"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.09.03. N 1299 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

                                                             Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
өзгерістер толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасын Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 жылғы, N 8-9, 234-құжат; 2000 жылғы, N 3-4, 63-құжат; 2001 жылғы, N 24, 338-құжат; 2005 жылғы, N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 9 (2490), 67-құжат):
      19-бапта:
      екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "- тиісті уәкілетті органдар бастама білдірген тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы фактілерін анықтаумен байланысты тексерулерге тәуелсіз сарапшылар ретінде қатысуға;";
      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- тұтынушылар құқығын бұзатын әрекеттерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін қажетті ақпаратты беруге.".
      3. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 жылғы, N 6 (2414), 44-құжат, 2006 жылғы, N 1, 5-құжат, 2006 жылғы, N 3 (2460), 22-құжат, 2006 жылғы, N 23 (2480), 141-құжат):
      1-бап мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "14) сауда объектілерін басқарушы - иелігінде сауда объектісі бар, сауда объектісінің орналасқан жері бойынша салық органында есепте тұрған заңды тұлға;
      15) сауда орны - тауарды, сауда мүкәмалын қоюға және сатуға арналған тауар қорын сақтауға арналған сөремен жабдықталған сатушының
(сатушылардың) жұмыс істейтін аймағы. Сауда орны өткізілетін тауардың әртүрлілігін есепке ала отырып қажетті санитарлық-техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс;
      16) сауда қызметі субъектілерінің тізілімі - сауда объектісінің басқарушысы жасайтын және осы Заңда белгіленген талаптарға жауап беретін сауда қызметімен айналысатын жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер тізбесі;
      17) сатушылар тізілімі - сауда қызметінің субъектілері жасайтын тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) бойынша қызметті тікелей жүзеге асыратын сатушылар туралы мәліметтер тізбесі;
      18) сауда орындарын ұсыну туралы шарттар тізілімі - сауда объектісін басқарушымен сауда орындарын ұсыну туралы шарт жасасқан тұлғалар ұсынған сауда объектісін басқарушы қалыптастыратын және осы заңның талаптарына жауап беретін мәліметтер тізбесі.";
      мынадай мазмұндағы 10-1 баппен толықтырылсын:
      "10-1. Сауда қызметі субъектілерінің тізілімі
      1. Сауда қызметі субъектілерінің тізілімін сауда объектісін басқарушы қалыптастырады және жүргізеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) заңды тұлғаның толық атауы не сауда орынын жалға беру туралы шарт жасасқан жеке тұлғаның, сондай-ақ сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      2) сауда қызметі субъектісінің тұратын жері не орналасқан жері;
      3) жеке басты куәландыратын құжаттың деректері, сауда қызметі
субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы жазбаның мемлекеттік тіркеу нөмірі.
      2. Сауда қызметі субъектісінің тізілімін жүргізуді сауда объектісін басқарушы қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
      3. Сауда қызметі субъектілерінің тізілімі ақпараттың жоғалуының, бұрмалануының, қолдан жасалуының алдын алу қамтамасыз етілетін жағдайларда бөгде адамдар үшін кіруге болмайтын орындарда сақталуы тиіс";
      мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
      "32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
      1. Сауда қызметі субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
      1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше
белгіленбесе сауда қызметінің кез келген түрлерін жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, сауда қызметін жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген
жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды дербес белгілеуге;
      4) сауда қызметі субъектілерінің құқықтарын бұзуға кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселелері бойынша бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау және мемлекеттік органдарына жүгінуге;
      5) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
      6) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісті түрде
орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы
ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқылы.";
      2. Сауда қызметі субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
      1) мынадай мәліметті қамтитын сатушылар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыруға:
      а) дара кәсіпкердің тегі, аты және (егер бар болса) әкесінің аты, оның тұрғылықты жері туралы мәлімет, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке дара сәйкестік нөмірі, дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің нөмірі;
      б) жеке тұлғаның тегі, аты және (егер бар болса) әкесінің аты, оның тұрғылықты жері туралы мәлімет, азаматтығы туралы мәлімет, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке дара сәйкестік нөмірі;
      2) сатушылар тізіліміне уақтылы және дәл жазба енгізуді қамтамасыз ету;
      3) сатушылардың қағаздағы және (немесе) электронды тасығыштардағы тізілімін жүргізуге;
      4) сатушылар тізілімін жүргізуге және оны ақпараттың жоғалуының, бұрмалануының, қолдан жасалуының алдын алу қамтамасыз етілетін жағдайларда бөгде адамдар үшін кіруге болмайтын орындарда сақтауға міндетті.".
      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
      "6-1-тарау. Сауда объектілері мен сауда қызметі ұйымдарын жабдықтауға, оны ұстауға қойылатын талаптар
      32-2-бап. Сауда объектісін жабдықтауға қойылатын талаптар
      1. Сауда объектісін жабдықтау сауда объектісін басқарушымен не
тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      2. Сауда объектісінде мыналар болуы тиіс:
      1) оларды орналастыру схемасына сәйкес жабдықталған орындар;
      2) өрт сөндіру құралдарын орналастыруға және апатты немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда азаматтарға хабарлауға арналып жабдықталған орындар;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сауда базарлары қызметін ұйымдастыру ережесінде айқындалатын қажетті ақпаратты шолуға арналған көрнекі қол жетімді орын.
      32-3-бап. Сауда объектісін ұстауға қойылатын талаптар.
      1. Сауда объектісін ұстауды сауда объектісін басқарушы тиісті
санитарлық және техникалық жағдайда жүзеге асырады.
      2. Сауда объектісінде мыналар:
      1) уақтылы жинастыру мен оны жайластыру жөніндегі іс-шаралар;
      2) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болу ошақтарының немесе бұл аурулардың таралуының алдын алу және олар пайда болған жағдайда мұндай ошақтарды жою жөніндегі санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық іс-шаралар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де заңнама талаптарын орындау қамтамасыз етілуі тиіс.
      32-4-бап. Сауда қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
      Сауда қызметін ұйымдастыру мақсатында сауда объектісін басқарушы мыналарды:
      1) сауда орындарын орналастыру схемасын әзірлеуге және бекітуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережелерінде айқындалған тәртіпте беруді қамтамасыз етуге;
      2) сауда объектісін күзетуді ұйымдастыруға және сауда объектісінде қоғамдық тәртіпті ұстауға қатысуға;
      3) базардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын қауіпсіздік паспортын әзірлеуге және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімі бойынша бекітуге;
      4) сауда объектісінің түріне сәйкес келетін тауарлардың сатылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
      5) сауда қызметі субъектілерінің тізілімін қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға;
      6) сатушылар мен олар иемденген сауда орындарының осы заңда белгіленген талаптарға сәйкестігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережелерінде айқындалған тәртіпте тексеруді жүзеге асыруға;
      7) сауда орындарын сауда қызметі субъектілеріне жалға беруге тапсыру кезінде жалға берудің жазбаша шарттарын жасауға, олар мыналарды қамтуы тиіс:
      а) өтініш беруші туралы мәлімет:
      заңды тұлғаның толық және (егер бар болса) қысқаша атауы, оның ішінде фирмалық атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, оның орналасқан жері, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестік нөмірі;
      дара кәсіпкердің тегі, аты және (егер бар болса) әкесінің аты, оның тұрғылықты жері туралы мәлімет, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке дара сәйкестік нөмірі, дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің нөмірі;
      жеке тұлғаның тегі, аты және (егер бар болса) әкесінің аты, оның тұрғылықты жері туралы мәлімет, азаматтығы, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке дара сәйкестік нөмірі;
      б) сауда орынын жалға алу мерзімі мен оны пайдалану мақсаты;
      өтініш беруші жұмысқа тартатын сатушылар тізбесі және жеке тұлғаның тегін, атын және (егер бар болса) әкесінің атын, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, азаматтығы және оның сауда орындарында тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) бойынша қызметке тартылуының құқықтық негізі туралы мәліметті қамтуы тиіс олар туралы мәлімет;
      в) тауар өндіруші туралы, оның ішінде сауда орынын тауар өндірушіге берген жағдайда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісіне сәйкес қызметтің жүзеге асырылатын түрі туралы ақпарат;
      г) жалға беру төлемінің ақысы;
      8) сауда орындарын ұсыну туралы шарттар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыруға; ол осы заңның 32-4-бабының 7) тармағына сәйкес ұсынылған мәліметті қамтуы, сондай-ақ сауда орындарының мақсаттылығы, олардың орналасуы, жалға беру мерзімдері мен сауда орындарын жалға беру туралы шарттардың деректемелері көрсетілуі тиіс;
      9) сауда орындарын жалға беру туралы шарттар тізілімінде уақтылы және дәл жазбалар енгізуді қамтамасыз етуге;
      10) қағаз және (немесе) электронды тасығыштарда сауда орындарын жалға беру туралы шарттардың тізілімін жүргізуге;
      11) сауда орындарын жалға беру туралы шарттардың тізілімін жүргізуге және оны ақпараттың жоғалуының, бұрмалануының, қолдан жасалуының алдын алу қамтамасыз етілетін жағдайларда бөгде адамдар үшін кіруге болмайтын орындарда сақтауға міндетті.".

       2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады