Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 544 Қаулысы

      Бюджет процесін жетілдіру және нәтижеге бағдарланған бюджетті кезең-кезеңімен енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Орталық атқарушы органдар және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 15 қаңтарға дейін жылына 2 рет Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша 25 шілдеге және 30 қаңтарға дейін жылына 2 рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. "Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 273 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 8-жолдың 2-бағаны "(1-кезең)" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдар алынып тасталсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2008 жылғы 6 маусымдағы
                                                 N 544 қаулысымен
                                                    бекітілген

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен.

            Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу
                 жөніндегі іс-шаралар жоспары

N Іс-шаралар Аяқтау
нысаны
Жауапты
орындаушы
Орындалу
мерзімі
1 2 3 4 5
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру

1.

Орталық атқарушы
органдардың нәтижеге
бағдарланған мемлекет-
тік жоспарлау жүйесін
және бюджетті енгізу
жөніндегі іс-шаралар
жоспарларын бекітуі

Орталық
атқарушы
органдардың
бұйрықтары

Орталық
атқарушы
органдар

2008 жылғы
3-тоқсан

2.

Макроэкономикалық
болжам мен 2009 - 2013
жылдарға арналған
фискалдық саясаттың
негізгі параметрлерін
мақұлдау (2-кезең)

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
мәжілісінің
хаттамасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
мемлекеттік
органдар

2008 жылғы
3-тоқсан

3.

Орталық атқарушы
органдардың 2009 -
2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарла-
рын бекіту

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулылары

Орталық
атқарушы
органдар

2008 жылғы
4-тоқсан

4.

Жергілікті атқарушы
органдардың нәтижеге
бағдарланған мемлекет-
тік жоспарлау жүйесін
және бюджетті енгізу
жөніндегі іс-шаралар
жоспарларын бекітуі

Әкімдіктер-
дің қаулы-
лары

Жергілікті
атқарушы
органдар

2008 жылғы
3-тоқсан

5.

Өңірлердің 2010 - 2014 жылдарға" арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамдарын мақұлдау

Әкімдіктер отырыстарының хаттамалары

Жергілікті
атқарушы
органдар

2009 жылғы
3-тоқсан

6.

Жергілікті бюджеттер-
ден қаржыландырылатын
атқарушы органдардың
2010 - 2012 жылдарға
арналған стратегиялық
жоспарларын бекіту

Әкімдіктер-
дің қаулы-
лары

Жергілікті
атқарушы
органдар

2009 жылғы
4-тоқсан

7.

Орталық атқарушы
органдардың 2009 -
2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарла-
рын іске асыру туралы
есеп жасау және беру

ЭБЖМ-ге есеп

Орталық
атқарушы
органдар

2010 жылғы
1-тоқсан

8.

Орталық атқарушы
органдардың 2009 -
2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарла-
рын іске асыру туралы
2009 жылға ЭБЖМ-нің
ақпарат пен қорытын-
дылар беруі

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ

2010 жылғы
1-тоқсан

9.

Жергілікті бюджеттер-
ден қаржыландырылатын
атқарушы органдардың
2010 - 2012 жылдарға
арналған стратегиялық
жоспарларын іске асыру
туралы 2010 жылға есеп
жасау және беру

Әкімдікке есеп

Жергілікті
бюджеттер-
ден
қаржыланды-
рылатын
жергілікті
мемлекеттік
органдар

2011 жылғы
1-тоқсан

10.

Квазимемлекеттік сектор операцияларын
мемлекеттік қаржыларға
кіріктіру жөніндегі
ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині

2010 жылғы
1-тоқсан

2. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру

11.

Жаңа Бюджет кодексінің
жобасын әзірлеу

Қазақстан
Республикасы
Заңының
жобасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині,
Әділетмині,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008 жылғы
3-тоқсан

12.

2009 - 2011 жылдарға
арналған республикалық
бюджет туралы Заң
жобасын әзірлеу

Қазақстан
Республикасы
Заңының
жобасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008 жылғы
3-тоқсан

13.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

14.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

15.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

16.

Республикалық бюджетті
жоспарлаудың, орталық
мемлекеттік органдар
қызметінің нәтижелері
мониторингінің бірың-
ғай ақпараттық жүйесін
әзірлеу және енгізу

Бағдарлама-
лық өнім

ЭБЖМ

2008-2011
жылдар

3. Стратегиялық жоспарлауды мемлекеттік органдар
қызметінің операциялық деңгейіне көшіру жүйесін енгізу

17.

2009 жылға арналған
меморандумдарды
әзірлеу және оларды бекіту

Меморандум-
дар

Орталық
атқарушы
органдар

2009 жылғы
1-тоқсан

18.

Орталық атқарушы
органдардың 2009 жылға
арналған операциялық
жоспарларды әзірлеуі

Орталық
атқарушы
органдардың
бұйрықтары

Орталық
атқарушы
органдар

2009 жылғы
1-тоқсан

4. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі
мен қаржылық есептілігін жетілдіру

19.

ҚСҚЕХС-ны енгізу
мәселелері жөніндегі
жұмыс тобын құру

Бұйрық

Қаржымині
(жинақтау),
ЭБЖМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2008 жылғы
3-тоқсан

20.

Қазынашылық жүйесі
шеңберінде мемлекеттік
мекемелердің қаржысы
мен активтерін басқару
жөніндегі "Қазынашы-
лық-Клиент" бірыңғай
бағдарламалық өнімін
жасау

Бағдарлама-
лық өнім

Қаржымині

2009 жыл

21.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

22.

ҚСҚЕХС талаптарына
сәйкес келетін "Мемле-
кеттік мекемелердегі
бухгалтерлік есеп"
бағдарламалық өнімін
жасау

Бағдарлама-
лық өнім

Қаржымині

2011 жылғы
1-тоқсан

23.

Бюджеттік жоспарлау
органдарының бірыңғай
бағдарламалық өнімін
қазынашылықтың ақпа-
раттық жүйесімен
кіріктіру

Бағдарлама-
лық өнім

Қаржымині

2011 жыл

24.

Пилоттық мемлекеттік
органдарда ҚСҚЕХС-ке
сәйкес бухгалтерлік
есеп пен қаржылық
есептілік жүйесін
енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қаржымині

2012 жыл

25.

ҚСҚЕХС-қа мемлекеттік
мекемелердің маманда-
рын, сыртқы және ішкі
аудиторларды оқыту

Семинарлар

Қаржымині

2012 жыл

26.

Барлық мемлекеттік
мекемелерде ҚСЕСХС-ке
сәйкес бухгалтерлік
есеп пен қаржылық
есептілік жүйесін
енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қаржымині

2013 жылдан
бастап

5. Мемлекеттік органдар қызметінің мониторингі,
бақылау, аудиті және бағалау жүйесін енгізу

27.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

28.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

29.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.20. N 553 Қаулысымен

30.

Мемлекеттік органдар-
дың қызметін бағалау
жүйесін құру және
енгізу

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ЭБЖМ
(жинақтау),
мемлекеттік
органдар

2009 жылғы
3-тоқсан

31.

Ішкі бақылау қызметтерін құру (нығайту)

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақтау),
әкімдер,
мемлекеттік
органдар

2009-2010 жылдар

6. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізуді
қолдау (әлеуетті арттыру)

32.

Мемлекеттік органдар-
дың мамандарын нәти-
желерге бағдарланған
бюджеттеудің элемент-
теріне оқыту

Семинарлар

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині

2008-2009
жылдар

33.

Мемлекеттік қызметші-
лерді ынталандырудың
нәтижелілік көрсеткіш-
терге, лауазымдық
регламенттерге негіз-
делетін жүйесін қалып-
тастыру және енгізу
(нәтижелер бойынша
еңбекақы төлеу жүйесін
енгізу және т.б.)

Нормативтік құқықтық акт

ЭБЖМ
(жинақтау),
МҚА
(келісім
бойынша)

2009 жылғы
3-тоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ            - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                  жоспарлау министрлігі
Қаржымині       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚА             - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                  агенттігі
ЕК              - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын
                  есеп комитеті
Әділетмині      - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚСҚЕХС          - қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіліктің
                  халықаралық стандарттары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады