"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.07.2009 N 1101 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қосымшаға сәйкес құрамдағы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесiн;
      Асылжан Сарыбайұлы Мамытбековті "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.01.2007 N 19; 21.11.2008 N 1078; 20.07.2009 N 1101 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн aтқарушы

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                        2006 жылғы 26 желтоқсандағы
                                             N 1287 қаулысына
                                                 қосымша

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2008
N 1024 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2008
N 1078; 25.03.2009 N 399; 14.07.2009 N 1068; 20.07.2009 N 1101;
30.12.2009 № 2289; 20.12.2010 N 1378; 01.03.2011 N 206; 23.09.2011
N 1093; 10.01.2012 № 10; 07.03.2012 N 302; 04.10.2012 N 1257;
22.02.2013 N 167 қаулыларымен.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы
Директорлар кеңесiнiң құрамы

Сағынтаев                - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы          Министрінің бірінші орынбасары -
                           Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
                           министрі

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы         шаруашылығы министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Айтжанов                 - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Дулат Нулиұлы              акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасы

Джорджо Понци            - «Agrotehnica S.r.l.» компаниясының
                           президенті, Италия Республикасы, тәуелсіз
                           директор

Розинов                  - "Иволга-Холдинг" ЖШС бас директоры,
Василий Самойлович         тәуелсіз директор

Грамцов Андреас          - "Қазақстан-Герман аграрлық-саяси
                           диалогы" жобасының ғылыми қызметкері,
                           тәуелсіз директор

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады