Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақшада:
үшінші абзацтағы "Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен" деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерінің әскер тектері қолбасшыларының (бастықтарының) басқармалары, арнайы әскерлердің бас басқармалары (басқармалары);";
3) тармақшада:
екінші абзац "өңірлік қолбасшылық" деген сөздердің алдынан "әскери басқару органдары," деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы "әскери-оқу орындары," деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
"әскери-оқу орындары және" деген сөздер алынып тасталсын;
"оқу" деген сөзден кейін "және резервтік" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
заңнамада белгіленген тәртіппен Құрлық әскерлері басқару органдарының құрылуын қамтамасыз етсін;
осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев