Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 553 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 544 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 5-жолдың 2 және 3 бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өңірлердің 2010 - 2014 жылдарға" арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамдарын мақұлдау
      Әкімдіктер отырыстарының хаттамалары";
      реттік нөмірлері 13, 14 және 15-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "оларға қол қою" деген сөздер "оларды бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 21, 27, 28 және 29-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 31-жолдың 2-бағанында "және аудит" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 32-жолдың 5-бағанында "2010" деген цифрлар "2009" цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады