Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 586 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1184 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өркен" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 586 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Исекешев                    - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы                Президентінің көмекшісі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бишімбаев                   - Қазақстан Республикасы
Қуандық Уәлиханұлы             Президентінің көмекшісі";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Томас Кучера                - тәуелсіз директор

Чарман Кеннес Пол            - тәуелсіз директор

Мурзабекова                  - тәуелсіз директор".
Светлана Викторовна

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады