Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ЖОБА
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне концессия мәселелері бойынша толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексіне
(Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N№11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,
N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102-құжат, N 14, 105-құжат; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат):
1) 423-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "отандық және шетелдік автокөлік" деген сөздердің алдынан "концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат):
1) 4-баптың 1-тармақшасы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
"32-1) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессиялық шартқа сәйкес концессиялық міндеттемелерді қаржыландыру үшін бюджеттік қаржыны бөлу";
2) 50-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерін орындау";
3) 51-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын:
"жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау";
4) 52-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау";
5) 60-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"2-1) концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады;";
6) 61-баптың 16) тармақшасы "міндеттемелердің" деген сөзден кейін "жасалған концессиялық шарттар бойынша концеденттің қаржылық міндеттемелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 64-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) коммуналдық меншікке жататын объектілерді концессияға береді;";
8) 73-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесі.";
9) 74-баптың 2-тармағы мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесі";
10) 76-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды," деген сөздермен толықтырылсын;
11) 77-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 147-баптың 1-тармақшасы "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 148-баптың 2-тармақшасы:
бірінші және екінші абзацтар "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) және 3) тармақшалары "тізбесінің, тізбесін" деген сөздер "тізбелерінің, тізбелерін" деген сөздермен ауыстырылсын, "жобаларды (бағдарламаларды)" деген сөздерден кейін ", қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 150-1 және 150-2 баптармен толықтырылсын:
"150-1-бап. Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық
жобалардың тізбесін қалыптастыру
1. Мыналар:
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің болуы;
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
жобаны жұмыс істеп тұрған республикалық меншік объектілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
бюджет комиссиясының оң шешімі.
2. Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";
"150-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемесін қалыптастыру және сараптама жүргізу
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін қалыптастыру және сараптама жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен тиісінше экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі.";
15) мынадай мазмұндағы 152-1-баппен толықтырылсын:
"152-1-бап. Бюджеттік инвестицияларды концессиялық жобаларды
қоса қаржыландыру арқылы іске асыру
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестициялар концессиялық шарт негізінде іске асырылады.
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру концессиялық міндеттемелер шегінде әкімшінің тиісті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.";
16) 191-бап:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) концессиялық міндеттеме - концеденттің жасалған концессиялық шарттары бойынша белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелерінің сомасы;";
14) тармақшасы "қарыздарының" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшасы "қарыздардың" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
21) тармақшасы "орындауы" деген сөзден кейін ", концессиялық міндеттемелерге ақы төлеуі;" деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақшасы "мемлекеттік қарыздар" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің"
деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
"29) концеденттің міндеттемесі - мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын түрлері шеңберінде концессиялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдардың концессионер алдында қабылдаған міндеттемелері;";
17) 194-бапта:
1-тармақта "қарыздардың" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
3-4-тармақтардағы "қарыз беруші - " деген сөздер алып тасталсын;
18) 195-баптың 4-тармағындағы "борышқа қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелеріне ақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 196-бапта:
1) тармақшасы "кепілдіктерді ұсынудың" деген сөздерден кейін ", концессиялық міндеттемелер қабылдаудың" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша:
"тіркеуді" деген сөздің алдынан ", концессиялық міндеттемелерді" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", концессиялық міндеттемелерді орындау" деген сөздермен толықтырылсын.
20) 45-1 және 45-2-тараулармен толықтырылсын:
"45-1-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелері
204-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық
міндеттемелер қабылдауы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы:
1) концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шекарасын және басымдықтарын бекіту негізінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауын жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
204-3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық
міндеттемелерін орындауы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауын тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
45-2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелері
204-4-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелерді қабылдауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы:
1) концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шекарасын және басымдықтарын бекіту негізінде жүзеге асырылады.
2. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
204-5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелер қабылдауды шектеулері
Жергілікті атқару органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті бюджет қаржысы көлемімен шектеледі.".
3. "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 14, 89-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 16, 129-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасындағы "сапасы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін басқа жолмен баламалы түрде ақысыз жүру міндетті болатын," деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-баптың 2) тармағындағы "сапасы нормативтік актілерде белгіленген мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін баламалы тегін жол жүрудің болуы," және "ақылы" деген сөздер алып тасталынсын;
3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Концессияға берілген автомобиль жолдарын
пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер
1. Концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақыдан мыналар босатылады:
1) жедел медициналық көмектің көлік құралдары;
2) өртке қарсы құралымдардың көлік құралдары;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың көлік құралдары;
4) концессия шартына сәйкес өзге де көлік құралдары.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары азаматтардың жекелеген санаттарына концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін".
4) 11-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) концессияға берілген халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарының учаскелері және (немесе) көпірлі өткелдерімен жүріп өту үшін төлемақының ең жоғары ставкаларын бекіту";
5) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) концессияға берілген облыстық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарының учаскелері және (немесе) көпірлі өткелдері бойынша жүріп өту үшін төлемақының ең жоғары ставкаларын бекіту.".
4. "Концессиялар туралы" 2007 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 88-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) концессия - жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында концессия шарты бойынша концессионерге мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иелену және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды ұсына отырып не онсыз, концессионер міндетті түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып жаңа объектілер құру (салу) құқықтарын беру;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым - концессия мәселелері бойынша қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым.";
2) 3-бап "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) еркін бәсекелестікке;
5) барлық әлеуетті концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге";
3) 5-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтағы "концеденттің алдын ала жазбаша келісімінсіз" деген сөздер алып тасталсын;
4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу
көздері
1. Концессионердің шығындары концессия шартын орындауға байланысты өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және концессия объектілерін пайдалану процесінде кірістер алу жолымен өтелуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессионер өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдалануға жеңілдіктер белгілеген жағдайда, мемлекет атынан Үкімет немесе тиісті жергілікті атқарушы органдар осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушы болады.
3. Мемлекет бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарына өтемақы ұсына алады.";
5) 8-бап мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады;
8) концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізбесін бекітеді.";
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның өкілеттіктері
Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) мыналарды:
ұсыныстарға талдау және сараптау;
техникалық-экономикалық негіздемені бағалау және экономикалық сараптау;
концессия бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық жобаларға талдау және сараптау жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) республикалық меншікке жататын, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік, мемлекеттің кепілгерлігін беруді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауын көздейтін не республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды талап ететін концессия объектілері бойынша конкурстық құжаттаманы келіседі;
4) концессиялық жобаларды іске асырудың мониторингін жүзеге асырады.";
7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органның өкілеттіліктері
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) тізбені келіседі;
2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келіседі;
3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттік кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді.";
8) 11-бапта:
1) тармақшадағы "тізбеге енгізу үшін" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) концессия шарттарының негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
7) республикалық меншікке жататын объектілер бойынша концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымды тартады;
8) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.";
9) 12-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады.";
10) 13-бапта:
1) тармақшадағы "коммуналдық меншікке" деген сөздер "тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
9) коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымды тартады;
10) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша бұрын жасалған концессия шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, концессионерді таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу жолымен жаңа концессионерлерді тартуды ұйымдастырады.";
11) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру - концессия шартына сәйкес концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
6) егер концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, мемлекеттің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдігі;
7) концессионердің концессия шартында көзделген мерзімде және концессия шартының қолданылу кезеңінде оларға белгіленген көлемде инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеу.";
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "концессиялық жобаның өз" деген сөздер "объектілердің концессия шарты шеңберінде концессионер қаражаты есебінен объектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бюджетті атқару" деген сөздер "экономикалық жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 15-бапта:
бірінші абзацтағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"ұсыныстарды дайындау және іріктеу;";
13) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1 бап. Ұсыныстарды дайындау және іріктеу
1. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, мынадай бағалауды қоса алғанда, салалық сараптамаға негізделе отырып, жеке немесе заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады:
саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемалары;
жоба мақсаттарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларда, республиканың немесе өңірдің даму жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына сәйкестігін, сондай-ақ саладағы қазіргі бар проблемаларды шешу;
жоба мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқалары;
жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуал;
жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлу.
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
3. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға табыс етеді.
4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде бюджет заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады.";
14) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Тізбені қалыптастыру
1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға тиіс.
2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады:
1) мемлекеттік меншіктің жұмыс істеп тұрған объектілерін концессияға беру жөніндегі жобалар;
2) құрылысы мен пайдаланылуы концессия шартының негізінде жүзеге асырылатын объектілерді концессияға беру жөніндегі жобалар.
3. Тізбені техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалдық саясатына, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастырады.";
15) 17-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "техникалық ерекшеліктерді" деген сөздердің алдынан "техникалық-экономикалық негіздеме," деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша "конкурстық құжаттаманы" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) осы жоба үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал түрлері мен жол берілетін көлемдері;";
14) тармақшадағы "рәсімдерді" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) концессия объектісін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және мұндай жеңілдіктер беру кезіндегі шарттарды";
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қайта конкурс өткізген кезде ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс";
4-тармақта:
бірінші абзацтағы "жиырма күннен кешіктірмей" деген сөздерден кейін ", ал қайта конкурс өткізу кезінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "күнге" деген сөзден кейін ", ал қайта конкурс кезінде кемінде күнтізбелік он бес күнге" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 18-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) іске асыруға ұсынылған жобаның құнына қатысты кемінде 20 пайызын құрайтын меншікті капиталы болуы тиіс";
2-тармақта:
екінші абзац "аудиторлық есепті де" деген сөздерден кейін "немесе өткен қаржы жылындағы аудиторлық есепті де" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер концессионердің мемлекеттік кепілдік алған жағдайда, аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылының немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуы керек.";
17) 19-баптың 3-тармағындағы "қамтуға тиіс" деген сөздер ", конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралыны қамытуға тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы ақпаратты міндетті түрде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарында ашық конкурсты өткізу күніне дейін 60 күн бұрын, қайта конкурсты өткізу кезінде 30 күн бұрын жариялайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 20-бапта:
1-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәуелсіз сарапшыларды" деген сөздер "концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "конкурсты ұйымдастырушы" деген сөздер "Комиссия концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның қорытындысын ескере отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "табыс етілген конкурстық өтінімдердің арасынан" деген сөздер "концессионерді таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу жолымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 21-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) концессионердің шығындарын өтеу мен кірістерін алу көздері;";
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы "мерзімдері" деген сөзден кейін ", көздері" деген сөзбен толықтырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау ұсынылған жағдайда, оның түрлерін, көлемін, мерзімдері мен ұсыну шарттарын қамтуға тиіс";
17) тармақшадағы "қамтуға тиіс" деген сөздердің алдынан "," белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) концессия объектілерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі жеңілдіктерді және егер бұл концессиялық жобаның ажырамас бөлігі болып табылса, мұндай жеңілдіктер ұсынылатын кездегі шарттарды".
2-бап.
Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті