Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 459 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 1085 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 459 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 24, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Әбутәліпова                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Дана Тілеуқызы                 агенттігінің Стратегиялық жоспарлау
                               және ақпаратты тарату департаментінің
                               директоры, хатшы

Әбдіқалықова                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы              халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы            министрі

Әшімов                       - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы            ортаны қорғау министрі

Баймағанбетов                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы                министрі

Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы            сақтау министрі

Исекешев                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                және сауда министрі

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы          коммуникация министрі

Марченко                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович         Төрағасы (келісім бойынша)

Орсариев                     - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Арын Амангелдіұлы              қызмет істері агенттігі төрағасының
                               міндетін атқарушы (келісім бойынша)

Түсіпбеков                   - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы              министрі;

      көрсетілген кеңестің құрамынан Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов, Серік Нығметұлы Ахметов, Зағипа Яхянқызы Балиева, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Анатолий Григорьевич Дерновой, Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақов, Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов, Владимир Сергеевич Школьник, Данар Дулатұлы Раисов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады