Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашадағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы
Заңы
):
1) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:
"224-1-бап. Энергия беруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді электр және (немесе) жылу желілеріне қосуға жақын нүктені анықтаудан бас тартуы
1. Энергия беруші ұйымның кернеу класына немесе жылумен
жабдықтаудың жалпы жүйесіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне
сәйкес келетін электр және (немесе) жылу желілеріне жақын қосу нүктесін анықтаудан және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудан бас тартуы, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға
-
үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2) 541-баптың бірінші бөлігінде "222-229" деген цифрлар "222, 223, 224, 224-1, 225-229" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжат; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжат; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 15-16, 64-құжат):
1) 16-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында "мұнай және газ өңдеу объектілерін" деген сөздерден кейін "жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;";
26-баптың 4-тармағында "кеңейте түсу үшін" деген сөздерден кейін ", жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 119-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "электр станцияларын" деген сөздерден кейін ", жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 135-бапта "балық, аңшылық шаруашылықтарының" деген сөздерден кейін ", жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 343-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
1) 1-баптың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жаңартылатын энергия көздері - өздігінен ағатын табиғи процестер есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, өзендердің гидрогеологиялық режимін өзгертпей-ақ ағыс (деривациялық) режимінде жұмыс істейтін қуаты отыз бес мегаватқа дейінгі қондырғыларға арналған судың гидродинамикалық энергиясы, геотермальдық энергия: топырақтың, топырақ қабатындағы сулардың, кезеңдердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антроногендік көздері: электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын биомасса, биогаз және өзге де органикалық қалдықтардан жасалатын отын;";
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
4. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 87-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
1) 18-4 бапта:
1-тармақ "4-тармақтармен" деген сөздерден кейін ", 4-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Электр және (немесе) жылу энергиясын білікті энергии өндіруші ұйымдардан сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
5. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер электр желілеріне тікелей қосылған өңірлік электр желілік компапиялары өз желілеріндегі электр энергиясының нормативтік ысырабын өтеуге осы ысырап мөлшерінің елу пайыздан аспайтын көлемінде тиісті білікті энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын толық көлемінде сатып алуға міндетті.
Білікті энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясының көлемі тиісті өңірлік электр желілік компанияның нормативтік ысырабы мөлшерінің елу пайызынан асып кеткен жағдайда, ұлттық электр желісіндегі электр энергиясының нормативтік ысырабын өтеуге осы электр энергиясының қалған көлемін жүйелік оператор сатып алады.".
6. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
12-баптың 1) тармақшасында "электр және жылу энергиясын" деген сөздердің алдынан "жеке пайдалану үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап . Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті