Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1141 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 259 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 17, 192-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесінде:
      6-тармақтың бірінші абзацы "туралы шешімді" деген сөздерден кейін "өтініш беруші осы ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады