Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 722 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі N 629 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 36, 407-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      1-бөлімде Ұйымдастыру іс-шаралары:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.2-1-жолмен толықтырылсын:

"

1.2-1

Мемлекеттік
жалға
берілетін
тұрғын
үйлерден
алынатын
жалдау
ақысын
есептеу
әдістемесін
бекіту

ИСМ-нің
бұйрығы

ИСМ

2008
жылғы III
тоқсан

Шығыстар
болжан-
байды

                                                           ";
      реттік нөмірі 1.6-жолда:
      2-бағанның екінші абзацы алынып тасталсын;
      5-бағандағы "2008 - 2009 жылдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-бағандағы "25 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 15 млрд. теңге; 2009 жылы - 10 млрд. теңге" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 1.7-жолда:
      2-бағандағы "жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйді" деген сөздер "мемлекеттік жалға берілетін үйлерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "28,7 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 9,6 млрд. теңге; 2009 жылы - 9,6 млрд. теңге; 2010 жылы - 9,5 млрд. теңге";
      реттік нөмірі 1.10-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "13 млрд. 492 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 026 млн. теңге; 2009 жылы - 4 млрд. 624 млн. теңге; 2010 жылы - 7 млрд. 842 млн. теңге";
      реттік нөмірі 1.11-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 123 млн. теңге; 2009 жылы - 2 млрд. 599 млн. теңге; 2010 жылы - 2 млрд. 786 млн. теңге";
      реттік нөмірі 1.12-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 жылғы III тоқсан";
      2-бөлімде Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру:
      реттік нөмірлері 2.1, 2.2, 2.3-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.4-жолмен толықтырылсын:

"

2.4

Бюджеттік
өтінімде
ӘКК жарғы-
лық капита-
лын ұлғай-
туға қара-
жат көздеу

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ,
ЭБЖМ,
Қаржы-
мині

2008-2009
жылдар

30 млрд.
теңге,
оның
ішінде:
2008 жылы
- 15 млрд.
теңге;
2009 жылы
- 12 млрд.
теңге,
2010 жылы
- 3 млрд.
теңге

                                                           ";
      3-бөлімде Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту:
      реттік нөмірі 3.1-жолда:
      2-баған "жарғылық" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "10 млрд. 300 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 6 млрд. 600 млн. теңге; 2009 жылы - 1 млрд. 900 млн. теңге; 2010 жылы - 1 млрд. 800 млн. теңге";
      реттік нөмірі 3.2-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "57 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 23 млрд. 560 млн. теңге; 2009 жылы - 18 млрд. 277 млн. теңге; 2010 жылы - 15 млрд. 163 млн. теңге";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3.3-жолмен толықтырылсын:

"

3.3

"ТҚЖБ" АҚ
және "ҚИК"
АҚ акцияла-
рының
мемлекеттік
пакеттерін
"Қазына"
ОДҚ" АҚ-ның
жарғылық
капиталын
төлеуге
беру мүм-
кіндігін
қарау

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс
енгізу

Қаржы-
мині
(жинақ-
тау),
ЭБЖМ,
ИСМ,
Әділет-
мині, ҰБ
(келісім
бойын-
ша), ҚҚА
(келісім
бойын-
ша),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008 жыл-
дың ІІ
жарты-
жылдығы

Шығыстар
болжан-
байды

                                                          ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады