Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Оңтүстік - Батыс дәлізі жобасы) қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Оңтүстік - Батыс дәлізі жобасы) қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Оңтүстік - Батыс дәлізі жобасы) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) Оңтүстік - Батыс дәлізі жобасы) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Жоба
(N 39258 операция)
Қазақстан Республикасы
мен
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" Халықаралық транзиттік дәлізі) Оңтүстік - Батыс дәліз коридоры жобасы
2009 жылғы __________
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы 200 ___ жылғы ______________ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
КІРІСПЕ
Банктің көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың және оларды өмірге енгізудің қағидаларын ұстанған Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға ықпал ететін нақты жобаларға қаржыландыру беру үшін құрылғандықтан;
Қарыз алушы Ресей Федерациясы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы шекарасы арасындағы ұзындығы 102 км автожолды қайта жөндеуде және техникалық санатын арттыруда Қарыз алушыға көмек көрсетуге арналған 1-қосымшада сипатталғандай Жобаны іске асыру ниеті болғандықтан;
Қарыз алушы Банкке Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы автожолының учаскесін қайта жаңарту жобаның бөлігін қаржыландыруға ықпал көрсету туралы өтініш жасағандықтан;
Банк Қарыз алушыға Жобаның С және Б бөлігін іске асыруда ықпал көрсету үшін өтеусіз негізде техникалық ынтымақтастық қаражатын беруге келіскендіктен;
Қарыз алушы Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін қаржыландыруға ықпал көрсету үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Азия Даму банкінің және Ислам даму банкінің қарыздарын тартуға ниет білдіргендіктен;
Қарыз алушы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруға қаржылық және басқа да ықпал көрсетуге келіскендіктен;
Банк жоғарыда аталғандардан басқалардың негізінде Қарыз алушыға осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелерге және талаптарға сәйкес жүз сексен миллион АҚШ доллары (180 000 000 АҚШ доллары) мөлшерінде қарыз беруге келісім бергендіктен.
ОСЫЛАЙША, тараптар осымен мыналар туралы келісті:
I БАП - СТАНДАРТТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАР;
АНЫҚТАМАЛАР
1.01-бөлім. Стандарттық ережелер мен шарттарды қосу
Банктің 2007 жылғы 1 қазандағы барлық Стандарттық ережелері мен шарттары осымен осы Келісімге қосылады және оған қолданылады және олар осы құжатта толығымен жазылғандағыдай күші болады (будан әрі осындай ережелер "Стандарттық ережелер мен шарттар" деп аталады).
1.02-бөлім. Анықтамалар
Кіріспеде анықталған және осы Келісімнің кез келген бөлігінде пайдаланылатын терминдер (Кіріспе мен Қосымшаларды қоса алғанда) егер олардың өзгеше түсінігі жеке айтылмаса немесе түпмәтін бойынша талап етілсе, оған тиісінше берілген мәні болады, Стандарттық ережелер мен шарттарда анықталған терминдердің онда тиісінше берілген мәні болады, ал төменде келтірілген терминдердің мынадай мәні болады:
"Қарыз алушының уәкілетті Қарыз алушының Қаржы министрлігін
өкілі" білдіреді.
"Концессиялар туралы заң" 2008 жылғы 5 шілдедегі N 66-ІV Заңмен
енгізілген өзгерістерімен бірге 2006
жылғы 7 шілдедегі N 167-ІІІ
Концессиялар туралы Заңды білдіреді,
ол өзгелерден басқа автожол
саласындағы концессиялық негізде
жобаны іске асыруға және ашық конкурс
негізінде осындай жобалар бойынша
келісім-шарттар беруге мүмкіндік
береді, бұл ретте осындай заңға
анда-санда өзгерістер енгізілуі
мүмкін.
"Концессиялық жоба моделі" Белгілі бір Атқарушы агенттік және
Банк үшін концессиялық моделді
білдіреді, бұл ретте осындай
концессиялық модель Жобаның С
бөлігінде дайындалуы тиіс
және өзгелерден басқа: техникалық,
қаржылық шолуды және нарық шолуын;
тәуекелді бөлу матрицасын;
концессионерге ақы төлеу принципін;
жұмыстар мен қызметтердің орындалу
сапасының стандарттарын; ақшалай
қаражат қозғалысының моделін; және
қоршаған ортаға және әлеуметтік ортаға
әсер ету бағалауын қамтуы тиіс,
сондай-ақ осындай концессиялық
моделдің мазмұнын Банк
қанағаттандыратын болады.
"Экологиялық және әлеуметтік "Witteveen+Bos" компаниясы дайындаған
жоспар" және Атқарушы агенттік мақұлдаған
[___] Жоба бойынша экологиялық және
әлеуметтік басқару жоспарын білдіреді,
бұл ретте осындай экологиялық және
әлеуметтік басқару жоспары Банктің
алдын ала жазбаша келісімінсіз
оқтын-оқтын өзгеруі мүмкін.
"Экологиялық мәселе" мынаны білдіреді:
(а) қоршаған ортаның ластануын немесе
қорғауды;
(b) адам өміріне зиянды немесе адамның
денсаулығын қорғауды;
(с) денсаулық және жұмыс орнындағы
қауіпсіздік; немесе
(d) кез келген тірі организмге немесе
қоршаған ортаға зиян келтіре алатын
кез келген шығарынды немесе кез
келген заттегі.
"Қаржы жылы" әр жылдың 1 қаңтарынан басталатын және
31 желтоқсанда бітетін Қарыз алушының
қаржы жылын білдіреді.
"Атқарушы агенттік" Қарыз алушының Көлік және
коммуникациялар министрлігін
білдіреді.
"Ағымдағы жөндеу және ұстау Жобаның D бөлігі шеңберінде дайындалуы
жүйесін жақсарту жөніндегі тиіс және мына: (і) ағымдағы жөндеу
іс-шаралар мен ұстау бойынша жұмыстарды орындауға
келісім-шарттар берудің ашық және
бәсекелі рәсімдері үшін қажетті сатылы
қадамдарды сипаттауды; және (іі)
сапалы көрсеткіштер негізінде ағымдағы
ұстауға келісім-шарттарды енгізу
жөніндегі ұсынымдарды қамтуы тиіс
іс-шаралар жиынтығын білдіреді,
сондай-ақ осындай іс-шаралар
жиынтығының нысаны мен мазмұнын Банк
қанағаттандыруы тиіс.
"Сервистік қызмет көрсету Жобаның D бөлігі шеңберінде
туралы шарт" дайындалатын болатын және Атқарушы
агенттік пен кез келген мердігерлік
ұйым арасында клиент пен берушінің
өзара қарым-қатынасын анықтайтын
(меншік нысанына қарамастан), және
ағымдағы жөндеу мен ұстау бойынша
жұмыстарды орындауға
келісім-шарттардың ерекшелігі, іске
асыру, қадағалау және мониторинг
бөлігінде тараптардың әрқайсысының
міндеттемелерін белгілейтін ағымдағы
жөндеуге және ұстауға шартты
білдіреді.
"Әлеуметтік мәселе" Мынаны білдіреді:
(а) қолданылатын заңнамада
белгіленгендей еңбек шарттарының және
жұмысқа қабылдау нормаларын;
(b) қоныс аударудың және жер кесіп
берудің адамдарға әсері;
(с) жергілікті жерге және басқа да
халықтың әлеуметтік осал топтарына
әсері;
(d) археологиялық артефактарды
және ескерткіштерді қоса алғанда
мәдени мұра объектілеріне әсері;
немесе
(е) Қарыз алушының мәліметіне
жеткізілген жұртшылықтың өкілдерінен
түсетін арыздарды қоса алғанда
қоғамдық консультациялар
және жалпылама ашу .
1.03-бөлім. Түсіндіру
Осы Келісімде көрсетілген Бапқа, Бөлімге немесе Қосымшаға сілтеме осы Келісімде жеке көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімге көрсетілген Бапқа немесе Бөлімге немесе Қосымшаға сілтеме ретінде түсіндіріледі.
II БАП - ҚАРЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
2.01-бөлім. Сома және валюта
Банк Қарыз алушыға жүз сексен миллион АҚШ доллары ($ 180 000 000) мөлшерінде осы Келісімде айтылған немесе ескерілген ережелер мен шарттарға сәйкес қарыз беруге келіседі.
2.02-бөлім. Қарыздың басқа да қаржылық шарттары
(а) Қаражатты іріктеудің ең кіші сомасы екі жүз мың АҚШ долларын ($ 200 000) құрайды.
(b) Мерзімінен бұрын өтеудің ең аз сомасы он миллион АҚШ долларын ($ 10 000 000) құрайды.
(с) Жойылатын соманың ең азы бес миллион ($ 5 000 000) АҚШ долларын құрайды.
(d) Пайыздарды төлеу күндері әр жылдың 14 ақпаны мен 14 тамызы болады.
(е) (1) Қарыз алушы Қарызды тең (немесе мүмкіндігінше тең) отыз жарты жылдық төлемдермен әр жылдың 14 ақпаны мен 14 тамызында өтеп отырады, бұл ретте қарызды Өтеудің бірінші күні 2013 жылдың 14 тамызы және қарызды Өтеудің соңғы күні 2028 жылдың 14 ақпаны болады.
(2) Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер (і) Қарыз алушы Қарыздың толық сомасын 2.02 (е) Бөлімінде көрсетілген қарызды Өтеудің бірінші күні басталғанға дейін игермесе (1) және Банк 2.02 (і) Бөлімінде көрсетілген Қарызды пайдаланудың соңғы күнін қарызды Өтеудің осындай бірінші күні басталғаннан кейінгі күнге дейінгі төмен ұзартқан жағдайда, онда қарызды Өтеудің бірінші күні немесе одан кейін жасалған әрбір іріктеу сомасы қарызды Өтеудің бірнеше күні ішінде тең үлеспен өтеу үшін бөлінетін болады, олар осындай іріктеу күнінен кейін басталады (бұл ретте Банк осындай бөлу сомаларын әр жағдайда тұтас сан болатындай етіп түзетеді). Банк уақыт уақытымен мұндай бөлулер туралы Қарыз алушыны хабардар етіп отырады.
(f) Қарызды пайдаланудың соңғы күні 2013 жылдың 10 тамызы немесе Банк өз қалауынша белгілейтін және ол туралы Қарыз алушыны хабардар ететін неғұрлым кешірек күн болады.
(g) Комиссияның міндеттеме үшін ставкасы 5 %-ды құрайды
(h) Қарыз Жүзуші пайыздық ставкаға негізделеді. Жоғарыда айтылғанға қарамастан Қарыз алушы Жүзуші пайыздық ставка бойынша (пайыз) бүкіл сомасына немесе Қарыздың өтелмеген берешегі сомасының кез келген бөлігін уақыттың сол сәтіне сыйақы төлеу баламасы ретінде қарызды өтеуді Қарыздың осындай бөлігіне Тіркелген пайыздық ставка бойынша Стандарттық ережелер мен талаптардың 3.04 (с) Бөліміне сәйкес таңдай алады.
2.03-Бөлім. Іріктеулер
(а) Берілген сома уақыт уақытымен 2-Қосымшаның ережелеріне сәйкес Жоба үшін талап етілетін ақылға сыйымды сомаға тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты жүргізілген (немесе Банктің келісуімен жүргізілейін деп тұрған) қаржы шығындарын жабу үшін таңдалған (пайдаланылған) болуы мүмкін.
(b) Стандарттық ережелер мен талаптардың 3.05 (с) Бөлімінің ережелеріне қарамастан Қарыз алушы Бір жолғы комиссияны Берілетін Сома қаражатынан емес, ал өз ресурстары есебінен төлегісі келеді. Қарыз алушының Бір жолғы комиссияны төлеуі Стандарттық ережелер мен талаптардың 3.05 (d) Бөліміне сәйкес жүргізілетін болады.
III-БАП - ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
3.01-Бөлім. Басқа да оңтайлы жобалық міндеттемелер
Стандарттық ережелер мен талаптардың ІV-Бапта айтылған жалпы міндеттемелеріне қосымша егер Банк өзгеге келіспесе:
(а) Қарыз алушы:
(1) Жобаны аяқтау үшін жеткілікті қаражатты қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды;
(2) Жобаның мақсаттарына қол жеткізу және осы Келісімнің ережелерін орындау үшін қажетті немесе тиесілі барлық шараларды қабылдайды немесе қабылдануын қамтамасыз етеді;
(3) өзінің Жобаға байланысты жасасқан кез келген келісім бойынша туындайтын барлық міндеттемелерін орындайды;
(b) Қарыз алушы Атқарушы агенттік:
(1) Жобаның С Бөлігі шеңберінде тартылған консультантпен бірге 2009 жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей одан әрі Концессиялар туралы заңға сәйкес іске асыратын Концессиялық жобаның нұсқасын әзірлеуін және келісуін;
(2) Жобаның С Бөлігі шеңберінде тартылған консультантының көмегімен және осындай консультант ұсынған және экономикалық негізделген көлемде Жобаны Қарыз алушының заңнамасында белгіленген тәртіппен концессияға берілуі мүмкін болған объектілер тізбесіне енгізгеннен кейін 2010 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей іріктелген концессиялық жоба бойынша қажетті бүкіл конкурстық құжаттаманы дайындайды және мұндай тендер туралы ақпаратты Банкпен келісілген мерзімдерге сәйкес жариялауын;
(3) 2010 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Жобаның Б Бөлігі шеңберінде тартылған консультантпен бірлесіп Сервистік қызмет көрсету туралы Шарт нысанын әзірлеуін және келісуін;
(4) 2010 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей Жобаның D Бөлігі шеңберінде тартылған консультантының көмегімен және осындай консультант ұсынған және экономикалық негізделген көлемде мұндай іс-шараларды іске асырудың Банкті қанағаттандыратын мерзімдерімен ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жүйелерін жақсарту бойынша Іс-шараларды әзірлеуін және бекітуін;
(5) 2011 жылдың 31 қаңтардан кешіктірмей пилоттық жоба үшін учаске анықтауын және Қарыз алушының заңнамасына сәйкес Сервистік қызмет көрсету туралы Шарт жасасуын, бұл ретте мұндай пилоттық учаске Банкпен келісілетін болады; және
(6) одан кейінгі автожол саласының барлық концессиялық жобаларын Концессиялар туралы заңға және ең үздік халықаралық практикаға сәйкес іске асыруын қамтамасыз етеді.
3.02-Бөлім. Жобаны іске асыру бойынша орган
Жобаны іске асырудың барлық аспектілерін, Жоба бойынша тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, үйлестіру, басқару, мониторингі және бағалау мақсатында Қарыз алушы Атқарушы агенттік арқылы, егер өзгешесі Банкпен келісілген болмаса, Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойында жобаны іске асыру бойынша Банкке қолайлы техникалық тапсырмалар негізінде тепе-тең ресурстары мен жеткілікті білікті персоналы бар органның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3.03-Бөлім. Сатып алу
Стандарттық ережелер мен талаптардың 4.03 Бөлімінің мақсаттары үшін, егер Банк өзгеге келіспесе, Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға жататын тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды мынадай ережелер реттейді:
(а) тауарлар, жұмыстар және қызметтер (3.03 (с) Бөліміне енгізілген консультанттың қызметтерін қоспағанда) ашық тендер арқылы сатып алынады;
(b) (3.03 (а) Бөлімінің мақсаттары үшін ашық тендерді жүргізу рәсімдері ЕҚДБ тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелерінің 3-Тарауында жазылған;
(с) Жобаны іске асыруда көмек көрсету үшін Қарыз алушы тартатын консультанттар ЕҚДБ тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелерінің 5-Тарауында жазылған рәсімдерге сәйкес таңдалады;
(d) барлық келісім-шарттар ЕҚДБ тауарлар, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелеріне 1-қосымшада жазылған қарау рәсімдеріне жатады. Барлық келісім-шарттар алдын ала Банктің қарауына жатады.
3.04-Бөлім. Экологиялық және әлеуметтік сәйкестік талаптары
Стандарттық ережелер мен талаптардың 4.02 (а), 4.04 (а) (ііі) және 5.02 (с) (ііі) Бөлімдерінің жалпыға қолайлы сипатына зиян келтірместен, Қарыз алушы, егер Банк өзгеге келіспесе, мыналарды:
(а) Жобаны уақыт уақытымен Жоба тұрған жердің юрисдикциясының күші бар экологиялық ережелер мен нормаларға және осы Келісімнің күніне Еуропалық Одақта бар экологиялық (немесе егер мұндай нормалар Еуропалық Одақта болмаса Дүниежүзілік Банк Тобының экологиялық басшылығында қолданылатын) нормаларға және осы Келісімнің күніне ЕҚДБ Саясатында қоршаған ортаны қорғауға қатысты көрсетілгендей мәдени игілігіне және орын ауыстыруға мәжбүр негізгі халқы бойынша Халықаралық қаржылық корпорацияның Операциялық директиваларына сәйкес жүзеге асыруды;
(b) Жобаға қатысты Қарыз алушы жұмысқа қабылдаудың қолданылатын барлық, балалар мен жас жігіттерді жұмысқа алуға, жұмыстағы шеттетушілік пен мәжбүрлі еңбекке қатысты заңдары мен нормаларын қоса алғанда сақтауы тиіс. Мұндай қолданылатын заңдар мен нормалар (і) Халықаралық еңбек ұйымының бала еңбегін жоятын, жұмыс орнында шеттету және мәжбүрлі және зорлап жұмыс істету мен (іі) ұлттық заңнамаға қатысты конвенцияларын қамтуы тиіс; және
(с) экологиялық және әлеуметтік басқару Жоспарын мұқият іске асыру және сақтауды міндетіне алады.
3.05-Бөлім. Консультанттар
(а) Жобаны іске асыруда көмек көрсету үшін Қарыз алушы, егер өзгешесі Банкпен келісілген болмаса, қажет болған кезде біліктілігі мен тәжірибесі, сондай-ақ техникалық тапсырмасы Банк үшін қанағаттандырарлы болып табылатын консультанттарды, Жобаның В Бөлігін, С Бөлігін және D Бөлігін іске асыруда көмек көрсету үшін консультанттарды қоса алғанда, тартады немесе тартуды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
(b) Қарыз алушы Жобаға немесе Қарыз алушының операцияларына қатысты мәселелерде көмектесу үшін тартылған барлық консультанттарды олардың функцияларын орындау үшін қажетті барлық қаражатпен және қолдаумен, сондай-ақ барлық құжаттамамен, материалдармен және олардың жұмыстарына қатысы болуы мүмкін басқа да ақпаратпен ақысыз қамтамасыз етеді.
3.05-Бөлім. Есептілікті ұсыну кезеңділігі мен оларға қойылатын талаптар
(а) Қарыздың күшіне енген Күнінен бастап және толық өтелуіне немесе жойылуына дейін Қарыз алушы, есепті жыл аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде Банкке Жобаға қатысты туындайтын экологиялық мәселелер мен әлеуметтік мәселелер бойынша жыл сайынғы есепті ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты мәселелерді:
(1) қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, қауіпсіздік техникасы талаптары мен 3.04 Бөлімде көрсетілген әлеуметтік талаптарды, Жоба үшін қажетті кез келген экологиялық рұқсатнама, кез келген реттеуші органдар жүргізген кез келген инспекциялардың нәтижесі, қолданылатын заңдарды, ережелер мен нормаларды және оларға байланысты тарату іс-шараларын бұзушылықтар, кез келген мұндай бұзушылықтар үшін қолданылған жазаларды қоса алғанда сақтау туралы ақпаратты;
(2) экологиялық және әлеуметтік басқару Жоспарын, кез келген ұсынылған іс-шараларды, мерзімдерін немесе шығындарын өзгертуді қоса алғанда, іске асыру туралы ақпаратты;
(3) Кез келген реттеуші органға берілген Жобаға қатысты экологиялық мәселелер мен әлеуметтік мәселелер бойынша кез келген мәнді хабарламалардың, есептер мен басқа да хабарлардың жиынтығын;
(4) Жоба бойынша, бақытсыз оқиғалардың саны мен денсаулықты сақтау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша кез келген алды алынған немесе жоспарланған бастамаларды қоса алғанда денсаулықты сақтау және қауіпсіздік техникасының жай-күйі туралы ақпаратты;
(5) Жобаға мәнді әсер етуі мүмкін болған қоршаған ортаны қорғау еңбекті қорғауға қатысты заңдарға кез келген өзгерістер жиынтығын; және
(6) экологиялық мәселелер мен Әлеуметтік мәселелер жөнінде қоғамдастыққа кезең-кезеңімен ұсынылатын ақпараттардың көшірмесін қамтиды.
(b) күшіне енген Күннен бастап Қарыз алушы Жобаның орындалуы туралы Стандарттық ережелер мен талаптардың 4.04 (а) (іv) Бөлімінде көрсетілген есептерді тоқсандық негізде есепті кезең аяқталғаннан кейін 30 күннен кешіктірмей, Жоба аяқталғанға дейін, кезең-кезеңімен ұсынып отырады. Мұндай есептер мынадай нақты деректерді:
(1) Мынадай жалпы ақпаратты:
(А) есеп жасалған күнге және есепті кезең ішінде Жобаны іске асыру кезінде қол жеткізілген физикалық прогресс;
(В) Жобаны іске асырудағы іс жүзіндегі немесе күтілетін қиыншылықтар немесе іркілістер және олардың іске асыру кестесіне әсері, сондай-ақ қиыншылықтарды жеңу және іркілістерді болдырмау үшін қабылданған немесе жоспарланған іс жүзіндегі шаралар;
(С) Жобаның аяқталу Күнінде күтілетін өзгерістер;
(D) жобаны іске асыру жөніндегі органның, консультанттардың немесе мердігерлердің персоналдарының негізгі құрамындағы өзгеріс;
(Е) Жобаның құнына әсер етуі мүмкін болған мәселелер; және
(F) Жобаның қандай да бір Бөлігінің экономикалық жүзеге асырылымына әсер ету мүмкіндігі бар кез келген оқиға немесе қызметті қамтиды.
(2) Жобаның іске асырылу кестесі негізінде, іс жүзіндегі және жоспардағы шығындарды қоса алғанда Жобаның әрбір Бөлігі бойынша қол жеткізілген прогрессті көрсете отырып, Жобаның іске асырылу барысының гистограммасы.
Жобаның әр бөлігінің аясында шегілген егжей-тегжейі шығындардың Қаржылық есептілігі және мыналарды көрсететін есеппен қарызды Іріктеу:
(А) алғашқы сметалық құнын;
(В) осындайлар болған кезде өзгерістер себептерін көрсете қаралған сметалық құнын;
(С) алғашқы ұсынатын шығыстарды және осы күнгі нақты шығыстарды;
(D) осы күнгі шығыстардың алғашқы сметасынан осы күнгі нақты шығыстардың іс жүзінде ауытқу себептерін; және
(Е) жылдың қалған тоқсандарына болжамдалған шығыстарды.
(4) осы Келісімде қамтылған шарттардың әрбірін орындау мәртебесін қысқаша сипаттауды.
(с) Қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке жағымсыз әсер етуі мүмкін жобаға байланысты оқиға-жанжалдар немесе бақытсыздық жағдайлар туындаған кезде Қарыз алушы бұл туралы Банкті оқиға-жанжалдар мен бақытсыздық жағдайларды және оларды жою үшін Қарыз алушы және Атқарушы агенттік қолданған кез-келген қадамды сипаттай отырып факсимильдік хабарламамен немесе телекс бойынша хабардар етеді.
Жоғарыда айтылған жалпы қолданылатын сипатқа залалсыз оқиға-жанжалдар немесе бақытсыздық жағдайлар, қоршаған ортаға, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке жағымсыз әсер етуі мүмкін, егер кез-келген қолданатын заң осындай оқиға-жанжалдар немесе бақытсыздық жағдайлар туралы мемлекеттік органға хабарлауды талап етсе, осындай оқиға-жанжалдар немесе бақытсыздық жағдайлар өзімен өлімге немесе госпитальға жатқызылатын көптеген күрделі жарақаттануларға әкеп соғады, немесе осындай оқиға-жанжалдар немесе бақытсыздық жағдайлар көпшілікке бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе басқа жолдармен белгілі болды.
ІV-БАП. ҚАРЖЫЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
4.01-бөлім. Қаржылық есеп пен есептілік
(а) Қарыз қаражатын бірінші пайдалану күнінен кейін аяқталатын қаржы жылынан бастап Жобаға қатынасы бар бухгалтерлік есептің, операциялардың, ресурстар мен шығындардың халықаралық нормаларын дәйекті қолдануға сәйкес
Жобаны немесе оның кез келген бөлігін жүзеге асыруға жауап беретін Қарыз алушы Қарыз алушының бөлімшелері мен ведомстволарына қатысты рәсімдерді қолданатын, көрсету үшін жеткілікті есеп пен шоттар жүргізетін болады.
(b) Қарыз алушы міндеттенеді:
(1) Аудиттің халықаралық қағидаттары мен нормаларына сәйкес Банктер үшін тәуелсіз аудиторлар қолданатын әрбір қаржы жылына 4.01 (а) Бөлімінде көрсетілген есептілік пен шоттар аудитін ұйымдастыру;
(2) Дайындалу жағдайына қарай Банкке, бірақ қаржы жылы аяқталғаннан соң кез-келген жағдайда алты айдан кешіктірмей осындай аудиторлардан осындай аудит туралы Банктің негіздемелеп сұраған көлемінде және егжей-тегжейлі есеп беру; және
(3) Банк негіздемелеп мерзімді сұрата алатын осындай есептілік пен шоттарға қатысты Банкке нақты ақпарат ұсыну.
V-БАП. ТОҚТАТА ТҰРУ; ЖЫЛДАМДАТУ
5.01-бөлім. Тоқтата тұру
7.01 (а) (хvіі) Стандарттық ережелер мен шарттар Бөлімнің мақсаты үшін мыналар:
(а) Қарыз алушының қызметіне немесе қаржы жағдайына және жобаны жүзеге асыру бойынша оның мүмкіндігіне немесе осы Келісім бойынша оның кез-келген міндеттемелерін орындау үшін мәнді және теріс әсерін тигізген Қарыз алушының аумағында автожол саласына қолданылатын заңнамалық және нормативтік-құқықтық база өзгертілуі, тоқтата тұрылуы, қысқартылуы немесе жойылуы; немесе
(b) Жоба аясында қайта құрылған активтерге құқық меншігі Қарыз алушы болып табылмайтын тарапқа берілуі келісіледі.
5.02-бөлім. Өтеу мерзімін қысқарту
7.06 (f) Стандарттық ережелер мен шарттар Бөлімнің мақсаты үшін мыналар:
5.01-бөлімде сипатталған кез-келген оқиға басталды және Қарыз алушыға Банк хабарлама бергеннен кейін отыз күннен астам жалғасуы келісіледі.
VI-БАП. КҮШІНЕ ЕНУ
6.01-бөлім. Күшіне енуге ықпал ететін шарттар
Осы Келісім күшіне ену үшін қосымша шарттар ретінде 9.02 (с) Стандарттық ережелер мен шарттар Бөлімнің мақсаты үшін мынадай шарттар:
(а) Жобаны бірінші жылы жүзеге асыруға бірлесіп қаржыландыру қаражатын жеткілікті бюджеттік ассигнациялаудың болуын растайтын Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(b) Осы келісімнің 3.02-бөліміне сәйкес; жобаны жүзеге асыру жөнінде органның жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(с) Концессия туралы Заңды қабылдауды көрсететін Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(d) Жоба бөлігі аясында тартылған консультанттармен жұмыс жөнінде органның болуын анықтайтын Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша Банкке куәлік ұсынылғаны;
(е) Банк қанағаттанатын нысан мен мазмұн бойынша экологиялық және әлеуметтік басқару жоспарын Банкке ұсынылуы келісіледі.
6.02-бөлім. Заңды қорытынды
9.03 (а) Стандарттық ережелер мен шарттар Бөлімнің мақсаты үшін қорытындыны немесе заңды қорытындыны Қарыз алушының атынан Әділет министрлігі ұсынады және кейінгісі банкке берілетін қорытындыға енгізуге жататын немесе қорытындылардың қосымша мәселелері ретінде келісіледі.
6.03-бөлім. Келісімнің күшіне енбеуінен іс-әрекетін тоқтатуы
9.04 Стандарттық ережелер мен шарттар Бөлімнің мақсаты үшін осы Келісім күннен кейін 120 күн еткеннен кейін күні келісіледі.
VІІ-БАП ӘР ТҮРЛІ
7.01-бөлім. Хабарламалар
Стандарттық ережелер мен шарттар Бөлімнің мақсаты үшін мына мекен-жайлар:
Қарыз алу үшін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11 үй
010000 Астана
Назарына: Қаржы министрінің
Факс: +7 7172 717762
Банк үшін:
Еуропа қайта құру және даму банкі
Оnе Ехсhаngе Sguаrе
Лондон ЕС2А 2JN
Ұлыбритания
Назарына: Операцияларды басқару бөлімі
Факс: +44-20-7338-6100 ұсынылады.
Тиісті түрде өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ететін осы Келісімнің тараптары МҰНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ ағылшын тілінде төрт данадан құралған және Лондонда, Англияда жасалған күні мен жылы алдында жоғарыда, көрсетілген осы Келісімге қол қойды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
____________________________________
Аты:
Лауазымы:
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
____________________________________
Аты:
Лауазымы:
1-ҚОСЫМША - ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Жобаның мақсаты Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халықаралық транзиттік дәліздің бөлігі болып табылатын Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы арасындағы ұзақтығы 102 км автожолды қайта құру мен техникалық санатын көтеруде Қарыз алушыға көмек көрсету.
2. Жоба Банк пен Қарыз алушы, ол туралы дүркін дүркін уағдаласа алатын өзгерістер енгізуі тиіс мынадай Бөліктерден тұрады:
А бөлігі: Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе
қаласы арасындағы ұзақтығы 102 км автожолды қайта құру
мен техникалық санатын көтеру
Қарыз қаражаты Ресей Федерациясы шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе қаласы арасындағы ұзақтығы 102 км қазіргі бар автожолды қайта құру мен техникалық санатын көтеруді қаржыландыруға пайдаланатын болады. Осы автожолдың көп бөлігінде техникалық санат 3-санаттан 2-санатқа дейін көтерілетін болады, бұл ретте, қазіргі бар трасса бойымен өтетін автожол екі жолақты, бірақ жол бейіні бірнешеге кеңейтілген, қауіпсіздігін жақсарту үшін трасса шағын жергілікті өзгерістерімен жиегі жақсартылған болып қала береді.
Ақтөбе қаласына жақын жердегі қазіргі бар шамамен 9,5 км жолдың техникалық санаты екіден төрт жолаққа дейін кеңейтіле отырып 1-санатқа дейін көтерілетін болады.
В бөлігі: А бөлігі шеңберінде орындалатын жұмыстарды
қадағалау бойынша консультациялық қызметтер
Қарыздың қаражаты Жобаның А бөлігі шеңберінде орындалатын жұмыстарды қадағалауды жүзеге асыратын консультанттарды қаржыландыруға пайдаланатын болады.
С бөлігі: Концессиялық пилоттық жоба бойынша
консультациялық қызметтер
Техникалық ынтымақтастық қаражаты Қарыз алушыға (і) концессиялық жоба моделін дайындауға және (іі) Банкпен келісілетін жеке концессиялық пилоттық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын конкурстық рәсімдерге жәрдемдесу үшін консультанттарды қаржыландыруға пайдаланылатын болады.
D бөлігі: Ағымдағы жөндеу және күтіп баптау жүйесін
жақсарту бойынша консультациялық қызметтер
Азия даму банкімен үйлестіре отырып, ол қаржыландырмайтын көлемде Банк ағымдағы жөндеудің санасын арттыру мен автомобиль жолдарын күтіп баптауды және бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуына Атқарушы агенттікке жәрдемдесу үшін консультаттарды қаржыландыруға пайдаланылатын техникалық ынтымақтастыққа қаражат береді. Атап айтқанда (і) мұндай жәрдемдесудің ағымдағы жөндеудің қазіргі жәй-күйін талдау және бағалауды дайындауды және автожолды күтіп баптауды, оның ішінде оны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды; (іі) ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жүйесін жақсарту жөніндегі Іс-шараларды дайындауды; (ііі) ұстау сапасын бағалаудың олшемдерін әзірлеуді; (іv) Сервистік қызмет көрсету туралы Шарттың нысанын дайындауды; (v) және жолдың пилоттық учаскесіне сервистік қызмет көрсету туралы Шарт жасасуды қамтитын болады.
3. Жоба 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп күтіледі.
2-ҚОСЫМША - ҚАРЫЗДЫҢ САНАТЫ МЕН ІРІКТЕУ
1. Осы Қосымшаға қоса берілетін кестеде Санатқа сомасы әрбір Санатқа бөлінетін Қарыз сомасы, сондай-ақ әрбір Санатта қаржыландыруға жататын шығындардың үлесі айтылады.
2. Жоғарыда көрсетілген 1-параграфтың ережесіне қарамастан Қарызды іріктеу мыналарға:
(а) Қарыз туралы келісімге қол қойылған күнге дейін келтірілген шығындарға;
(b) осы Келісімнің 3.03-бөліміне сәйкес (1-қосымшада сипатталғандай) Жобаның В-бөлігі шеңберіндегі қадағалау бойынша консультантпен келісім-шарт жасағанға дейін 1-санатқа қатысты келтірілген шығындарға жүргізілмейді.