"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) 2008 жылы Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 169318000 (бір жүз алпыс тоғыз миллион үш жүз он сегіз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.27.
N 1092
Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов