Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "Әлихан Асханұлы Смайыловты "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп" деген сөздер "Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:
"Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мамытбеков - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Асылжан Сарыбайұлы қоғамының басқарма төрағасы
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов