Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Шанхайда 2006 жылғы 15 маусымда жасалған, Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай
ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Шанхайда 2006 жылғы 15 маусымда жасалған, Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Ресми куәландырылған мәтін
Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы)
2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған
Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына (бұдан әрі - Хартия) өзгерістер енгізу туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 2003 жылғы 29 мамырдағы шешіміне сәйкес,
төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:
1-бап
Хартияның 10-бабының бірінші абзацындағы "Бішкекте (Қырғыз Республикасы)" деген сөз тіркесі "Ташкентте (Өзбекстан Республикасы)" деген сөз тіркесіне өзгертіледі.
2-бап
Осы Хаттама оған қол қойған мемлекеттердің ратификациялауына жатады және төртінші ратификациялық грамотаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
3-бап
Осы Хаттама Хартияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Шанхай қаласында 2006 жылғы 15 маусымда орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін