Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 15, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесінде:
тақырыбындағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов