"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Кеден қызметін дамыту жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 мамырдағы N 494 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Кеден қызметін дамыту жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                                              Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру
және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді
(Кеден қызметін дамыту жобасы) ратификациялау туралы

       2008 жылғы 2 ақпанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Кеден қызметін   дамыту жобасы) ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 4874-КZ  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Кеден қызметін дамыту жобасы)

2008 жылғы 2 ақпан

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 4874-КZ  

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      2008 жылғы 2 ақпандағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ (Банк) арасындағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01.   Жалпы шарттар (осы Келісімнің қосымшада анықталғандай) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер контекстте өзгеше мағына болмаса, Қарыз туралы келісімде бас әріптен жазылып қолданылатын терминдер, Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада өздеріне бекітілген мағынаны білдіреді.

ІІ БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға он сегіз миллион бес жүз мың АҚШ долларына тең (18 500 000 АҚШ доллары) (Қарыз) соманы осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімге және шарттармен, осы Келісімнің 1-қосымшасында сипатталған жобаны (Жоба) қаржыландыруды қолдау үшін беруге келіседі.
      2.02. Қарыз алушы осы Келісімнің 2-қосымшасының IV бөліміне сәйкес Қарыз қаражатын алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы Банкке Қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасынан бір процентінің төрттен біріне (0,25 %) тең комиссия төлейді. Қарыз алушы қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін комиссияны күшіне енген күннен кейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған процент есептеудің әр кезеңіне құбылмалы спрэдті қосқанға тең ставка бойынша процент төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыз бойынша Алынған теңгерімнің кез келген бөлігі уақтылы төленбей қалған және 30 күннің ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін процент Жалпы ережелердің 3.02 (d) бөлімінде келтірілгендей болып есептелуі тиіс.
      2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
      2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.

ІІІ БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын жақтайтынын мәлімдейді және осы мақсатпен Жалпы шарттардың 5-бабының ережелеріне сәйкес Жобаны КБК арқылы жүзеге асырады;
      3.02. Егер Банкпен және осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерінде қамтылған шектеулер өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН ЖОЮ

      4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мыналарды қамтиды:
      (а) Қарыз алушы құрамы, ресурстары және техникалық тапсырмасы Банкке жарамды Жоба бойынша Байқау комитетін құрады. P090358
      (б) Қарыз алушы Банк үшін жарамды Іске асыру жөніндегі басшылықты қабылдайтын болады.
      4.02. Осы келісімге қол қойылған күннен бастап жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі күн күшіне енудің соңғы күні болып табылады.

V БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ

      5.01. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.

      5.02. Қарыз алушының мекен-жайы:
            Қаржы министрлігі
            Жеңіс даңғылы, 11
            Астана, 010000
            Қазақстан Республикасы
            Телекс: 265126 (FILIN) Факс: (7) (3172) 717785
      5.03 Банктің мекен-жайы:
           International Bank for Reconstruction and Development
           1818 H Street, N.W.
           Washington, D.C. 20433
           United States of America
           Телеграф:            Телекс:           Факс:
           INBAFRAD         248423 (MCI) немесе   1-(202) 477-6391
           Washington, D.C.  64145 (MCI)
      Жоғарыда көрсетілген күнде және жылда Қазақстан Республикасының Астана қаласында КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл

1-ҚОСЫМША

Жобаның сипаттамасы

      Ұсынылып отырған Жобаның мақсаты: (і) елдің әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуы, инвестициялық ахуалды жақсарту және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін халықаралық сауда ағымдарын кеден органдарының жедел өңдеуі бойынша дүниежүзінде танылған озық тәжірибені енгізу, (іі) салық төлеушілердің  Кеден кодексінің талаптарын сақтауын жақсарту және осының салдары ретінде кірістердің жиналуын арттыру, сондай-ақ (ііі) сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін қысқарту және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін барынша түсінікті болуы үшін кедендік операциялардың ашықтығын қолдау үшін КБК-ның тиімділігін, өндірушілігін және есептілігін арттыруда қамтылған.

      Жоба мынадай бөлімдерден тұрады:

I бөлім Институционалдық дамыту, басқару және адам ресурстары

      (а) КБК-ның ұйымдастырушылық құрылымына шолу жүргізу; (b) стратегиялық жоспарлау бөлімін құруға ықпал ету үшін КБК-ның стратегиялық жоспарлау әдістемесіне шолу жүргізу; (с) қызмет көрсетулердің стандарттарын әзірлеу, ұйым жұмысының тиімділігіне шолу жүргізу, басқарудың жедел орталығын және басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамытуды қоса алғанда қазіргі заманғы ақпараттық жүйені құру; (d) қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің шеңберінде сатылмаушылықты дамытудың Мемлекеттік жоспарына шолу жүргізу, қайта құру, әзірлеу және іске асыру; (е) қызметтік жетістіктерді есептеуге негізделген кадрларды басқару жүйесін енгізуді қоса алғанда кадрларды басқару стратегиясын әзірлеу және енгізу; (f) оқытудың кешенді стратегиясын және оқу жоспарларын әзірлеу; (g) өзгерістерді кешенді басқару және үнемі жетілдіру стратегиясын дайындау; және (һ) шығыстарды есептеуге негізделген және кедендік қызметтерді көрсету, қаржылық басқару рәсімдері мен ең жақсы халықаралық тәжірибеге жататын рәсімдерді жетілдіруге арналған шығыстардың мониторингін жүргізу үшін арналған қаржылық басқару тетіктерін енгізу мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.

II бөлім Кеден операциялары

      (а) көлік құралдары мен тауарлардың қозғалысын реттейтін заңнамаға талдауды жүргізу, сондай-ақ қолданыстағы заңдарды негізгі халықаралық құжаттар мен ең жақсы тәжірибеге сәйкес келтіру, сондай-ақ жаңа жүйелер мен рәсімдерді қолдау үшін арналған заңдарға түзетулерді дайындау; (b) халықаралық сауданы реттеуге қатысатын кеден қызметі мен басқа ведомстволар арасындағы жұмысты үйлестіруді жақсартуға арналған заңдар мен нұсқауларды талдау мен қабылдауды жүргізу, сондай-ақ тарифтер, құқықтық мәселелер және бірыңғай тариф жүйесін жасау мен қолдау және құжат айналымының электронды жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін жүйелерді әзірлеу жөніндегі мамандармен қамтылған арнайы бөлімшені құру; (с) жүктерді бақылау мен декларацияларды өңдеудің жаңа режимін енгізуді қолдау; (d) посткедендік тексеру және аудиттің соңғы функцияларын нығайту; (е) оқытуды жүргізу, жабдықтарды сатып алу, ақпаратты жинақтау саласында мүмкіндіктерді жасау, контрабандаға зерттеулер және күрес жүргізу, сондай-ақ ақпарат алмасуды жетілдіру арқылы құқық қолдану және шекаралық бақылау функцияларын күшейту; (f) бақылау мен құқық қолданудың кешенді стратегиясын әзірлеу мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.

III бөлім Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

      (а) АКТ жүйелерін жоспарлау мен басқару, сондай-ақ ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды қызметке қабылдау мен ұстап қалу стратегиясын іске асыру саласында КБК-ның ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту; (b) интеграцияланған АКТ жүйелерін әзірлеу және жетілдіру; және (с) деректерді мұрағаттау, сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.

IV бөлім Бағдарламаларды басқару

      Тауарларды ұсыну, оқытуды жүргізу және Жобаны үйлестіруді, іске асыруды және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында КБК-ның пайдалану шығыстарын төлеу.

2 ҚОСЫМША

Жобаны орындау

І-Тарау. Институционалдық тетіктер

       А. Институционалдық тетіктер

      Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа да келісімдерге сәйкес іске асыруы тиіс:
      1. Қарыз алушы КБК арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыру тиіс, Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың қандайда бір ережелеріне Банктің алдын ала бекітуінсіз бермеуі, өзгерістер енгізбеуі, күшін жоюы немесе бас тартпауы тиіс.
      2. ЖБК Жобаны қадағалау, саяси басқару, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес ведомствоаралық рәсімдерге толық жауапкершілікте болады.
      3. Жобаны іске асырудың барлық мерзімінде Қарыз алушы ЖБК-ның құрамы, ресурстары және техникалық тапсырмасы Банк үшін қолайлы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
      4. Қарыз алушы Жоба аяқталғанға дейін, КБК Жоба бойынша іске асыру, қаржылық басқару және сатып алулар үшін тиісті ұйымдастырушылық құрамды қоса алғанда Банк үшін қолайлы болатын Жобаны басқару мен іске асыруға қажетті қызметкерлерді, консультанттарды, қаржыларды және   басқа ресурстарды тарта отырып тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
      5. Жоба бойынша жалпы сома мынадай нысанда қаржыландырылуы тиіс: 30 % Қарыз сомасы және 70% Қарыз алушының жеке салымы есебінен. Жобаға Қарыз алушының салымын қаржыландыру үшін қажетті ақша қаражатының болуын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы КБК-ға тиісті бюджет қаражаттарын жыл сайын бөліп тұру қажет.

      В. Орта мерзімдік шолу

      1. Қарыз алушы 2010 жылғы 30 маусымда немесе одан жақын күні Қаржы министрлігі және КБК арқылы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген прогреске Орта мерзімдік шолу (бұдан әрі - "Орта мерзімдік шолу") жүргізу керек. Орта мерзімдік шолу өзгелермен қатар мыналарды сипаттау қажет:
      (а) жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс; және
      (b) жобаның тиімділік индикаторларымен салыстыру бойынша жобаны іске асырудың жалпы нәтижелері.
      2. Қарыз алушы, КБК арқылы Орта мерзімдік шолуға дейін кем дегенде 4 (төрт) апта бұрын Банкке Жобаның әр компонентін іске асыру барысының сипаттамасы мен жеке есепті және Жобаны іске асыру бойынша қысқаша жалпы есепті ұсыну қажет.

II-Тарау. Жобаның мониторингі, есеп пен бағалау

       А. Жоба бойынша есептер.

      1. Қарыз алушы Жобаның іске асуын қадағалау мен бағалауды, сонымен қатар Жоба бойынша есептерді Жалпы шарттардың 5.08 тарауының талаптарына сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде дайындайды. Жоба бойынша есеп бір календарлық тоқсанды қамтып, есепте қамтылған мерзімнен қырық бес (45) күннен қалмай өткізіліп отыруы тиіс.
      2. Жалпы шарттардың 5.08 (с) тарауының талаптарын орындау мақсатында Жобаның іске асуы туралы есеп пен осы Тарауға қатысты тиісті жоспар жоба жабылғаннан кейін (6) алты ай мерзімнен кешіктірілмей Банкке берілуі тиіс.

        Б. Қаржылық басқару, қаржылық есеп пен аудит.

      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 тарауының талаптарына сәйкес қаржылық басқаруды жүргізуге немесе қадағалауға міндетті.
      2. Қарыз алушы осы Тараудың А Бөлігінің ережелерін шектемей, әр календарлық тоқсан аяқталғаннан кейін 45 күннен қалдырмай осы тоқсан бойынша аралық және аудит тексермеген, нысаны мен мазмұнын Банк қаржылық есебін Банкке өткізуі тиіс.
      3. Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігін аудиттік тексеруді Жалпы шарттардың 5.09 (6) Тарауының талаптарына сәйкес өткізуге міндетті. Қаржылық есеп берушіліктің әр аудиті Қарыз алушының бір (1) қаржылық жыл мерзімін қамтуы тиіс. Осындай әр мерзімнің аудитор тексерген қаржылық есебі әр осындай мерзім аяқталғаннан кейінгі алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке өткізілуі тиіс.

III-Тарау. Сатып алу.

       А. Жалпы ережелер

       1. Тауарлар.  Жобаға қажетті барлық тауарлар Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1-Тарауында көрсетілген талаптарға немесе сілтемелері осы Тарауда көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2.  Кеңесшілер қызметі.  Кеңесшілердің Жобаға қажетті барлық қызметі "Дүниежүзілік банктен қарыз алушылардың консультанттарды іріктеу және жалға алу" (Консультанттар жөніндегі нұсқау) туралы нұсқаудың I және ІУ-Тарауында көрсетілген талаптар немесе сілтемелер осы Тарауда көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3.  Анықтамалар.  Осы Тарауда қолданылған бас әріптерден басталатын сатып алудың белгілі әдістері немесе Банктің белгілі келісім-шарттарды қарау әдістері туралы түсініктер, нақты жағдайға байланысты, олардың Сатып алу жөніндегі нұсқауы мен Консультанттар жөніндегі нұсқауындағы анықтамаларына сай келеді.

      Б. Тауарларды сатып алудың жекелеген әдістері

      1. Халықаралық бәсекелестік сауда.  Төмендегі 2-тармақта өзгеше көрсетілмеген жағдайда тауарларды сатып алу Халықаралық бәсекелестік сауда рәсімдеріне сәйкес келісім-шарттар бойынша не Сатып алу жөніндегі нұсқаудың II-Тарауында жасалған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алудың өзге де әдістері.  Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық саудалардан басқа тауарларға қатысты пайдалануға болатын сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алулар жоспары осындай немесе өзге де әдістерді қолданған жағдайларды қамтуы тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) осы 2-Кестеге толықтыруда сәйкес ұлттық конкурстық саудалар
белгіленген қосымша ережелерге

(б) Сауда желісінде сатып алулар

       В. Консультанттардың қызмет көрсетулерін сатып алудың жеке әдістері

      1. Сапа және құн бойынша іріктеу.  Төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген жағдайда консультациялық қызмет көрсетулерді сатып алу сапа мен құнды ескере отырып бағалау негізінде берілген келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Консультанттардың қызмет көрсетулерін сатып алудың өзге де әдістері.  Төмендегі кестеде сапа мен құн негізінде іріктеуді қоспағанда, консультанттардың қызмет көрсетулеріне қатысты пайдаланыла алатын сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспары осындай немесе өзге де әдіс пайдаланылған жағдайларды қамтуы тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу

(б) Жеке консультанттарды іріктеу бойынша консультанттар
жөніндегі нұсқаудың 5.2 және 5.3 параграфтарында белгіленген
рәсімдер

       Г. Банктің Сатып алу бойынша шешімдерді қарастыруы.

      Сатып алулар жоспары Банктің алдын-ала қарауына жататын келісім-шарттарды көрсетуі керек. Барлық өзге де келісім-шарттар Банктің келесі қарауына жатады.

IV-Тарау. Шоттан Қарыз қаражатын алу.

       А. Жалпы ережелер.

      1. Қарыз алушы Қарызды осы Тараудың Жалпы шарттарының ІІ-бабының ережелеріне және Қарыз алушыға Банк берген хабарламасында көрсетілген қосымша нұсқауларға сәйкес (тұрақты негізде қайта қарастырылатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамыр айындағы "Дүниежүзілік Банктің жобалардың қаражаттарын игеру жөніндегі нұсқауды" қоса алғанда) төмендегі 2-тармақтың кестесінде көрсетілгендей Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын Құқылы шығыстар санаттары ("Санаттар") белгіленген, әр Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомалары және әр Санат бойынша Құқылы шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталады.

Санат

Қарыздан бөлінген
сома (доллар
эквивалентімен)

Қаржыландыруға
жататын шығ ыстарды ң
үлесі

(1) Тауарлар

12 150 000

32%

(2)Консультанттардың
қызмет көрсетулері
мен оқыту

6 350 000

33%

БАРЛЫҒЫ

18 500 000


         Б. Алу шарты; шығару кезеңі.

      1. Осы Тараудың А бөлімінің ережелеріне қарамастан, қаржы мына жағдайларда алынбайды:
      (а) Банк қарыз қаражатын резервтегені үшін комиссияның толық төлемін Қарыз алушыдан алмағанша;
      (б) осы Келісімге қол қойылған күніне дейін жүргізілген төлемдер үшін.
      2. Қарыздың аяқталу мерзімі 2012 жылғы 31 желтоқсан.

2-қосымшаға толықтырулар

      Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберінде жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:

       А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы

      Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар саудаға тек өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми түрде растай алатын жағдайда, коммерциялық құқық негізінде әрекет ететін болса және байланыстық ведомствоның мекемесінен тәуелді болмаған жағдайда ғана қатыса алады. Бұған қоса, оларға өтінімдерге және тиімді сенімділікке қатысты басқа ізденушілерге қойылатын талаптар қойылады.

       Б. Конкурстық құжаттар.

      Сатып алумен айналысатын мекемелер Банкке қолайлы тауарларды сатып алу үшін конкурстық құжаттаманың стандарттық пакетін пайдалануы тиіс.

       В. Өтінімдерді ашу және бағалау.

      (а) Өтінімдерді ашу көпшілік алдында өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталған кезден кешікпей өтеді;
      (б) Өтінімдерді бағалау міндетті түрде конкурстық құжаттарда көрсетілген монетарлық есептелетін өлшемдерге сәйкес өтуі тиіс;
      (в) Отандық қызмет жеткізушілерін талғау қағидасы қолданылмауы тиіс;
      (г) Келісім-шарт барлық талаптарға барынша сәйкес келетін және ең аз бағалық құны бар өтінімді ұсынған ізденушіге беріледі, бұл ретте келіссөздер көзделмейді.

       Г. Бағаны түзету.

      Ұзақ уақытқа (мысалы, 18 айдан аса уақытқа) есептелген құрылыс жұмысына арналған Келісім-шарттар бағаны түзету туралы тиісті ережелерді қамтуы тиіс.

       Д. Сауда процесінің күшін жою

      Банктің алдын-ала келісімінсіз тендер өткізілді деп есептелмейді және жаңа өтінімдерді қабылдау жүзеге аспайды.

       Е. Жеке өтінімдерді қабылдамау

      Әрбір жеке тапсырыс тек қана мынадай жағдайда қабылданбауы мүмкін:
      (а) егер ізденуші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      (б) ізденуші сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы ұсынған конкурстық өтініштегі арифметикалық қателерді түзетуді қабылдамаса; және
      (в) ізденуші тендерлік құжат талаптарына сәйкес келмесе.

3-ҚОСЫМША

Амортизация кестесі

    Негізгі қарызды төлеу күні      Қарыздың негізгі сомасын өтеу
                                           ( АҚШ долларымен )

    Әр жылдың 15 қаңтары мен
          15 шілдесі
    2013 жылғы 15 шілдеден
             бастап
    2023 жылғы 15 қаңтардан
             бастап                              925 000

ТОЛЫҚТЫРУ

       I тарау. Анықтамалар

      1. "Санат" - осы Келісімнің 4-Қосымшасы IV-Тараудың кестесінде көрсетілген санат.
      2. "КБК" Қаржы министріне бағынатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қарыз алушыны білдіреді.
      3. "Консультанттар жөніндегі нұсқау" - Банк 2004 жылы жариялаған "Нұсқау: Дүниежүзілік банктен қарыз алушылардың консультанттарды іріктеу және жалға алу".
      4. "Жалпы шарттар" - 2005 жылғы 1-шілдедегі "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (ХКҚДБ) қарыздарына арналған жалпы шарттар" (осы Қосымшаның ІІ-Тарауында берілген түзетулерді қоса)
      5. "Қаржы министрлігі" - Қарыз алушының немесе оның кез келген құқықтық мердігерінің немесе мердігерлерінің Қаржы министрлігі.
      6. "Операциялық шығыстар" - персоналдың жалақысын, консультациялық қызмет көрсетулерге, конференцияларға, сынақтар мен семинарларға арналған шығыстарды, Жоба бойынша ақпаратты таратуды, кеңселерді жалдау мен коммуналдық қызметтерге төлемдерді, сақтандыру, кеңсе мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу, техникалық қызмет көрсету мен көлік құралдарды жөндеуді, көліктік шығыстарды, күзет пен байланысты қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, банктік операциялар бойынша шығыстарды және Банк үшін қолайлы кезеңдік бюджеттерге сәйкес Жобаны іске асыруға тікелей байланысты басқа да шығындарды қоса алғанда Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингіне байланысты КБК-ның операциялық шығыстары.
      7. "Іске асыру жөніндегі нұсқау" - Банк үшін қолайлы және Қарыз алушы Жобаны іске асыру рәсімдері сипатталған, осы Келісімнің, Қарыз алушының заңнамалық және нормативтік-құқықтық ережелеріне қайшы келмейтін осы Келісімнің 4.01 (б) Тарауына сәйкес қабылдайтын және өзгелерден басқа: (і) әкімшілдендіру процестерін басқару, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық басқару, мониторинг және бағалау тетіктерін; (іі) жылдық есептердің үлгілік нысандарын қамтитын нұсқау; оның ішіне Банктің келісімімен мезгіл сайын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      8. "Сатып алу жөніндегі нұсқау" - 2004 жылдың мамыр айында Банк жариялаған "ХҚҚДБ қарызы мен ХДҚ несиесі шеңберінде сатып алу туралы нұсқау".
      9. "Сатып алу жоспары" - Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 1.24-тармағында сілтеме жасалған Қарыз алушының 2006 жылғы қыркүйектен бастап Жоба үшін сатып алу жоспары, сонымен бірге ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес жаңартуға жатады.
      10. "ЖБК" Қарыз алушы осы Келісімнің 4.01 (а) Тарауына сәйкес құрған және Жобаны қадағалауға, саяси басқару мен ведомствоаралық үйлестіруге жауап беретін Жоба бойынша Байқау комитеті. Ол жылына екі реттен кем емес өткізілуі тиіс және Қарыз алушының Қаржы министрлігінің немесе оның уәкілетті өкілінің төрағалығымен өткізуі тиіс. Комитет мыналарды қамтуы тиіс: (і) КБК Төрағасы және оның уәкілетті өкілі; (іі) Қарыз алушының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілі; (ііі) мемлекеттік шекарада бақылау функцияларын жүзеге асыруға жауап беретін мемлекеттік органдарының өкілдері; және (V) кеден брокерлері сияқты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өкілдері.
      11. "Оқыту" Жобаға байланысты сынақты, оқыту курстарын, семинарларды, практикалық сабақтарды және оқыту материалдарын, үй-жайлар мен құрал-жабдықтарды жалға алуға арналған шығындарды қоса алғанда тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған шығындарды қоса алғанда тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған келісім-шарттарға енгізілмеген оқытудың басқа да іс-шараларын білдіреді.

ІІ-Тарау. Негізгі шарттарға түзетулер

      Негізгі шарттарға мынадай түзетулер енгізілген:
      1. 3.01. Тарау былай оқылады:
      "3.01. Тарау. Бір реттік комиссиялық сыйақы. Қарыз алушы Банкке Қарыз Келісімінде көрсетілген мөлшерде Қарыз сомасына бір реттік комиссиялық сыйақы төлеуге міндеттенеді. ("Бір реттік комиссиялық сыйақы").
      2. 3.02 "Пайыздар" Тарауына (d) жаңа тармағы енгізілген:
      "(d) осы Тараудың (а) тармағының шарттарына байланыссыз, егер қарыздың алынған кез келген сомасы уақтылы төленбесе және төлем отыз күнге кешіктірілсе, Қарыз алушы кешіктірілген сома толығымен төленгенге дейін Қарыз Келісімінде көрсетілген пайыздық ставка (немесе Конверсия нәтижесінде ІV-бабына сәйкес басқа пайыздық ставка) орнына кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставканы төлеуге міндеттенеді. Айыптық ставкаға пайыздар әр кешіктірілген төлемге пайызды есептеу кезеңінің бірінші күнінен бастап есептелетін болады және Төлемнің әр Күніне берешектер бойынша жартыжылдық төлемге жатады."
      3. "Дефиниции" қосымшасы мынадай тәртіппен өзгертілген:
      (а)  19 "Міндеттеме үшін Комиссиялық" 19-тармақ алынып  тасталған және келесі параграфтар тиісті түрде нөмірленген.
      (b)  Қосымшаға 27, 28, 29 және 30-тармақтар қосылған :
      "27. "Кешіктірілген төлем үшін пайызды есептеу кезеңі" қарыздың алынған қалдығының әр кешіктірілген сомасына осындай кешіктірілген сома төленбей қалған әр кешіктірілген сомасы уақытында әр пайызды есептеу кезеңі; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бірінші кезеңі төлем кешіктірілген күннен кейін 31 күні басталады және кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің соңғы кезеңі кешіктірілген сома толығымен төленген күні тоқтатылады деген шарттар орындалғанда."
      28. "Кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка" кешіктірілген Төлем үшін пайызды есептеудің әр кезеңі үшін мыналарды білдіреді:
      (а) Бағалардың құбылмалы айырмашылығы бар Қарыз үшін: ЛИБОР дефолтқа бағалардың құбылмалы айырмашылығын қосу және пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0.5 %);
      (b) кешіктірілген Төлем үшін пайыздық ставка қолданылғанға дейін тез арада пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша төленуі тиіс кешіктірілген төлем үшін пайызды есептеу кезеңі жататын қарыз қалдығының сомасына пайызы Бекітілген Қарыз жағдайда: пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолтқа пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0.5 %);
      (с) Бекітілген Қарыз жағдайында - кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеу кезеңі жататын қарыздың қалдығы сомасына пайызы пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка қолданылғанға дейін тез арада төленуі тиіс: ЛИБОР дефолтына бекітілген бөліп-бөліп төлеуді қосу және пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0.5 %);
      29. "ЛИБОР дефолты" пайыздарды есептеудің тиісті кезеңі үшін ЛИБОР-ды білдіреді; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңін білдіреді, ЛИБОР дефолты 3.02 Тарауының (d) тармағында көрсетілген сома пайызды төлеу кезеңінде бірінші рет кешіктірілген.
      30. "Пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолт" пайыздарды есептеудің тиісті кезеңі үшін пайыздың құбылмалы ставкасын білдіреді; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі үшін пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолт бірінші рет кешіктірілген 3.02 Тарауының (d) тармағында көрсетілген сома пайызды есептеу кезеңінде пайыздың құбылмалы ставкасына тең болатынын білдіреді.
      (с)  43-тармақ "Бекітілген бөліп-бөліп төлеу" (қайта нөмірленгендей) мынадай тәртіппен жазылған:
      "43. "Бекітілген бөліп-бөліп төлеу" Қарыз Келісімі жасалған күніне дейін бір күнтізбелік күн қалғанға дейін Колумбия Округінің Вашингтон уақытының күндізгі 12:01-де күшіне енетін кредиттің бастапқы валютасы үшін Банктің бекітілген бөліп-бөліп төлемін білдіреді: қарыздың кез-келген барлық немесе бөлігінің валютасын конвертациялау кезінде мұндай бекітілген бөліп-бөліп төлеу Конвертация қағидаттарында көрсетілген Келісімге қол қою күнімен келісу шарты орындалған жағдайда; және алдындағыларға қарамастан бекітілген ставка бойынша пайыздар есептелетін қарыздың алынған қалдығына қолданылатын кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставканы айқындау мақсатында "бекітілген ставка" көрсетілген соманың валютасын деноминациялау үшін Қарыз Келісімі жасалған күніне дейін бір күнтізбелік күн қалғанға дейін Колумбия Округінің Вашингтон уақытының күндізгі 12:01-де күшіне енетін Банктің бекітілген бөліп-бөліп төленуін білдіреді."
      (d) 66-тармақ "Қарызды төлеу" (қайта нөмірленгендей) мынадай тәртіппен түзетілген:
      "66. "Қарызды төлеу" қарыздың, пайыздардың қалдықтарын, бір реттік комиссиялық сыйақылар (бар жағдайда), мерзімінен бұрын төлегені үшін сыйақылар, валютаның конвертациясы немесе конвертацияны аяқтағаны үшін транзакциялық төлемдер, пайыздық ставканың бекітілген максимумы үшін кез келген сыйақылар және пайыздық ставканың бекітілген максимумы және минимумы, сондай-ақ Қарыз алушы төлеуге жататын кез келген бөліп-бөліп төленетін сомалар."
      (е) 71-тармақ "Төлем мерзімі" (нөмірленгендей) мынадай тәртіппен өзгертілген:
      "71. "Төлем мерзімі" Қарыздың Келісімінде көрсетілген күнді білдіреді - пайыз төленуі тиіс Қарыздың Келісімі жасалған күн."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады