық даму
жоспарлары мен пилоттық
мемлекеттік органдардың
бюджеттік бағдарламала-
рының іске асырылуын
бағалау

ЭБЖМ
қорытын-
дылары

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
ОҚО
әкім-
дігі

2009
жылғы
сәуір

19.

2008 жылдың қорытындылары
бойынша Стратегиялық даму
жоспарлары мен пилоттық
мемлекеттік органдардың
бюджеттік бағдарламала-
рының, ЭБЖМ-нің оларға
қорытындыларымен қоса
іске асырылуы туралы
есепті жасау және ұсыну

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
есеп

ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
ОҚО
әкім-
дігі

2009
жылғы
сәуір

       Ескертпелер :
      * Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар меморандумдар жасаспайды.
      аббревиатуралар мен қысқарған сөздердің толық жазылуы:
      Пилоттық мемлекеттік органдар:
      Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ             - Қазақстан Республикасы Экономика және
                         бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ОҚО әкімдігі     - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
                         Денсаулық сақтау және Білім департаменттері
      ВАК              - Қазақстан Республикасының Үкіметі
                         жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері
                         жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады