Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке
қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді
ратификациялау туралы
Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке
қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
төмендегілер туралы келісті:
1. Жалпы ережелер
1-бап
Қолдану саласы
1. Осы Келісім үшінші мемлекеттердің кедендік аумағынан шығарылатын және Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына арналған тауарлардың импортымен байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Осы Келісім зияткерлік меншік объектілеріне қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындаумен, айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған құқықты берумен, инвестицияларды және валюталық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттемейді.
2-бап
Негізгі ұғымдар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
"ұқсас тауар" - тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін, не мұндай тауар жоқ болғанда тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарлардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;
"демпингке қарсы шара" - демпинг қарсы баж енгізу, оның ішінде алдын-ала демпингке қарсы баж немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті баға міндеттемесін мақұлдау арқылы импорт демпингіне қарсы іс-қимыл шарасы;
"демпингке қарсы баж" - демпингке қарсы шараны енгізу кезінде және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажын салатынына қарамастан алатын баж;
"демпингтік маржа" - оның экспорттық бағасына мұндай тауардың қалыпты құнына пайызбен көрсетілген қатысы не тауардың қалыпты құны мен абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген оның экспорттық бағасының арасындағы айырмашылық;
"импорттық квота" - Тараптар мемлекеттердің кедендік аумағына тауардың импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу;
"өтем шарасы" - құзыретті органның шешімі бойынша өтем бажын, оның ішінде алдын ала өтем бажын енгізу не субсидиялаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органымен ерікті баға міндеттемесін мақұлдау арқылы экспорттаушы шет ел мемлекетінің ерекше субсидия әсерін бейтараптандыру шарасы;
"өтем бажы" - өтем шарасын енгізу кезінде және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажын салатынына қарамастан алатын баж;
"құзыретті орган" - 2007 жылғы 6 қарашадағы Кеден одағы туралы
шартқа
сәйкес бекітілген кеден одағы комиссиясы;
"Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал" - жекелей алғанда Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауар өндірісінің көлемін қысқартумен, мұндай тауар өндірісінің рентабелділігін төмендетумен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуда, жалақының деңгейіне және Тараптар мемлекеттері экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейіне келеңсіз әсер етумен көрінетін Тараптар мемлекеттерінің экономикасының дәлелдермен куәландырылған нашарлауы;
"ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржа" - 2 пайызды құрайтын демпингтік маржа;
"тікелей бәсекелес тауар" - тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толық сай келетін, өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы ауыстыратын не ауыстыруға дайын тауармен салыстырмалы тауар;
"сауданың кәдімгі барысы" - өндірістің орташа өлшемді шығындарын және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарды ескере отырып, айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;.
"тарап мемлекеттерінің экономика саласы" - соған ұқсас тауарды (демпингке қарсы және өтемдік тергеу мақсаты үшін) немесе тікелей бәсекелесуші тауарды (арнайы қорғау тергеуінің мақсаты үшін) не Тараптың импорттаушы мемлекеті өндірісінің жалпы көлемінде үлесі тиісінше осындай тауардың немесе тікелей бәсекелесуші тауардың үлкен бөлігін құрайтын барлық ұлттық өндірушілер. Бұл ретте тарап мемлекеттерінің экономика саласы ретінде үлесі Тарап мемлекеттерінің жалпы өндіріс көлемінде ұқсас тауарға немесе ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарға сәйкес кемінде 25 пайызды құрайтын кәсіпорындардың жиынтығы деп түсінілмеуі тиіс;
"тергеу" - арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемдік тергеу;
"байланысты тұлғалар" - төменде келтірілген бір немесе бірнеше өлшемдерге жауап беретін тұлғалар:
тұлғалар бір-бірінің ұйымдары басшылығына кіреді;
тұлғалар шарт бойынша немесе бірлескен өндірістерінің үлестеріне, шығыстар мен кірістеріне ие;
тұлғалар жұмыс беруші немесе жұмыскер болады;
қандай-да бір тұлға тікелей немесе жанама түрде акциялардың 5% астамын немесе олардың екеуінің үлестеріне ие, бақылайды немесе ұстайды;
тұлғалардың біреуі екіншісін тікелей немесе жанама бақылайды;
екі тұлға да үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайды;
екі тұлға бірге үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайды;
тұлғалар бір отбасының мүшесі, немесе тәрбиешісі, қамқоршысы болып табылады;
"Тарап мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалы" - Тараптың мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауарды өндірумен жағдайдың жалпы нашарлауынан көрініс беретін және әдетте, ол бойынша статистикалық деректер бар тергеудің басталуы алдындағы үш күнтізбелік жыл ішінде айқындалатын Тарап мемлекеттерінің экономикасының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының елеулі нашарлауы;
"арнайы баж" - қорғау шараларын енгізген кезде Тарап мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажының алынуынан қарамастан алатын баж;
"арнайы қорғау шарасы" - импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде, алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы құзыретті органның шешімі бойынша қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына өспелі импортты шектеу жөніндегі шара;
"субсидияланатын импорт" - мемлекеттерінің кедендік аумағына өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде Тарап мемлекеттерінің кедендік аумағына Тараптың экспорттаушы мемлекеттерінің ерекше субсидиясы қолданылған тауардың импорты;
"субсидиялаушы орган" - мемлекеттік орган мемлекеттік органы (оның ішінде Тараптар мемлекетінің Президенті) не жергілікті өзін өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актілерге сәйкес немесе нақты жағдайларға байланысты тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін өзі басқару органы өкілеттік берген шаруашылық жүргізуші субъект;
"Тарап мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатері" - Тарап мемлекеттерінің ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің айғақтармен расталған болмай қоймаушылығы;
"Тарап мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіру қатері" - Тараптың мемлекеттерінің ұлттық экономика саласына елеулі залал келтірудің айғақтармен расталған болмай қоймаушылығы;
"экспорттық баға" - Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тауардың импорты кезінде байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуі тиіс баға;
"экспорттаушы шетел мемлекеті" - осы Келісімнің 10-бабының 5-тармағында көрсетілген транзит жағдайларынан басқа, Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауар экспортталатын осы Келісімге қатысушы болып табылмайтын шетел мемлекеті (шетел мемлекеттер бірлестігі);
"үшінші мемлекеттер" - 2007 жылдың 6 қазанындағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы
шарттың
қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер.
3-бап
Тергеу
1. Тауарлардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларын енгізуде осы Келісімге сәйкес жүргізілетін тергеу бұрын болуы тиіс.
2. Тергеу нәтижелері бойынша құзыретті орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларын енгізу, қайта қарау, жою не қолданбау туралы шешім қабылдайды.
3. Тергеуге қатысты дәлелдер, мәліметтер мен хат алысулар құзыретті органға орыс тілінде ұсынылады, ал құжаттардың шет тілінде жасалған түпнұсқалары ұсынылған аударма растала отырып, орыс тіліндегі аудармасымен ілесе жүруі тиіс.
II. Арнайы қорғау шаралары
4-бап
Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
1. Арнайы қорғау шаралары тауарға, егер құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижесі бойынша импорттаушы Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына осы тауардың импорты осындай ұлғаймалы санда жүзеге асырылатыны (Тараптар мемлекеттерінде тікелей бәсекелесу тауардың жалпы көлеміне абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштердегі) белгіленетін жағдайда және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе мұндай залал келтіру қатерін келтіретін тудыратын осындай жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
2. Арнайы қорғау шаралары, егер мұндай елден бұл тауар импортының үлесі олардың әрқайсының үлесіне Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына осы тауар импортының жалпы көлемнің кемінде 3 пайызы келетін дамушы елдерден шығатын бұл тауар импортының жиынтық үлесі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына бұл тауарлар импортының жалпы көлемінің 9 пайызынан аспайтын жағдай кезінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына бұл тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспаса, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы елдерден шығатын тауарларды қоспағанда, олардың шығарылатын еліне қарамастан экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына импортталатын тауарға қолданылады.
5-бап
Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды
немесе ұлғаймалы импорттың салдарынан болатын мұндай залалды
келтіру қатерін белгілеу
1. Тергеу барысында құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына ұлғаймалы импорт салдарынан болған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының елеулі залалын немесе мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу мақсатында сандық көрсеткіштерде көрінуі мүмкін беретін объективті факторларды бағалайды және Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының экономикалық жағдайына әсер етеді, оның ішінде:
1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты өсуінің қарқыны мен көлемі;
2) Тараптар мемлекеттерінің осы тауарды және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінде тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың үлесі;
3) Тараптар мемлекеттерінде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың бағасымен салыстыру бойынша тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауарға баға деңгейі;
4) Тараптар мемлекеттерінде, Тарап мемлекеттерінің нарығында өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сату көлемін өзгерту;
5) Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің көлемін, өнімділігін, өндірістік қуаттардың жүктемесін, пайда мен зиянның мөлшерлерін, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейін өзгерту.
2. Ұлғаймалы импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал немесе мұндай залалды келтіру қатер іске қатысты және құзыретті органның иелігінде бар барлық айғақтар мен мәліметтерді талдау нәтижесі негізінде белгіленуі тиіс.
3. Құзыретті орган ұлғаймалы импорттан басқа осының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтірілетін немесе мұндай залал келтіру қатері жасалатын сол кезеңде басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залалды құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына ұлғаймалы импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына келтірілген залалға жатқызбауы тиіс.
6-бап
Алдын-ала арнайы бажды енгізу
1. Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларындағы сындарлы жағдайы кезінде, егер тергеу аяқталғанға дейін арнайы қорғау шаралары қолданылған кідірту салдарын жою қиын болатын Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларына елеулі залал келтіру мүмкіндігі белгіленген жағдайда құзыретті орган Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына өспелі импорт пен Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларына залал арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілеу туралы алдын ала қорытынды негізінде бір мезгілде тергеуді жалғастыру жағдайы кезінде 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы арнайы қорғау шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды.
2. Құзыретті орган алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органын, сондай-ақ басқа да оған белгілі мүдделі тұлғаларды жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Мұндай консультациялар алдын ала арнайы бажды енгізу мәселесі бойынша консультациялар өткізу туралы экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешімді уәкілетті органның қабылдағаннан кейін басталуы тиіс.
4. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шараларын енгізу үшін негіздеме жоқ жағдайда алдын ала арнайы баж сомасын алдын ала арнайы бажды ұстаған кеден органдары Тарап мемлекеттерінің заңнамасында кедендік төлемдерді қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруы тиіс.
5. Егер, тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж ставкасына қарағанда арнайы баждың неғұрлым төмен ставкасын енгізу орынды деп танылған жағдайда алдын ала арнайы баж ставкасы мен арнайы баж ставкасының арасындағы айырмашылықты алдын ала арнайы бажды өндіріп алған кеден органдары Тарап мемлекеттерінің заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруы тиіс, ал алдын ала арнайы баж сомасының қалдығы кедендік баж сомасын, баждардың өзге де түрлерін, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды аударуды және бөлуді реттейтін кеден одағы шеңберінде жасалған келісімге сәйкес бюджетке аударылады.
6. Егер түпкілікті арнайы баж ставкасы алдын ала арнайы баж ставкасынан жоғары болған жағдайда олардың арасындағы айырмашылық төлеушіден алынбайды.
7. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасының қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал алдын ала арнайы баж сомасының қалдығы кедендік баж сомасын, баждардың өзге де түрлерін, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды аударуды және бөлуді тетігі саласындағы кеден одағы шеңберінде жасалған келісімге сәйкес бюджетке аударылады.
7-бап
Арнайы қорғау шараларын қолдану
1. Арнайы қорғау шарасы құзыретті органның шешімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайға Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгілеу арқылы қолданылған жағдайда, мұндай импорттық квотаның деңгейі статистикалық деректері бар өтінішті беру күнінің алдындағы 3 жыл үшін, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қауіпін жою үшін импорттық квотаның аз деңгейін белгілеу қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты көлемінің (сандық немесе құндық көріністе) орташа жылдық деңгейінен төмен болмауы тиіс.
3. Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспортына мүдделілігі бар экспорттаушы шетелдік мемлекеттердің арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасындағы импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу ұсынылуы мүмкін.
4. Егер 3-тармақта аталған, импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауардың импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеу жүргізуге өтінішті беру күніне келетін 3 күнтізбелік жыл үшін экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеу объектісі болып табылатын тауарды Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің арасында бөлінеді.
5. Егер, жекелеген экспорттаушы мемлекеттерден шетел мемлекеттерінің бірлестіктері тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуіне қатысты пайызда статистикалық деректері бар өтінішті беру күніне келетін 3 жыл үшін осы тауардың импортының жалпы өсуіне қатысты теңеместей ұлғайған жағдайда құзыретті орган осындай мемлекеттерден Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына осы тауардың импортының өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін ескере отырып, мұндай мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.
6. Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың импорты импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
7. Ауыл шаруашылығы тауарларына тергеу жүргізілмей-ақ, егер осы тауар импорты көлемінің өсуі осы баптың 8-тармағы ережелерінің негізінде белгіленген базалық деңгейден артық болса, мұндай тауарға кеден бажының қолданыстағы ставкасының үштен бірінен аспайтын мөлшерде аталған баж енгізілген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі мерзімге ғана арнайы баж енгізілуі мүмкін.
8. Базалық деңгей:
1) егер тауар импортының мұндай үлесі 10 пайыздан аз немесе тең болғанда, базалық деңгей 125 пайызды құрайтын;
2) егер тауар импортының мұндай үлесі 10 пайыздан асатын, бірақ 30 пайыздан аз немесе тең болғанда, базалық деңгей 110 пайызды құрайтын;
3) егер тауар импортының мұндай үлесі 30 пайыздан асатын, базалық деңгей 105 пайызды құрайтын статистикалық деректер бар алдағы 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінде оның ішкі тұтыну көлеміндегі тауар импортының үлесін ескере отырып, айқындалады.
9. Осы Баптың мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы тауарлары деп 3301, 3501-3505, 4101-4103, 4301, 5001-5003, 5101-5103, 5201-5203, 5301, 5302 позицияларында және 2905 43, 2905 44, 3809 10 және 3824 60 қосалқы позицияларындағы балық және балық өнімдерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Тауар номенклатурасының 1-24 топтарында жіктелген тауарлар түсініледі.
8-бап
Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау
1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауы тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі егер, құзыретті орган жүргізген қайта тергеу нәтижесі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды жою немесе арнайы қорғау шараларын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет мұндай залал келтіру қаупі үшін арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту қажет деп белгіленсе және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне жәрдемдесетін айғақ болса, құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайта тергеу жүргізу кезінде тергеу жүргізуге қатысты ереже қолданылады.
3. Құзыретті органның арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан шектемелігі көп болмауы тиіс.
4. Егер, арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, құзыретті орган осындай шараның қолданылу мерзімінің ішіндегі тең уақыт аралығы арқылы осындай арнайы қорғау шарасын бірте-бірте жеңілдетеді.
Егер, арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асатын жағдайда осындай шараның қолданылу мерзімінің жартысының аяқталуы бойынша құзыретті орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша нәтижесінде әлеуметтік қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеуді жүргізеді.
Осы баптың мақсаты үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп құзыретті органның шешімі бойынша қолданылатын импорттық квотаның көлемін ұлғайту немесе арнайы баждың ставкасын төмендету түсініледі.
5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауы тиіс.
6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрын арнайы қорғау шарасы қолданылған тауардың импортына қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болуы мүмкін емес.
7. Қолданылу мерзімі осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелеріне қарамастан қолданылу мерзімі 180 немесе одан да аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы егер, алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізу күнінен бастап бір жылдан кем мезгілде өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізудің алдыңғы күніне тікелей көретін 5 жыл ішінде 2 реттен астамда осы тауарға қолданылмаса сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.
III. Демпингке қарсы шаралар
9-бап
Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы қағидаттары
1. Демпингке қарсы шара егер, құзыретті орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша осындай тауардың импорты Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтірген, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін төндіретін немесе Тарап мемлекеттерінің экономика саласын құруды айтарлықтай кідіртетін жағдайда демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарға қолданылуы мүмкін.
2. Тауар егер, осы тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты бағасынан төмен болса, демпингтік импорт мәні болып табылады.
3. Осы тараудың мақсаты үшін тергеу кезеңі әдетте, тікелей тергеу жүргізу туралы өтініш беру күні алдындағы 12 айға тең белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауы тиіс.
10-бап
Демпингтік маржаны айқындау
1. Құзыретті орган мыналарды:
1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
2) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын сатып алушыларға, өңірлерге немесе тауарды жеткізу кезеңіне қарау тауар бағасындағы елеулі айырмашылықтар жағдайы кезінде жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағасымен;
3) жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық қалыпты құнымен жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағаларымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
2. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.
3. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бағаның салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операцияларының, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалары барларының айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағаның салыстырмалығына олардың әсер етуін айғақтауы берілетін басқа кез келген айырмашылықтарын ескере отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда шығыстарды, оның ішінде, импорт пен тауарды қайта сату арасындағы кезеңде төленген баждар мен салықтарды, сондай-ақ алынған пайданы ескеру қажет.
Құзыретті орган оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.
4. Экспорттаушы мемлекеттің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында осындай тауарды сатып алу-сату мәмілесі болмаған жағдайда немесе егер, сауданың кәдімгі барысы кезінде осындай тауарды сатудың төменгі көлеміне байланысты немесе экспорттаушы мемлекеттің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты осындай тауардың бағасымен тауардың экспорттық бағасын тиісті салыстыру жүргізуге мүмкін болмаған жағдайда тауардың экспорттық бағасы осындай тауардың бағасы репрезентативтік немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығынымен, сондай-ақ ұлттық экономиканың осы саласы үшін белгілі пайдамен болып табылатын шартымен үшінші елге экспорттаушы қатысушы елден экспортталатын осындай тауардың экспорттық бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін емес.
5. Егер, тауар оның шығу елі болып табылмайтын Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына импортталған жағдайда осындай тауардың экспорттық бағасы шетелдік мемлекеттің нарығындағы осындай тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.
Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер, осы тауар импорттаушы мемлекеттің кеден аумағына ол экспортталып, мемлекет арқылы транзитпен қайта бағытталса ғана немесе осы тауарды шығару осы мемлекетте жүзеге асырылмаса не онда осындай тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде осындай тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.
6. Егер, оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бір валютадан екіншісіне олардың шамасын қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу тауарды сату күніне валютаның ресми бағамын пайдалана отырып жүргізіледі.
Егер, шетелдік валютаны сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда мерзімге валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы қолданылады.
Құзыретті орган валюта бағамының қозғалысын ескермейді және тергеу барысында экспорттаушыларға тергеу кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзім береді.
7. Құзыретті орган, әдетте жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.
8. Егер, құзыретті орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр түрлілігі мен көлемінің себебі бойынша немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың орынсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, тауары тергеу объектісі болып табылатын, нақты зерттелуі мүмкін әрбір экспорттаушы мемлекеттен тауардың барынша көп бөлігін; немесе құзыретті органның ақпараты бойынша статистикалық танымалдық болып табылатын әрбір экспорттаушы мемлекеттің тауарын іріктеу демпингтік маржаны айқындай алады.
9. Құзыретті орган егер, осы баптың 8-тармағында көзделген шектеуді пайдаланған жағдайда демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарларды шетелдік экспорттаушылар немесе шетелдік өндірушілер тергеу барысында оларды беру үшін белгіленген мерзім ішінде жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтер бергенге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды таңдалған шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс.
10. Егер, тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші құзыретті органға талап етілетін түрде және белгіленген мерзімде талап етілетін ақпарат немесе олар берген ақпарат тексеріле алмайтын не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда құзыретті орган оның иелігіндегі кез келген басқа бар ақпарат негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
11. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және {немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, құзыретті орган тергеу барысында белгіленген ең жоғарғы демпингтік маржаның негізінде тергеу объектісі болып табылатын барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.
11-бап
Тауардың қалыпты құнын айқындау
1. Тауардың қалыпты құнын байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар, бәсекелестік жағдайда экспорттаушы шетелдік мемлекеттің кедендік аумағында пайдалану үшін сауданың кәдімгі барысы кезінде тергеу кезеңінде жүзеге асырылған экспорттаушы шетелдік мемлекеттің ішкі нарығындағы сатулар кезінде осындай тауарға баға негізінде құзыретті орган айқындайды.
Қалыпты құнды айқындау мақсаты үшін егер, аталған байланыс шетелдік өндірушінің және/немесе экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылардың сату кезінде осындай тауарға бағалар ескерілуі мүмкін.
2. Экспорттаушы шетелдік мемлекеттің нарығындағы сауданың кәдімгі барысы кезінде осындай тауарды сатудың көлемі егер, бұл көлем экспорттаушы шетелдік мемлекеттен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тауарлар экспортының жалпы көлемінен кемінде 5 пайызын құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті ретінде қаралады.
Сауданың кәдімгі барысы кезінде осындай тауарды сатудың неғұрлым төменгі көлемі егер, мұндай көлем сауданың кәдімгі барысы кезінде осындай тауардың бағасымен тауардың экспорттық бағасын тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген айғақ бар тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экспорттаушы мемлекеттің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеу кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан осындай тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір сатуы бойынша бағасы болып табылады.
4. Әкімшілік, сауда және жалпы шығынды ескере отырып, осындай тауар бірлігін шығарудың өзіндік құнынан төмен баға бойынша үшінші елге экспорттаушы шетелдік мемлекеттің нарығында немесе экспорттаушы шетелдік мемлекеттен осындай тауарды сату егер, құзыретті орган осындай тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеу кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
5. Егер осындай тауардың бағасы оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауар бірлігін шығарудың өзіндік құнынан төмен, тергеу кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асқан жағдайда, мұндай баға тергеу кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.
6. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауарды шығарудың өзіндік құнынан төмен баға бойынша осындай тауарды сату егер, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша осындай тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауардың бірлігін шығарудың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және баға бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде 20 пайызын құрайды.
7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігін шығарудың өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы шетелдік мемлекеттегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған қағидаттары мен ережелеріне сәйкес келуі және тауарды шығарумен және сатумен байланысты шығындарды толық білдіруіне сәйкес келуі шартымен тауарды экспорттаушы және шығарушы берген деректер негізінде есептеледі.
8. Құзыретті орган өндіріс шығындарын, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тергеу объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыларға немесе өндірушілерге қолданылуы шартымен тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса, әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды шығаруды бөлудің дұрыстығының оның иелігіндегі барлық айғағын ескереді.
9. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытумен байланысты бір жолғы шығыстарды немесе шығыстар тергеу кезеңінде өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын операцияларға әсер ететін кездегі жағдаяттарда түзетіледі.
10. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласы үшін сипаты бар пайда демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың кәдімгі барысы кезінде осындай тауарды шығару және сату туралы нақты деректер негізінде айқындалады.
Егер, мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:
1) экспорттаушы шетелдік мемлекеттің нарығында тауардың сол санатын шығарумен және сатумен байланысты тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе шығарушы алған және жұмсаған нақты сома;
2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе шығарушы экспорттаушы шетелдік мемлекеттің нарығында осындай тауарды шығарумен және сатумен байланысты алынған және жұмсалған орташа өлшемді нақты сома;
3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы шетелдік мемлекеттің нарығындағы оны сату кезінде сол санаттағы әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдайдағы өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
11. Нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы шетелдік мемлекеттен демпингтік импорт жағдайында тауардың қалыпты құны бағаның немесе үшінші елдерге келетін ұқсас тауарлар құнына есептелген (көрсетілген экспорттаушы шетелдік мемлекетпен тергеу мақсаты үшін салыстырылатын) не ұқсас тауарды мұндай үшінші елден басқа елдерге, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына жеткізуі кезіндегі оның бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.
Егер тауардың қалыпты құнын белгілеу осы тармақтың ережелеріне сәйкес мүмкін болмаған жағдайда тауардың қалыпты құны Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағындағы ұқсас тауарлар үшін төленген немесе төленуге жататын және табысты ескере отырып түзетілген бағаның негізінде белгіленуі мүмкін.
12-бап
Тауардың экспорттық бағасының айқындамасы
1. Тауардың экспорттық бағасы тергеу кезеңінде оны сату туралы деректер негізінде айқындалады.
2. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде, не құзыретті органның осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің шынайлығына негізді күмәнді пайда болып, осының салдарынан тұлғалармен тауарды экспорттаушы мен импорттаушы, оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысты орай не осы тауардың экспорттық бағасына қатысты келіспе нысанында шектеулі іскерлік тәжірибе болған кезде, оның экспорттық бағасы егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе импорттаушы мемлекеттердің кеден аумағына қандай түрде импортталса, сондай түрде қайта сатылмаса құзыретті орган анықтайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін.
13-бап
Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің
экономика саласына залалды белгілеу
1. Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлар бағасына және Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауар шығарушыларына әсері негізінде белгіленеді.
2. Осы бөлімінің мақсаттары үшін Тараптар мемлекеттері экономикасы саласының залалы деп Тараптар мемлекеттері экономикасы саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қатері немесе Тараптар мемлекеттері экономикасы саласын құруды баяулатуды білдіреді.
3. Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалы тергеу кезеңі үшін айқындалады.
Тергеу барысында тергеуді бастау туралы өтінішті беру күніне сәйкес келетін 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы үрдіс те ескеріледі.
4. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде құзыретті орган тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импортының ұлғаюы болды ма екенін айқындайды (абсолюттік көрсеткіштерде не Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды шығаруға немесе тұтынуға қатысты).
5. Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде құзыретті орган мыналарды белгілейді:
1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан елеулі төмен болды ма;
2) демпингтік импорт Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының елеулі төмендеуіне алып келді ме;
3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының елеулі өсуіне кедергі келтірді ме.
6. Егер бір уақытта жүргізілген тергеудің мәні бір экспорттаушы шетелдік мемлекеттен астам Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына тауардың импорты болып табылған жағдайда құзыретті орган бұндай импорттың жиынтықты әсер етуін мынадай жағдайда ғана бағалауы мүмкін, егер:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы шетелдік мемлекетінен ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асады, ал әрбір экспорттаушы шетелдік мемлекеттен осы тауардың импортының көлемі осы Келісімнің 31-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, елеусіз болып табылмайды;
2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестіктің шарттарын және Тараптар мемлекеттерінің импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсеклестіктің шарттарын ескере отырып, мүмкін болып табылады.
7. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау мыналарды:
оған бұрын орны бар болған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру деңгейін;
өндірістегі болған немесе болашақтағы болуы мүмкін қысқартуды, тауарды сатуды, оның Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан кірістерді немесе өндірістік қуаттылықтарды пайдалануды;
Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
демпингтік маржаның мөлшерін;
тауар өндірісінің, тауар қорының, жұмыспен қамту деңгейінің, еңбекақының өсу қарқынына болған немесе болуы мүмкін жағымсыз әсерін, инвестицияларды тарту мүмкіндігін және қаржылық жай-күйін қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды бағалаудан тұрады.
Бұл ретте, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәні болуы мүмкін емес.
8. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себептік-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды құзыретті органның иелігіндегі іске қатысты барлық айғақтар мен мәліметтерді талдауға негізделуі тиіс.
9. Құзыретті орган демпингтік импорттан басқа, оның салдары сол кезеңде Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залал келтірілетін кез келген басқа да белгілі факторларды да талдайды.
Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың немесе өзгерістің қысқаруын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, Тараптар мемлекеттері экономикасы саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
Тараптар мемлекеттері экономикасы саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залалға жатқызылуы тиіс емес.
10. Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына демпингтік импорттың әсер етуі егер, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай өлшемдер негізінде ұқсас тауарды шығаруды бөлуге мүмкіндік берсе, Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
Егер, қолда бар деректер ұқсас тауарды шығаруға бөлуге мүмкіндік бермейтін жағдайда Тараптар мемлекеттері экономикасы саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым қысаң тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
11. Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтаған кезде құзыретті орган мынадай барлық факторларды, оның ішінде, мыналарды:
1) бұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының шынайы мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;
2) тауар экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың шынайы мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпастығының болуын;
3) егер мұндай баға Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе ұстап тұруға және тергеу объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
4) тергеу объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыларда болуын ескереді.
12. Тараптар мемлекеттерінің экономиканың саласына материалдық залал келтіру қатерінің бар болуы туралы шешім егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында құзыретті орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және бұндай импорт демпингке қарсы шараларды қабылдамаған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.
14-бап
Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу
1. Егер тергеу аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың бар болуы туралы куәландырса және осымен алдын ала қорытынды мазмұндалған баяндаманың негізінде құзыретті орган тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импортпен келтірілген Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалының алдын алу мақсатында алдын ала демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешімді қабылдайды.
2. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күннен ерте енгізілмеуі мүмкін емес.
3. Алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасы Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті болуы тиіс, бірақ, алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары емес.
4. Егер, алдын ала демпингтік баждың ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең жағдайда алдын ала демпингтік баждың қолданылу мерзімі егер, бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 6 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 4 айдан аспауы тиіс.
5. Егер, алдын ала демпингке қарсы баж ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз жағдайда алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі егер, бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 9 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 6 айдан аспауы тиіс.
6. Егер, тергеу нәтижелері бойынша құзыретті орган демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіз жоқ деп белгілеген жағдайда алдын ала демпингке қарсы баждың сомасы кеден органдары алдын ала демпингке қарсы бажды өндіріп алған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерін қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
7. Егер, тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздеме болғаны белгіленген жағдайда алдын ала демпингке қарсы баж сомасы кеден баждарының сомасын, баждардың өзге де түрлерін, теңгермелі қолданысы бар салықтар мен алымдарды есептеу мен бөлу тетігі саласындағы кеден одағының келісіміне сәйкес бюджетке аударылады.
8. Егер, тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздемелердің болуы белгіленген және алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасына қарағанда, соңғы демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен ставкасын енгізу орынды деп танылған жағдайда олардың арасындағы айырма оның кеден органдары алдын ала демпингке қарсы баж өндіріліп алынып, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кеден төлемдерін қайтару үшін белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады, ал алдын ала демпингке қарсы баждың қалдық сомасы кеден баждарының сомасын, баждардың өзге де түрлерін, теңгермелі қолданысы бар салықтар мен алымдарды есептеу мен бөлу тетігі саласындағы кеден одағының келісіміне сәйкес бюджетке аударылады.
9. Егер, соңғы демпингке қарсы баждың ставкасы алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасынан көп болған жағдайда төлеушімен оның арасындағы айырма алынбайды.
15-бап
Тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушының ерікті
міндеттемелерді қабылдауы
1. Тергеуді құзыретті орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан тауарға бағаны қайта қарау және Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағында қалыпты құнынан төмен баға бойынша тауарды экспорттауды шектеу туралы жазбаша нысанда ерікті міндеттемелерді алған кезде (Тараптар мемлекеттерінің экспорттаушының байланысты адамдары болған кезде - қосымша оның байланысты адамдарымен осы міндеттемелерді қолдау туралы) алдын ала және түпкілікті демпингке қарсы бажды енгізбей тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін, бұл ретте осы тәрізді шектеулер ұқсас тауарларға қалыпты құнды тұрақты қайта қарау туралы ережесі болған кезде қалыпты құннан төмен баға бойынша жеткізілімді тоқтатуды көздейтін шектеулерге артықшылық беріледі.
Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажеттіге қарағанда жоғары болмауы тиіс.
Тауар бағасының көтерілуі егер, мұндай көтерілу тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылады.
2. Ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді құзыретті орган демпингтік импорттың бар болуы мен онымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы залалының шарттасқаны туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін шығармайды.
3. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді егер оны қабылдау тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуымен байланысты немесе өзге де себептер бойынша қабылдауға болмайтын болса шығармайды.
Бұл жағдайда құзыретті орган экспорттаушыларға олардың ерікті міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылғанын хабарлайды және экспорттаушыларға олардың ерікті міндеттемелерін мақұлдаудан бас тартуымен байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндіктерін ұсынады.
4. Құзыретті орган экспорттаушыларға ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны талап ете алмайды.
5. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдаған жағдайда демпингке қарсы тергеу тауарды экспорттаушының өтініші бойынша немесе құзыретті органның шешімі бойынша жалғастыруы мүмкін.
Егер тергеудің түпкілікті нәтижесі бойынша демпингтік импорттың жоқтығы немесе онымен Тарап мемлекеттерінің экономиканың саласына залалдың шарттасқаны туралы қорытынды жасалса, егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, экспорттаушының міндеттемелері автоматты түрде күшін жоғалтады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда құзыретті орган міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуы тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
6. Егер тергеудің нәтижесі бойынша құзыретті орган демпингтік импорттың бар екендігі және онымен Тараптар мемлекеттері экономикасының саласының шарттасқаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелер олардың шарттарына сәйкес әрекет етуді жалғастырады.
7. Құзыретті орган экспорттаушыдан осы міндеттемелерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушының орындауына қатысты мәліметті, сондай-ақ осы мәліметтерді тергеуге келісім сұрауға құқылы.
Сұрау салынған мәліметтерді құзыретті орган белгіленген мерзімде бермеу, немесе мәліметтерді тексеруге рұқсат бермеу экспорттаушының қабылданған міндеттемелерді бұзғаны болып есептеледі.
8. Экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған немесе қайтарып алған жағдайда құзыретті орган, егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе егер тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, түпкілікті алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіншілік беріледі.
16-бап
Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану
1. Демпингке қарсы баж міндеттемелерін осы Келісімнің 15-бабының ережелеріне сәйкес құзыретті орган мақұлдаған тауар экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда барлық тауар экспорттаушылар жеткізетін және Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
2. Демпингке қарсы баждың мөлшері Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті болуы тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болуы тиіс емес.
Құзыретті орган егер, мұндай мөлшер Тараптар мемлекеттері экономикасының саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылатын есептелген демпингтік маржадағы мөлшерге қарағанда аз мөлшердегі демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
3. Құзыретті орган жеке дара демпингке қарсы бажды ол үшін жеке дара демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың әрбір экспорттаушы немесе өндірушісі үшін белгілейді.
4. Құзыретті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген жеке дара демпингке қарсы бажды белгілеуді қоспағанда, тергеу барысында есептелген ең жоғары демпингтік маржа негізінде экспорттаушы шетелдік мемлекеттен барлық басқа экспорттаушылар немесе тауарды өндірушілер үшін бірыңғай демпингке қарсы бажды белгілейді.
17-бап
Демпингке қарсы шараның қолданылу және қайта қарау мерзімі
1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттері экономикасының саласының залалын жою үшін қажетті мерзім мөлшерінде және ішінде құзыретті органның шешімі бойынша қолданылады.
2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуымен немесе Тараптар мемлекеттері экономикасының залалымен байланысты және демпингтік импортты талдауға бір мезгілде қатысты және өзгерген жағдаяттарға байланысты жүргізілген қайта тергеуді аяқтаудың күнінен және осындай шараны қолдану мерзімінің басталуы күнінен бастап 5 жылдан аспауы тиіс.
3. Қайта тергеу демпингтік шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты Келісімнің 29-тарабына сәйкес берілген арыз бойынша немесе құзыретті органның өз қалауымен жүргізіледі.
Демпингтік шараны қолдану мерзімінің аяқталуымен байланысты қайта тергеу демпингтік шараны күшін тоқтату кезінде Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына залал келтіру және демпингтік импортты жалғастыру не жаңғырту мүмкіндігі туралы мәліметтердің өтініште болуы кезінде жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолдану мерзімінің бітуімен байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолдану мерзімінің аяқталуына дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеу демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуы тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілген қайта тергеу аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылады.
Егер демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталуымен байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша құзыретті орган демпингке қарсы шараны қолдану үшін негіз жоқ деп белгілеген болса, демпингке қарсы шараны қолданудың ұзартылған мерзімі ішінде алынған демпингке қарсы баждың сомасы Тарап мемлекетінің заңнамасымен кедендік баждарды қайтару үшін белгіленген тәртіпте демпингке қарсы бажды алған кедендік органдар төлеушіге қайтаруы тиіс.
Демпингке қарсы шараның қолданылуын құзыретті орган егер оларға демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуымен байланысты қайта тергеу нәтижесі бойынша демпингтік импортты және Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залал келтіруді жаңарту не ұзарту мүмкіндігі белгіленген болған жағдайда ұзартылады.
4. Құзыретті органның бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты жеке дара демпингке қарсы баждың ставкаларын қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.
Көрсетілген қайта тергеуді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайлармен байланысты мынадай сенімді дәлелдемелерді қамтуы тиіс:
демпингке қарсы шараның іс-әрекетінің жалғасуы демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет үшін немесе Тарап мемлекеттерінің экономикасы саласына демпингтік импорттың келтірген залалын жою үшін талап етілмейді;
демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және Тарап мемлекеттерінің экономикасы саласына демпингтік импорттың келтірген залалын жою үшін жеткілікті мөлшерді асады;
демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және Тарап мемлекеттерінің экономикасы саласына демпингтік импорттың келтірген залалын жою үшін жеткілікті емес.
Осы тармаққа сәйкес жүргізілген қайта тергеу ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
5. Қайта тергеу сондай-ақ тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін дара демпингтік маржаны белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін.
Мұндай қайта тергеуді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, оларға қатысты демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігінің дәлелін және бұл экспорттаушы немесе өндіруші Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыратындығының немесе Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізгені туралы бұзылуы немесе кері қайтарылуы осы тауарды экспорттаушы немесе өндіруші үшін едәуір айыппұл санкциясына әкелетін міндеттемелермен байланысты екендігінің дәлелін қамтуы тиіс өтініш берген жағдайда құзыретті орган бастауы мүмкін.
Экспорттаушы немесе өндіруші үшін дара демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеу жүргізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы шара осы экспорттаушы мен өндірушіге қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген қайта тергеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім 12 айдан аспайтын болады.
6. Дәлелдерді ұсыну мен демпингке қарсы тергеу рәсімдерін жүргізуге қатысты осы Келісімнің V бөлімінің ережесі осы бапта көзделген қайта қарауға тиісті айырмашылықтарын есепке ала отырып қолданылады.
7. Осы баптың ережесі осы Келісімнің 15-бабына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарын есепке ала отырып қолданылады.
18-бап
Демпингке қарсы шарадан жалтаруды белгілеу
1. Осы баптың мақсаты үшін демпингтік шарадан жалтару деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді орындаудан бұлтару болып табылған тауарды жеткізулер тәсілін өзгерту ұғынылады.
2. Демпингке қарсы шарадан жалтаруды белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не құзыретті органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтінім мынадай дәлелдемелерді қамтуы тиіс:
1) демпингке қарсы шарадан жалтару;
2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан жалтару және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер өтетіндігінің салдарынан бейтараптау;
3) демпингке қарсы шарадан жалтару нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны үшін салыстыру мақсатында тиісті түзетулерді есепке ала отырып, нәтижелері бойынша құзыретті орган демпинге қарсы шара енгізген тергеу барысында есептелген олардың қалыпты құны қабылданады.
4. Демпингке қарсы шарадан жалтаруды белгілеу мақсатында қайта тергеу ол басталған күннен 9 ай ішінде аяқталуы тиіс.
5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу кезеңінде құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағынан импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға және оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.
6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеудің нәтижелері бойынша құзыретті орган демпингке қарсы шарадан жалтаруды белгілемеген болса, осы бапқа сәйкес төленген немесе алынған демпингке қарсы бажды Тарап мемлекетінің заңнамасымен кедендік баждарды қайтару үшін белгіленген тәртіпте демпингке қарсы бажды алған кедендік органдар төлеушіге қайтаруы тиіс.
7. Демпингке қарсы шараны осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижесінде осы Келісімге сәйкес қолданылған демпингке қарсы шарадан жалтару белгіленген жағдайда құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағынан импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға және оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне таратуы мүмкін.
ІV-тарау
Өтем шаралары
19-бап
Өтем шараларын қолданудың жалпы қағидаттары
Егер құзыретті орган жүргізген тергеу бойынша осындай тауардың Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына импорты материалдық залалын келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратындығы немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласын құруды елеулі тежейтіндігі белгіленсе, бұл жағдайда өтем шарасы өндіру, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы шетел мемлекеттің ерекше субсидиясы қолданылған импортталған тауарға қолданылуы мүмкін.
20-бап
Субсидияны айқындау
Субсидия деп:
1) субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың экспорттаушы шетел мемлекетінен экспортын ұлғайту немесе осындай экспорттаушы шетел мемлекетіне ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны;
2) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін және экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу:
ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
экспортталатын тауарды ішкі тұтыну үшін тағайындалған сол тәрізді тауардан алынатын салықтар мен баждан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерлерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда экспорттаушы шетел мемлекетінің кірісіне түсуі тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну жолымен қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;
жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды немесе қызметтерді қоспағанда тауарларды немесе қызметтерді жеңілдікпен немесе қайтарусыз ұсыну;
тауарларды жеңілдікпен сатып алу ұғынылады.
21-бап
Экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияларын ерекше
субсидияларға жатқызу қағидаттары
1. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше болып табылады.
2. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нақты өндірушісі мен (немесе) экспорттаушысы немесе экономиканың нақты саласы немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің өндірушілері мен (немесе) экспорттаушыларының тобы (одақ, бірлестік) немесе экспорттаушы шетел мемлекеті экономикасының саласы жекелеген ұйымдар болып табылады.
3. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
4. Егер экспорттаушы шетел мемлекетінің немесе субсидияланатын органның заңнамасымен субсидияны алуға және оның мөлшерін (оның ішінде қызметкерлер санына, өнімдер өндірумен айналысатындарға, өнімдер шығару көлеміне тәуелді) алуға мүлтіксіз құқықты анықтайтын жан-жақты объективті өлшемдерді немесе шарттарды белгілесе және қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
5. Экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну мыналармен:
1) субсидияны пайдалануға жіберілген нақты ұйымдар санының шектелуімен;
2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықшылықпен пайдалануымен;
3) жекелеген ұйымдардың субсидияның үлкен сомасын тепе-тең ұсынуымен;
4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (преференциялдық) тәсілін таңдап алуымен сүйемелденсе.
6. Экспорттаушы шетел мемлекетінің кез келген субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер:
1) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде экспортқа тауарды сатумен нақты байланысқан болса. Субсидия оны беру экспортқа тауарды шарттасқан өткізудегі экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шындығында тауардың немесе мүмкін болатын болашақ экспортына немесе экспорттың түсіміне байланысты болған жағдайда экспортқа тауарды нақты шарттасқандағы өткізу саналады. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың мәнінде экспортты субсидияны ұсынуды білдірмейді;
2) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес немесе импортты тауарлардың орнына экспорттаушы шетел мемлекетінде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса.
7. Құзыретті органның экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияны ерекшеге жатқызу туралы шешімі дәлелдемелерге негізделуі тиіс.
22-бап
Ерекше субсидиялардың мөлшерін айқындаудың жалпы қағидаттары
1. Ерекше субсидия мөлшері субсидия алушыға түсетін пайданың негізінде айқындалады.
2. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшерін есептеу кезінде мынадай қағидаттар қолданылады:
1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы пайданы беру ретінде қарастырылмайды, егер мұндай қатысу экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағындағы қалыпты инвестициялық тәжірибеге (тәуекелдік капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін ретінде бағаланбауы тиіс;
2) субсидиялайтын органға берілген кредит егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сомамен және осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарықта алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса пайданы беру ретінде қаралмайды. Одан өзге жағдайда осы екі соманың арасындағы айырмашылық пайда болып саналады;
3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сомамен және осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарықта алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса пайданы беру ретінде қаралмайды. Басқадай жағдайда осы екі соманың арасындағы түзетулермен айырмашылық пайда болып саналады;
4) субсидиялайтын органның тауарлар мен қызметтерді жеткізуі, не тауарларды сатып алуы егер тек қана тауарлар мен қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе, не болмаса сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса пайданы беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында сатып алу және сату үшін, бағаны, сапаны, қол жетімділікті, жоюды, тасымалдауды және тауарды сатып алу мен сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, қолданыстағы нарықтық жағдайларға қатысты айқындалады.
23-бап
Субсидияланған импорттың салдарынан Тарап мемлекеттерінің
экономикасы саласының залалын белгілеу
1. Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына субсидияланған импорт келтірген залал субсидияланған импорттың көлемін және Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауардың бағасына субсидияланған импорттың және осындай импорттың Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
2. Тараптар мемлекеттері экономикасы саласының субсидияланған импорт салдарынан залалы деп материалдық залал, осындай залалды келтіру қаупі немесе Тараптар мемлекеттері экономикасының саласын қалыптастыруды елеулі тежеу ұғынылады.
3. Субсидияланған импорттың көлемін талдау кезінде құзыретті орган субсидияланатын импортта елеулі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе Тарап мемлекеттерінің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).
4. Егер бір уақытта жүргізілген тергеу мәні қандай да бір тауарды біреуден астам экспорттаушы шетел мемлекетінен Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына субсидияланатын импорт болып табылса құзыретті орган мыналар белгіленген жағдайда ғана, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады:
1) осы тауарға әрбір экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияның мөлшері оның құнынан бір пайызынан астамын құрайды, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен субсидияланатын импорт көлемі осы Келісімнің 32-бабының 2-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;
2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және Тараптар мемлекеттерінде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болады.
5. Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауарға бағаға субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде құзыретті орган мыналарды белгілейді:
1) субсидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан елеулі төмен болды ма;
2) субсидияланған импорт Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келді ме;
3) субсидияланған импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының елеулі өсуіне кедергі келтірді ме.
6. Субсидияланған импорттың Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына әсерін талдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласынының жай-күйіне қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:
1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуы, тауардың сатылуы, Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар үлесі, тартылған инвестициялардан табыстар, өнімділік, кірістер немесе өндірістік қуаттарды пайдалануды;
2) Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
3) болған немесе болашақта ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалаудан көрінеді.
7. Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына субсидияланған импорттың әсері егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен табысы сияқты өлшемдері негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды шығаруды қолдана отырып бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланған импорттың Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.
8. Субсидияланған импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залал келтіру қаупін анықтау кезінде құзыретті орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға мүмкін болатын әсері;
2) осындай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланған импорттың өсу қарқыны;
3) субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушысында жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін есепке ала отырып, осы тауардың субсидияланған импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куаландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуы;
4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
5) субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушысындағы қорды ескереді.
9. Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу туралы шешімді, егер осы баптың 8-тармағында көрсетілген факторлар талдауының нәтижелері бойынша тергеу барысында құзыретті орган, бұл орган субсидияланған импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемдік шараларды қабылдамаған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал келтіретіндігі туралы қорытындыға келген жағдайда қабылдайды.
10. Осындай импорттың салдарынан субсидияланған импорт пен Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалы арасындағы себеп-салдар байланысының болуын белгілеу іске қатысы бар барлық талдауға және құзыретті органның өкіміндегі дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуі тиіс.
11. Құзыретті орган субсидияланған импорттың сыртында оның салдарынан дәл сол кезеңде Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.
Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының көрсетілген залалы субсидияланған импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалына қатысты болмауы тиіс.
24-бап
Алдын ала өтемақы шараларын енгізу
1. Егер тергеу аяқталғанға дейін құзыретті орган алған ақпарат субсидияланған импорттың бар екендігі және осымен Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласы залалының шарттасқаны туралы куәландырса, құзыретті орган алдын ала қорытындыда қамтылған баяндама негізінде тергеу жүргізілген кезеңде субсидияланған импорт келтірген Тарап мемлекеттерінің экономикасы саласының залалын болдырмау мақсатында 4 айға дейінгі мерзімде алдын ала өтем бажын енгізу арқылы өтем шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.
2. Алдын ала өтем бажы тергеу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күннен бұрын енгізілмеуі тиіс.
3. Алдын ала өтем бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.
4. Егер тергеу нәтижесі бойынша өтем шараларын енгізу үшін негіз жоқ екендігі анықталса, алдын ала өтем бажының сомасы кедендік төлемдерді қайтару үшін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен, алдын ала өтем баждары алынған кедендік органдар белгілеген тәртіпте төлеушіге қайтарылуға жатады.
5. Егер тергеу нәтижесі бойынша өтем шараларын енгізу үшін негіз бар екендігі анықталса, алдын ала демпингке қарсы баждың сомасы кедендік баждар, баждардың өзге түрлерінің сомаларын, баламалы әрекетке ие салықтар мен алымдарды аудару және тарату саласындағы кеден одағының келісіміне сәйкес бюджетке аударылады.
6. Егер тергеу нәтижесі бойынша өтем шараларын енгізу үшін негіз бар екендігі анықталса және алдын ала өтем бажының ставкасына қарағанда түпкілікті өтем бажының неғұрлым төмен ставкасын енгізу мақсатқа сай деп танылса, алдын ала өтем бажының ставкасы мен түпкілікті өтем бажының ставкасының арасындағы айырма импорттаушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте төлеушіге қайтарылуға жатады, ал алдын ала өтем бажының қалған сомасы кедендік баждар, баждардың өзге түрлерінің сомаларын, баламалы әрекетке ие салықтар мен алымдарды аудару және тарату саласындағы кеден одағының келісіміне сәйкес бюджетке аударылады.
7. Егер түпкілікті өтем бажының ставкасы алдын ала өтем бажының ставкасынан жоғары болған жағдайда, олардың арасындағы айырма алынбайды.
8. Алдын ала өтем бажы бір уақытта тергеуді жалғастыру шарты кезінде қолданылады.
9. Алдын ала өтем бажын қолдану кезінде осы Келісімнің 26-бабының ережесі сақталады.
25-бап
Тергеу объектісі болып табылатын субсидияланатын шетел
мемлекетінің немесе тауар экспорттаушысының ерікті
міндеттемелерді қабылдауы
1. Тергеуді құзыретті орган мыналарға сәйкес олардың жазбаша нысандағы ерікті міндеттемелерді мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде алдын ала немесе түпкілікті өтем бажын енгізбей-ақ тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін:
экспорттаушы шетел мемлекеті субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға не болмаса субсидиялау салдарын жою мақсатында басқа да тиісті шаралар қабылдауға келіседі; немесе
тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушы осы тауарға ол белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (Тараптар мемлекеттеріндегі экспорттаушымен байланысты тұлғалар болғанда, осы тұлғаларды экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелермен қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді талдау нәтижесінде құзыретті орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалын жояды деген қорытындыға келеді.
Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын көтеру, осындай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы шетел мемлекетінен экспортталатын субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшерінен аспауы тиіс.
Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын көтеру, егер мұндай көтеру Тараптар мемлекеттері экономикасы саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
2. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді субсидияланған импорттың бар болуы мен онымен Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласы залалының шарттасқаны туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
3. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер ол тергеу объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуымен байланысты немесе өзге де себептер бойынша мұндай ерікті міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе қабылдамайды. Құзыретті орган экспорттаушыларға мұндай экспорттаушылардың ерікті міндеттерінің мақұлданбағаны жөніндегі себептерді хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты өз түсіндірмелерін беруге мүмкіндік береді.
4. Құзыретті орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына оны мүдделі адамдарға беруге мүмкіндік алу үшін мұндай міндеттемелердің құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.
5. Құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекетіне немесе тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.
6. Құзыретті орган ерікті міндеттемелерді мақұлдаған жағдайда субсидияланған импорттың бар екендігі мен онымен Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласы залалының шарттасқанына қатысты тергеуді экспорттаушы мемлекеттің өтініші бойынша немесе құзыретті орган шешімінің негізінде жалғастыруы мүмкін.
7. Егер тергеудің нәтижесі бойынша субсидияланған импорттың жоқтығы немесе осымен Тараптар мемлекеттерінің экономиканың саласының залалы шарттасқаны туралы қорытынды жасалса, егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, ерікті міндеттемелер қабылдаған экспорттаушы мемлекеттер немесе экспорттаушылар осындай ерікті міндеттемелерден босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда құзыретті орган ерікті міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуы тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
8. Егер тергеудің нәтижесі бойынша құзыретті орган субсидияланған импорттың бар екендігі немесе осымен Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларының залалдың шарттасқаны туралы қорытындыға келсе, қабылданған ерікті міндеттемелер осындай ерікті міндеттемелердің шартына сәйкес іс-әрекетін жалғастырады.
9. Құзыретті орган егер олардың ерікті міндеттемелерін құзыретті орган мақұлдаған болса, экспорттаушы шетел мемлекетінен немесе экспорттаушыдан олардың орындауына қатысты мәліметті, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімді сұратып алуға құқылы.
Сұрау салынған мәліметтерді құзыретті орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушы шетел мемлекетінің немесе экспорттаушының ерікті міндеттемелерді бұзғаны болып саналады.
10. Экспорттайтын шетелдік мемлекет немесе экспорттаушы міндеттемелерді бұзған немесе қайтарып алған жағдайда құзыретті орган егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала өтем бажын немесе егер тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, түпкілікті өтем бажын енгізу арқылы өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Экспорттаушы қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда оған мұндай бұзуға байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіншілік беріледі.
11. Құзыретті органның ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімінде осы баптың 10-тармағының ережелеріне сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала өтем бажының немесе түпкілікті өтем бажының ставкасы анықталуы тиіс.
26-бап
Өтем баждарын енгізу және қолдану
1. Өтем баждарын енгізу туралы шешім экспорттайтын шетел мемлекетінің айрықша субсидияларының әрекет ету мерзімі ішінде қабылдануы мүмкін.
2. Өтем баждарын енгізу туралы шешім айрықша субсидия беретін экспорттаушы шетел мемлекетке консультациялар жүргізу ұсынылғаннан кейін және мемлекет ұсынылған консультациялардан бас тартқан болса немесе осындай консультациялар барысында өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген болса қолданылады.
3. Өтем бажы барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты қолданылады және ерікті міндеттемелерін құзыретті орган мақұлдаған сол экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың мәні болып табылады.
Жекелеген экспорттаушылар үшін құзыретті орган жеке дара өтем бажын белгілеуі мүмкін.
4. Өтем бажының ставкасы субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің айрықша субсидиясының мөлшерінен аспауы тиіс.
Егер субсидия түрлі бағдарламаларға сәйкес берілген жағдайда, олардың жиынтықты мөлшері ескеріледі.
Өтем бажының ставкасы егер де мұндай ставка Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалын қалпына келтіру үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы қатысушы мемлекеттің айрықша субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.
5. Өтем бажы ставкаларын айқындау кезінде экономикалық мүдделеріне өтем баждарын енгізу әсер етуі мүмкін Тараптар мемлекеттерінің тұтынушыларынан құзыретті органға жазбаша түрде келіп түскен пікірлері ескеріледі.
27-бап
Өтем шараларының әрекет ету мерзімі және қайта қарау
1. Өтем шарасы субсидияланған импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Өтем шараларының әрекет ету мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен бастап немесе өзгерген жағдайға байланысты жүргізілген және сонымен қатар субсидияланатын импортқа және онымен байланысты Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының залалына қатысты болған немесе өтем шарасының әрекет ету мерзімінің бітуімен байланысты жүргізілген қайта тергеудің аяқталған күнінен бес жылдан аспауы тиіс.
3. Құзыретті орган өтем шарасының әрекет ету мерзімінің аяқталуымен байланысты қайта тергеуді осы Келісімнің 29-бабының ережелеріне сәйкес не құзыретті органның өз бастамасымен берілген жазбаша түрдегі өтініштің негізінде жүргізеді.
Өтем шарасының әрекет ету мерзімінің аяқталуымен байланысты қайта тергеу өтінімде субсидияланған импортты жаңарту немесе жалғастыру және өтем шарасының әрекет ету мерзімін тоқтату кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер бар болғанда жүргізіледі.
Өтем шарасының әрекетін ұзарту мақсатында қайта тергеу жүргізу туралы өтінішпен өтінім өтем шарасының әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеу өтем шарасының әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін басталуы және оның басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
Осы тармақтың ережесіне сәйкес қайта тергеу аяқталғанға дейін өтем шарасын қолдану құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Егер құзыретті орган өтем шарасының әрекет ету мерзімінің аяқталуымен байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша өтем шарасын қолдану үшін негіз жоқтығын айқындаған жағдайда, өтем шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алынған өтем бажының сомасы кедендік органдары өтем бажын алған тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен кедендік төлемдерді қайтару үшін белгіленген тәртіпте төлеушіге қайтарылуға жатады.
Құзыретті орган егер өтем шарасының әрекет ету мерзімінің аяқталуымен байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша олар субсидияланған импортты жаңарту немесе жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына залал келтіру мүмкіндігі белгіленген жағдайда өтем шарасының әрекет ету мерзімін ұзартады.
4. Құзыретті органның бастамасы бойынша немесе өтем шарасын енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен болса, мүдделі тұлғалардың өтінімі бойынша өтем шарасын қолдануды ұзартудың орындылығын айқындау және (немесе) оның мөлшерін өзгерген жағдайларға байланысты қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.
Өзгерген жағдайларға байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтінім берудің мақсатына байланысты мұндай өтінім мынадай нақты дәлелдерді қамтуы тиіс:
өтем шараларының әрекетін жалғастыру субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына субсидияланған импорт келтірген залалды жою үшін талап етілмейді; немесе
өтем шарасының қолданыстағы мөлшері субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына субсидияланған импорт келтірген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асады; немесе
өтем шарасының қолданыстағы мөлшері субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына субсидияланған импорт салдарынан келтірген залалды жою үшін барынша жеткіліксіз.
Өзгерген жағдаймен байланысты қайта тергеу ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуы тиіс.
5. Осы Келісімнің V тарауының дәлелдемелер беруге және тергеу рәсімін жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген, қайта тергеуге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.
6. Осы баптың ережелері осы Келісімнің 25-бабына сәйкес экспорттайтын шетел мемлекеті немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.
28-бап
Өтем шараларын айналып өту
1. Өтем шарасын айналып өту деп өтем бажын төлеуден жалтару не қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарларды жеткізу тәсілінің өзгеруі түсініледі.
2. Өтем шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтінімі бойынша немесе құзыретті органның жеке бастамасы бойынша, онда төменде көрсетілген мәліметтер болған жағдайда басталуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтінім мынадай болу керек:
1) өтем шараларын айналып өту;
2) өтем шаралар Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың өндіріс көлеміне және (немесе) сатуға және (немесе) бағаға әсерін жою;
3) өндірушілердегі және (немесе) тауар экспорттаушылардағы (оның құрамдас немесе туынды бөліктерін) айрықша субсидияларды беруден пайданы сақтаудың дәлелдемесін қамтуы тиіс.
4. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу жүргізу кезеңінде өтем шарасын экспорттайтын шетел мемлекеті шығаратын субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттайтын шетел мемлекетінен шығарылатын субсидирленген импорттың мәні және (немесе) оның құрамдас және (немесе) туынды бөлігі болып табылатын тауарға таралуы мүмкін.
5. Егер құзыретті орган өтем шарасын айналып өтуді айқындау мақсатында жүргізген қайта тергеудің нәтижелері бойынша өтем шарасын айналып өту анықталмайтын болса, осы бапқа сәйкес төленген немесе өндіріп алынған сома, кедендік органдары өтем бажын өндіріп алған Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында кедендік баждарды қайтарып беру үшін белгіленген тәртіпте төлеушіге қайтаруға жатады.
6. Қайта тергеу нәтижелері бойынша осы Келісімге сәйкес қолданылатын өтем шарасын айналып өту расталған жағдайда өтем шарасын құзыретті орган экспорттайтын шетел мемлекеті шығаратын субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктеріне, сондай-ақ басқа экспорттайтын шетел мемлекетінен шығарылатын субсидирленген импорттың мәні және (немесе) оның құрамдас және (немесе) туынды бөлігі болып табылатын тауарға таралуы мүмкін.
7. Өтем шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатындағы қайта тергеу ол басталған күнінен бастап 9 ай ішінде аяқталуы тиіс.
V-тарау
Тергеу жүргізу
29-бап
Тергеу жүргізу үшін негіздеме
1. Тергеуді өскен импорттың және осының салдарынан Тарап мемлекеттерінің экономикасы саласында болған елеулі залалдың немесе елеулі залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланған импортты және осыдан туындаған материалдық залалды, материалдық залал келтіру немесе Тарап мемлекеттерінің экономикасы саласын қалыптастыруды нақты тежеу қаупін белгілеу мақсатында осы баптың ережелеріне сәйкес не құзыретті органның өз бастамасы бойынша берілген жазбаша түрдегі өтінімнің негізінде құзыретті орган жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінімді мыналар:
1) Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтем шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
2) Тараптар мемлекеттерінде көптеген қатысушылары ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтем шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) шығаратын өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілдері береді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінімге ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін немесе Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауарды өндірушілерінің осындай өтінімді қолдайтындықтарының дәлелдемесі қоса беріледі.
Осындай өтінімді қолдаудың жеткілікті дәлелдемесі ретінде мыналар танылады:
1) өтінімге Тараптар мемлекеттерінде (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды өндірудің жалпы көлемінің көп бөлігін өтінім берушімен бірге шығаратын Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды басқа өндірушілердің қосылғаны туралы құжаттар;
2) Тараптар мемлекеттерінде (оның ішінде өтініш берушілерге) өндірушілердің өтінімді қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 25 пайызын құрайтындығын, бұл ретте өтінімге қатысты өз пікірін (қолдау немесе келіспейтіндігін) Тараптар мемлекеттерінің өндірушілерінің (оның ішінде өтінім берушінің) өтінімді (демпингке қарсы шараларды немесе өтем шараларын қолдану туралы өтінімді беру кезінде) қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 50 пайыздан астамын құрайтындығын растайтын құжаттар.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
1) өтінім беруші туралы, өтінім берген күннің алдында тікелей 3 жыл ішінде Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтем шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері өндірушілерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) немесе ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтем шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы және Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтем шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі;
2) Тарап мемлекеттерінің кеден аумағына импортталатын, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып сипаттамасы;
3) экспорттайтын шетелдік мемлекеттердің немесе кедендік статистика деректерінің негізінде осы тауарды шығарушы не жіберуші мемлекеттердің атауы;
4) экспорттайтын шетелдік мемлекеттерде осы тауарды белгілі өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар туралы және Тараптар мемлекеттеріндегі осы тауарды белгілі импорттаушылар мен тауарды негізгі белгілі тұтынушылар туралы мәлімет;
5) оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шарасын енгізу ұсынылатын тауардың өтінімін беру күніне тікелей сәйкес келетін 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағындағы импорт көлеміндегі өзгерістер туралы мәлімет;
6) өтінімді беру күніне тікелей сәйкес келетін 3 жыл үшін Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағынан ұқсас тауардың немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы шараларды немесе өтем шараларын қолдану туралы өтінім берген кезде) экспорты көлеміндегі өзгерістер туралы мәлімет.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелермен қатар, өтініште сұралған шараларға қатысты өтінім беруші мыналарды көрсетуі тиіс:
1) оған қатысты арнайы қорғау шарасын енгізу ұсынылатын тауардың өскен импортының болуының дәлелдемесі, оған қатысты арнайы қорғау шарасын енгізу ұсынылатын тауардың өскен импортының Тараптар мемлекеттерінің экономиканың саласына елеулі залалдың немесе Тараптар мемлекеттерінің экономиканың саласына елеулі залал келтіру қаупінің болуының дәлелдемесі, осындай шараның мөлшері мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шарасын енгізу туралы ұсыныс, Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының өтінім беруші ұсынған арнайы қорғау шарасының (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінімде) әрекет ету мерзімі ішінде шетелдік бәсеке шарттарындағы жұмысқа бейімделуі;
2) оған қатысты демпингке қарсы шара енгізу ұсынылатын тауар демпингті импортының болуы туралы мәлімет, материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе тауардың демпингтік импортының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының қалыптасуын едәуір тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі, сондай-ақ осындай шараның мөлшері мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шара енгізу туралы ұсыныс (демпингке қарсы шара қолдану туралы өтінімде);
3) экспорттайтын шетелдік мемлекеттердің айрықша субсидияларының болуы мен сипаттамасы туралы және егер де мүмкін болса оның мөлшері туралы мәлімет, материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе тауарды субсидияланған импортының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының қалыптасуын едәуір тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі, осындай шараның мөлшері мен әрекет ету мерзімін көрсете отырып, өтем шарасын енгізу туралы ұсыныс (өтем шарасын енгізу туралы өтінімде).
6. Өтініш беру күні ретінде осындай өтінішті құзыретті органда тіркеген күн есептеледі.
7. Салыстыру мақсатында өтініште жазылған көрсеткіштерді көрсету кезінде бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуы тиіс.
8. Өтініште жазылған мәліметтерді осындай мәліметтерді берген өндірушілердің басшылары, осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігіндегі сондай-ақ бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жауапты жұмыскерлері қол қойып куәландыруы тиіс.
9. Оның құпия емес түрі қоса берілген өтініш (егер де құжатта құпия ақпарат бар болса) құзыретті органға орыс тілінде беріледі және көрсетілген органға құжат келіп түскен күні тіркеуге жатады.
10. Демпингке қарсы, өтем немесе арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтінім мынадай негіздемелер бойынша кері қайтарылады:
өтініш берген кезде осы баптың 3-5-тармақтарында көрсетілген материалдарды бермеу;
өтініш берушінің осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген материалдарды дұрыс бермеуі.
Өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді.
11. Құзыретті орган тергеу басталғаны туралы шешім қабылдағанға дейін экспорттайтын шетел мемлекетті демпингке қарсы шаралар немесе өтем шараларын қолдану туралы өтінімнің келіп түскені туралы жазбаша түрде хабарлайды.
12. Құзыретті орган тергеу басталғандығы туралы шешім қабылдағанға дейін өтініш тіркелген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы өтініште жазылған дәлелдемелер мен мәліметтердің осы баптың 3-5-тармақтарының ережелеріне сәйкес жеткіліктілігін және дұрыстығын зерделейді. Көрсетілген мерзім құзыретті орган өтініш берушіден қосымша мәліметтерді алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда мұндай мерзім 60 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
13. Өтінішті өтініш беруші тергеу басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында қайтарып ала алады.
Егер өтініш тергеу басталғанға дейін қайтарылып алынатын болса, мұндай өтініш берілмеген болып табылады.
Егер өтініш тергеу жүргізу барысында қайтарылып алынатын болса, тергеу арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларын енгізусіз тоқтатылады.
14. Тергеудің басталғаны туралы шешім қабылданғанға дейін өтініште жазылған мәлімет жұртшылыққа жария болуға жатпайды.
30-бап
Тергеуді бастау және оны жүргізу
1. Құзыретті орган осы Келісімнің 29-бабының 12-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тергеуді бастау туралы немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2. Тергеу жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде құзыретті орган жазбаша түрде осындай шешім қабылданған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтінім берушіге тергеу жүргізуден бас тартудың себебі туралы хабарлайды.
3. Тергеуді бастау туралы шешім қабылдаған кезде құзыретті орган экспорттайтын шетел мемлекетінің уәкілетті органына, сондай-ақ оған белгілі басқа да мүдделі адамдарға қабылдаған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және тергеуді бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеуді бастау туралы хабарламаны ресми 5 басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
4. Құзыретті орган тергеуді бастау туралы шешімді, оның ішінде өз бастамасы бойынша, егер бұл органның нұсқамасында өскен импорттың және осыдан туындаған елеулі залалдың немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына елеулі залал келтіру қаупінің бар екендігінің не демпингтік немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласын қалыптастыруды елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі бар болған жағдайда қабылдай алады.
Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда мұндай тергеу жүргізілмеуі мүмкін.
5. Мүдделі тұлғалар өзінің тергеуге қатысу ниеттері туралы жазбаша түрде өтініш білдіруі тиіс. Мүдделі тұлғалар құзыретті органда олардың тергеуге қатысулары туралы өтінімін берген күннен бастап олар тергеу қатысушылары болып танылады.
6. Мүдделі тұлғалар тергеу барысын бұзбайтын мерзімдерде тергеу жүргізу мақсаты үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде мұндай мәліметтердің алу көздерін көрсете отырып құпия ақпаратты беруге құқылы.
7. Құзыретті орган мүдделі тұлғалардан, егер қосымша мәлімет құзыретті органның сұрау салуды алған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн аяқталуына орай берілген жағдайда назарға алынбауы мүмкін қосымша ақпарат беруді сұрауға құқылы.
Мүдделі тұлғалардың дәлелденген және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша аталған мерзімді құзыретті орган ұзартуы мүмкін.
Сұрау салу сұрау салуды мүдделі тұлғаның өкіліне берген сәттен бастап не пошта арқылы жіберген күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде алынған болып есептелінеді.
8. Егер мүдделі тұлға құзыретті органға қажетті ақпаратты беруден бас тартса немесе оны белгіленген мерзімде бермесе не тергеуді жүргізуге елеулі түрде кедергі келтірген жағдайда мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын болып есептеледі, құзыретті орган ондағы ақпараттар негізінде алдын ала немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін.
9. Құзыретті орган тергеуге қатысушыларға өтініштің көшірмесін немесе егер де өтініште құпия мәліметтер бар болса, оның құпия емес нұсқасын жібереді.
Құзыретті орган құпия ақпаратты қорғаудың қажеттілігін ескеріп, тергеуге қатысушыларға олардың өтініші бойынша кез келген басқа тергеуге қатысушыларға осы мәліметтермен танысу үшін тергеудің мәніне қатысы бар дәлелдеме ретінде жазбаша түрде берілген мәліметтерді береді.
Құзыретті орган мүдделі тұлғаларға тергеуге қатысы бар және олар тергеу барысында қолданған өзге мәліметтермен, бірақ құпия емес ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.
10. Құзыретті орган мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша жүргізілген тергеу мәні бойынша консультациялар жүргізеді.
11. Тергеу барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік беріледі. Осы мақсатта құзыретті орган олардың сұрау салулары бойынша барлық мүдделі тұлғаларға олар қарама-қайшы көзқарастарын білдіруі және теріске шығаруға ұсыныс жасауы үшін кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіншілік құпия ақпараттарды сақтау қажеттігін есепке ала отырып, беріледі. Кездесуде барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның қатыспауы оның мүддесіне залал келтіруге алып келмейді.
12. Тауарды тергеудің объектісі болып табылатын тұтынушылар, егер де олар осы тауарды өнім өндірісінде пайдаланатын болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге тұлғалар тергеуге қатысы бар мәліметті құзыретті органға беруге құқылы.
13. Тергеу жүргізу мерзімі мыналардан аспауы тиіс:
1) арнайы қорғау шаралары туралы өтінімнің негізінде тергеу басталған күннен бастап 9 ай. Бұл мерзімді құзыретті орган ұзартуы мүмкін, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады;
2) демпингке қарсы шараларды немесе өтем шараларын қолдану туралы өтінімнің негізінде тергеу басталған күннен бастап 12 ай. Бұл мерзімді құзыретті орган ұзартуы мүмкін, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
14. Тергеуді жүргізу тергеу объектісі болып табылатын тауарды кедендік рәсімдеуге бөгет болмауы тиіс.
31-бап
Демпингке қарсы тергеу жүргізудің ерекшеліктері
1. Егер құзыретті орган демпингтік маржа ең төменгі рұқсат етілген Демпингтік маржадан аз екендігін не жасалған немесе мүмкін болатын Демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қауіптерінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының қалыптасуын елеулі тежеудің мөлшері елеусіз болып табылатындығын белгілеген болса демпингке қарсы тергеу шараларды енгізусіз демпингке қарсы тергеу тоқтатылады.
2. Белгілі бір экспорттаушы шетел мемлекеттерінің демпингтік импортының көлемі егер, осындай импорттың көлемі экспорттаушы мемлекетке әрбіреуіне жеке дара үлесі демпингтік импортта импорттаушы Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумаққа ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызын құрайтын, жиынтықта импорттаушы Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтағы ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 7 пайызынан астамына ие болатын шарттарда импорттаушы Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтан ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің кемінде 3 пайызын құрайтын болса елеусіз болып табылады.
3. Құзыретті орган демпингке қарсы тергеу нәтижесі бойынша қорытынды қабылдағанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.
32-бап
Өтемдік тергеу жүргізудің ерекшеліктері
1. Егер құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекеттің айрықша субсидияларының мөлшері аз болып табылса не жүзеге асырылған немесе мүмкін болатын субсидияланған импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласын қалыптастыруды едәуір тежеудің мөлшері айтарлықтай болып табылмаған болса, тергеу шаралар енгізусіз өтемдік тергеу тоқтатылады.
2. Айрықша субсидияның мөлшері, егер зерттеу объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде 1 пайызын құрайтын болса ең аз деп танылады.
Субсидияланған импорт көлемі, егер шетел мемлекеттеріне олардың әрқайсысының импорттағы жеке үлесі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына осыған ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 1 пайызынан аспайтын, жиынтығы кедендік аумаққа осыған ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 1 пайызынан аспайтындай тиесілі жағдайы кезінде Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумаққа осыған ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аспайтын көлемді құраса елеусіз болып табылады.
3. Субсидияланған импорт көлемінің мәні болып табылатын және тараптар мемлекеттерінің преференциялық бірыңғай жүйесін өркендеген пайдаланушы-елдер жасалатын тауарға қатысты, егер құзыретті орган экспорттаушы шетел мемлекеттің айрықша субсидияларының жалпы мөлшерін белгілесе, аталған тауарларға қатысты ұсыныстар оның құнының тауар бірлігінің есебінде 2 пайыздан асырмайды немесе осындай елден келген аталған тауар импортының үлесі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемінен 4 пайыздан аспайтын көлемді құраса, әрбіреуінің үлесі Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін дамушы мемлекеттерден, Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағындағы аталған тауар импортының жиынтық үлесі 4 пайыздан аспайтындай тиесілі жағдай кезінде, Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін 9 пайыздан аспаған жағдайда тауарға қатысты өтемдік тергеу тоқтатылады.
4. Құзыретті орган өтемдік тергеу нәтижесі бойынша қорытынды қабылданғанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.
33-бап
Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында Тараптар
мемлекеттерінің экономика саласын айқындау ерекшеліктері
1. Демпингке қарсы немесе өтемдік тергеу жүргізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің 2-бабында белгіленген мағынада түсіндіріледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды өндірушілері бір уақытта тауарды импорттаушылары болжамды түрде демпингтік немесе субсидияланған импорттың мәні болып табылса Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы Тараптар мемлекеттерінің тек қана қалған ұқсас тауарды өндірушілері түсіндіріледі.
Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы ретінде мынадай жағдайларда, егер:
1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды жекеленген өндірушілері тікелей не жанама тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыларды немесе импорттаушыларды бақылайтын;
2) тауарды жекеленген экспорттаушылары немесе импорттаушылары тікелей немесе жанама Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды өндірушілерін бақылайтын;
3) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды жекелеген өндірушілер және тергеу объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерді және экспорттаушыларды немесе импорттаушыларды тікелей немесе жанама үшінші тұлға бақылайтын;
4) жекелеген өндірушілер және экспорттаушылар немесе импорттаушылар тікелей немесе жанама үшінші тұлғаны бақылайтын болса, Тараптар мемлекеттерінің қалған ұқсас тауарды өндірушілері түсіндірілуі мүмкін.
3. Айрықша жағдайларда, Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласын айқындау кезінде Тараптар мемлекеттерінің аумағы екі немесе бірнеше аумақтық бірлескен бәсекелес базарларды іске асыратын аумақ ретінде, ал Тараптар мемлекеттерінің өндірушілері көрсетілген базарлардың біреуінің шегінде, егер мұндай өндірушілер осындай базарларда тұтыну немесе олар өндіретін ұқсас тауардың кемінде 80 пайызын қайта өңдеу мақсатында сататын және ұқсас тауарға мынадай нарықтағы тапсырысты Тараптар мемлекеттерінің қалған аумағында тұрған осы тауарды өндірушілер елеулі мөлшерде қанағаттандырмайтын болса, Тараптар мемлекеттерінің экономиканың жекелеген саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласын қалыптастыруды едәуір тежеу болған жағдайда демпингтік импорттың немесе субсидияланған импорттың салдарынан егер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмеген болса да, демпингтік немесе субсидияланған импорттың мәні болып табылатын тауарды сатуды шоғырландыру кезінде, көрсетілген бәсекелесетін нарықтардың бірінде белгіленуі мүмкін және демпингтік импорт немесе субсидияланған импорт барлығына немесе Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды өндірушілерінің барлығына дерлік осындай бір нарықтың шегінде залал келтіреді.
4. Егер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы осы баптың 3-тармағында белгіленген мағынада түсіндірілетін жағдайда және тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара немесе өтем шара қолдану туралы шешім қабылданатын болса, осы шара Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағында тауардың барлық импортына қолданылатын болады.
Бұл жағдайда демпингке қарсы баж немесе өтем баж құзыретті орган тауарды экспорттаушыларға осы аумаққа осындай тауарды оның қалыпты құнынан төмен баға бойынша (демпингтік импорт кезінде) немесе сауданың қарапайым барысы кезіндегі бағадан ерекшеленетін баға бойынша (субсидияланған импорт кезінде) экспортты тоқтату не Тараптар мемлекеттерінің аумағына экспорт шарттарына қатысты ерікті міндеттемелерді өзіне алу мүмкіндігін бергеннен кейін ғана, мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар бұрын пайдаланбаған жағдайда енгізіледі.
34-бап
Көпшілік тыңдау
1. Кез келген мүдделі тұлғаның жазбаша түрде ұсынған қолдау хаттың негізінде және осы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімінің негізінде құзыретті орган көпшілік тыңдауды жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Құзыретті орган тергеуге қатысушыларына көпшілік тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны, сондай-ақ көпшілік тыңдауды жүргізу барысында қарастырылатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
Көпшілік тыңдауды өткізу уақыты тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен соң тағайындалады.
3. Көпшілік тыңдауға тергеуге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ олар өздеріндегі тергеуге қатысты мәліметтерді беру мақсатында тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
Тергеуге қатысушылары көпшілік тыңдау барысында өз пікірлерін білдіре алады және тергеуге қатысты дәлелдемелер бере алады. Құзыретті органның өкілі олар мәлімдеген фактілердің нақтылығына қатысты көпшілік тыңдауға қатысушыларға сұрақтар қоюға құқылы. Тергеуге қатысушылар сонымен қатар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Көпшілік тыңдауға қатысушылар құпия деп танылған ақпаратты жарияламауға міндетті.
4. Көпшілік тыңдау барысында ауызша түрде берілген мәліметтер егер көпшілік тыңдау өткізілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде олар құзыретті органға тергеуге қатысушылармен жазбаша ұсынылған болса, тергеу барысында ескеріледі.
35-бап
Тергеу жүргізу барысында ақпараттар жинау
1. Демпингке қарсы немесе өтемдік тергеулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін құзыретті орган тергеу объектісі болып табылатын оған белгілі экспорттаушыларға және (немесе) демпингтік немесе тауарды өндірушілерге олар жауап берулері тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
Сұрақтар тізбесін Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды арнайы зерттеу жүргізу жағдайында (арнайы қорғаныс тергеуін жүргізген кезде) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемдік тергеу жүргізу жағдайында) өндірушілерге жіберіледі.
2. Сұрақтар тізбесі жіберілген экспорттаушыларға және (немесе) тауарды өндірушілерге өз жауаптарын құзыретті органға берулері үшін осындай тізбені алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн беріледі.
Экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің дәлелденген және жазбаша түрде жазылған өтініштері бойынша көрсетілген мерзімді құзыретті орган 14 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
3. Сұрақтар тізбесі пошта арқылы жіберілген күннен бастап немесе экспорттаушылардың және (немесе) өндірушінің тікелей өкіліне тапсырылған күннен бастап 7 күнтізбелік күннен кейін алынды деп есептеледі.
Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды құзыретті органмен, егер олар құзыретті органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген 30 күндік мерзім аяқталған күннен немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей келіп түскен болса алды деп есептеледі.
4. Құзыретті орган тергеу барысында мүдделі тұлғалар берген ақпараттардың дәлдігіне сенімді болуы тиіс. Құзыретті орган тергеу объектілері болып табылатын Тараптар мемлекеттердегі экспорттаушыларды, өндірушілерді және (немесе) тауарды импорттаушыларды және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды өндірушілерді тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Тергеу объектісі болып табылатын экспорттаушыларды және (немесе) тауар өндірушілерді тексеру тергеу объектісі болып табылатын тиісті экспорттаушының және (немесе) тауарды өндірушілердің бұған келісім алуы шарты кезінде, сондай-ақ экспорттаушы шетелдік мемлекеттің өкілдерінен алдын ала хабарландырылуы және осы мемлекеттің Тараптарынан оның аумағына тергеу жүргізуге қатысты келіспеушіліктері болмаған шарты кезінде жүргізілуі мүмкін.
5. Құзыретті орган тергеу барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тергеумен байланысты алынған қосымша ақпаратты тексеру мақсатында өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеу жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қабылдауға құқылы.
36-бап
Мүдделі тұлғалар
1. Тергеу жүргізу кезінде мыналар мүдделі тұлғалар болып табылады:
1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарын өндіруші және Тараптар мемлекеттерінің өндірушілер бірлестігі қатысушыларының көбісі ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды өндірушілер болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің өндірушілерінің бірлестігі;
2) тауарды экспорттаушы, өндіруші немесе импорттаушы, қатысушыларының көбісі экспорттаушы шетелдік мемлекеттің немесе тауарды шығарушы мемлекеттің тауарын өндірушілер, экспорттаушылар немесе импорттаушылар болып табылатын тұлғалар бірлестігі;
3) экспорттаушы шетел мемлекеттің үкіметі немесе уәкілетті органы немесе тауарды шығарушы мемлекет;
4) тауарды тұтынушылар тергеу объектісі болып табылады, егер олар өнім өндірісінің кезінде осындай тауарды пайдаланса және Тараптар мемлекеттерінің тұтынушылар бірлестігі;
5) егер тауар жеке тұлғаның айрықша тұтынатын заты болып табылатын қоғамдық тұтынушылар бірлестігі.
2. Мүдделі тұлғалар тергеу барысында дербес немесе Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тиісті түрде ресімделген өкілеттік бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.
Егер мүдделі тұлға тергеу барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет ететін болса, құзыретті орган мүдделі тұлғаға тек осы өкіл арқылы ғана тергеу мәні туралы мәліметті жеткізеді.
37-бап
Құпия ақпарат
1. Құзыретті органға мүдделі тұлғамен берілген ақпарат тұлға оның ішінде осындай ақпаратты жария ету үшінші тұлғаға бәсекелік артықшылық беретінін не осындай ақпаратты берген тұлға үшін немесе осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкелетіндігін куәландыратын негіздеме берген кезде құпия ретінде қарастырылады.
Құпия ақпарат Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны берген мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбайды.
2. Құпия ақпарат берген мүдделі тұлғалар онымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын беруге міндетті.
Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың маңызын оңтайлы түсіну үшін жеткілікті толық болуы тиіс.
Айрықша жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия ақпараттың нұсқасын жасау мүмкін емес себептерін мазмұндап, құпия емес жазуға келмейтіндігі негіздемесінде ұсынуы мүмкін.
3. Егер құзыретті орган мүдделі тұлға берген негіздеме берілген ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейтіндігін белгілеген болса, не мүдделі тұлға құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген болса, құпия ақпаратты құпия емес нұсқада жазу мүмкін еместігінің негіздемесін бермеген немесе құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметті берген болса құзыретті орган бұл ақпаратты есепке алмауы мүмкін.
4. Құзыретті орган және тергеу процесінде құпия ақпаратқа қолы жеткен басқа тұлғалар тергеу барысында құзыретті орган орналасқан мемлекеттің заңнамасында көзделгендей құпия ақпаратты жариялағандары үшін жауапты болады.
38-бап
Экспорттаушы шетел мемлекеттің болжамды айрықша субсидияларын
белгілеуге арналған консультациялар
1. Құзыретті орган өтінімді қарауға қабылдағаннан кейін және тергеуді бастау туралы шешімі қабылдағанға дейін оған қатысты өтем шара енгізуді ұсыну және тауарды экспорттаушы шетел мемлекеттің уәкілетті органына субсидиялайтын мемлекет беретін болжамды айрықша субсидияның болуына, мөлшері мен салдарына қатысты жағдайды нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультациялар жүргізу ұсынылады.
Мұндай консультациялар тергеу барысында да жалғасуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу құзыретті органға тергеудің басталғаны және өтем шара қолдану туралы шешім қабылдауға бөгет болмайды.
39-бап
Тергеуге байланысты шешім қабылдау туралы хабарлама
1. Тергеуді бастау туралы хабарлама мыналарды қамтуы тиіс:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың толық сипаты;
2) экспорттаушы шетел мемлекеттің атауы;
3) тергеуді бастау туралы шешім қабылдаудың мақсаттылығын растайтын фактілердің қысқаша жазылуы;
4) Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына залал келтіруді растайтын фактілердің қысқаша жазылуы;
5) мүдделі тұлға өз пікірлерін және тергеуге қатысты мәліметті жіберуі үшін мекен-жай;
6) тергеуге қатысушылар көпшілік тыңдауларды жүргізу туралы қолдау білдіретін мерзім;
7) мүдделі тұлға жазбаша түрде өз пікірін және тергеуге қатысты мәліметтерді жібере алатын мерзім.
Тергеудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген мерзімдерді құзыретті орган айқындайды және тергеудің басталуы туралы хабарлама жарияланған күннен бастап кемінде 90 күнтізбелік күн болуы тиіс.
2. Құзыретті орган тергеуді уақытша тоқтату және тоқтату туралы, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің үкіметінің ресми баспа басылымында қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараны енгізуге, қолдануға, қайта қарауға немесе бас тартуға қатысты кез келген шешім туралы хабарламаларды жариялауды қамтамасыз етеді.
Мұндай хабарламалар экспорттаушы шетел мемлекеттердің уәкілетті органына және құзыретті органға белгілі экспорттаушы шетел мемлекеттің басқа мүдделі тұлғаларына жіберіледі.
3. Алдын ала арнайы бажды, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе алдын ала өтем бажды енгізу туралы хабарлама құзыретті органның өскен импорттың және осыдан туындаған елеулі залалды немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасының саласына залал келтірудің бар екендігі туралы, демпингтік импорттың немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласын қалыптастыруды едәуір тежеудің бар екендігі туралы алдын ала қорытындысының түсіндірмесінен, сондай-ақ олардың негізінде алдын ала арнайы, демпингке қарсы немесе өтем баждар енгізу туралы шешім қабылданған фактілерден тұруы тиіс.
Сонымен қатар, алдын ала демпингке қарсы немесе өтем баж енгізу туралы хабарлама мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыларының атауы не егер де бұл деректерді келтіру мүмкін болмаған болса, экспорттаушы шетел мемлекеттердің атауы;
2) кедендік рәсімдеу мақсатына жеткілікті тергеу объектісі болып табылатын тауардың сипаттамасы;
3) белгіленген демпингтік маржаның мөлшері және тауардың қалыпты бағасы мен экспорттық бағасын (алдын ала демпингке қарсы баж енгізу кезінде) есептеу және салыстыру әдістемесін пайдалану үшін себептердің егжей-тегжейлі сипаттамасы;
4) субсидияның тауар бірлігіне есептелген мөлшері және субсидияның болуын белгілеу үшін негіздеме (алдын ала өтем бажды енгізу кезінде);
5) Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды белгілеу үшін негіздеме;
6) демпингтік импорттың немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына залалдың болуы туралы оң қорытындыға әкелген негіздеме.
4. Құзыретті орган арнайы қорғау тергеуінің нәтижелері бойынша тергеуді аяқтаған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде көрсетілген орган оның иелігіндегі ақпаратты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындылар туралы хабарламаны жариялауды қамтамасыз етеді.
5. Демпингке қарсы баж немесе өтем баж енгізу туралы не ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылданған тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлама құзыретті органның тергеу нәтижелері туралы соңғы қорытындысының түсіндірмесін, сондай-ақ олардың негізінде осындай шешім қабылданған фактілер мен нормативтік құқықтық актілерге нұсқамаларды қамтуы тиіс.
Сонымен қатар, көрсетілген хабарламада:
1) құзыретті органның қабылданған қорытындысының нәтижелі түсіндірмесі;
2) шешім қабылданған фактілер нұсқамалары;
3) баптың 3-тармағында тізбектелген ақпаратты қамтуы;
4) тергеу объектісі болып табылатын экспорттаушылардың және импорттаушылардың тергеу барысында айтылған аргументтері мен сұрауларын қабылдау немесе қабылдамау себептерін көрсету;
5) осы Келісімнің 10-бабының 7-11-тармақтарына сәйкес шешім қабылдау себептерін көрсету қажет.
6. Ерікті міндеттемелерді мақұлдаумен байланысты тергеуді аяқтау немесе тоқтата тұру туралы хабарлама осындай ерікті міндеттемелердің құпия емес нұсқасын қамтуы тиіс.
7. Осы баптың ережесі тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қайтадан тергеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламаларға қолданылады.
40-бап
Демпингке қарсы, өтем және арнайы қорғау шараларын қолданбау
1. Тергеудің нәтижелері бойынша құзыретті орган, тіпті егер мұндай шараларды қолдану осы Келісімнің ережелерінде белгіленген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда да, осы Келісімде көзделген арнайы қорғау, демпингке қарсы шараларды немесе өтем шараларды қолданбау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Мұндай шешім егер шараларды қолдану Тараптар мемлекеттерінің мүдделерін залал келтіруі мүмкін болса және егер осындай шешім қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
2. Құзыретті орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтем шараларды қолданбау туралы хабарламаны ресми баспалық басылымдарында жариялануын қамтамасыз етеді.
VІ-бөлім.
Қорытынды ережелер
41-бап
Дауларды шешу
Осы Келісімді түсіндірумен және (немесе) қолданумен байланысты даулар Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі, келісімге қол жетпеген жағдайда дауларды шешу Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беріледі.
42-бап
Өзгерістер енгізу
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге Тараптардың арнайы хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
43-бап
Күшіне ену, қосылу және шығу
Аталмыш Келісімнің күшіне енуі, оған қосылу және одан шығу 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында жасалған Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы Хаттамаға сәйкес анықталады.
2008 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқалық данасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол оның депозитарийі болып табылады және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін