"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 1009 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат; 2007 ж., N 17, 135-құжат):
      12-баптың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "29) мемлекеттік материалдық резервтің іс жүзіндегі қорларын ашатын мәліметтер;".
      2. "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2000 ж., N 20, 378-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2006 ж., N 16, 104-құжат):
      1) 1-баптың 7) тармақшасындағы "орындау" деген сөзден кейін ", бейбіт уақытта ізгілік көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда материалдық құндылықтарды алушылардың - сауда қызметі субъектілерінің тізбесін, көлемін, бағасын және сауда үстемесінің мөлшерін, сондай-ақ осы тізбеге енгізілетін сауда қызметінің субъектілерін іріктеу өлшемдерін айқындайды;";
      3) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-2) мемлекеттік резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;";
      8) тармақшадағы "резервтің" деген сөз "резерв жүйесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13-бапта:
      5-тармақтағы "осылай шығарудың" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "8-1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сатып алуды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың мемлекеттік резервтің тауарларын сатып алуы уәкілетті органда немесе оған ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізіледі.
      8-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарын жою жөнінде бірінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз ету, ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару броньнан алу тәртібімен жүзеге асырылады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың салдарын жою жөнінде бірінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз ету, ізгілік көмек көрсету үшін шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейіннен салу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      5) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      "14-1-бап. Нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі
      1. Сауда қызметін және ауыл шаруашылығын реттеу саласындағы уәкілетті органдар тауарларға баға мониторингін жүргізеді және нарыққа реттеушілік әсер ету баға деңгейіне қол жеткізген жағдайда мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемін, бағасын және сауда үстемесінің мөлшерін, сауда қызметінің субъектілерін - алушыларды көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.
      2. Уәкілетті орган материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығаруды сауда қызметінің субъектілерімен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырады.
      Нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды сатуды сауда қызметінің субъектілері бөлшек сауда орындары арқылы жүзеге асырады.".

       2-бап. Осы Заң оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады