Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2010.08.06 N 804 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әкімшілік іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы"
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 664-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-24-құжаттар, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 15-16, 62-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың үшінші бөлігінде "әкімшілік" деген сөз алып тасталсын;
2) 24-баптың:
екінші бөлігіндегі "әкімшілік,", ", оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
3) 30-баптың 1-1-бөлігі алып тасталсын;
4) 71-баптың екінші бөлігі "азаматтық іс," деген сөзден кейін "әкімшілік іс жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 3-бөлімше. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу 2 бөлімі алып тасталсын.
2. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
1) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"66-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру.
Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және лицензиялау туралы заңға сәйкес жүргізіледі.";
2) 67-бап алып тасталсын;
3) 70 және 106-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде, тұлға он бес жұмыс күні ішінде кедендік бақылаумен тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізетін кеден органына өзі кедендік тасымалдаушы ретінде орындаған тасымалдар туралы есеп беруге міндетті.
106-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және лицензиялау туралы заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру кезінде тауарларды уақытша сақтау қоймасына қоюға жол берілмейді. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрғанға, айырғанға дейін уақытша сақтау қоймасына қойылған тауарлар кеден органының қызмет аймағындағы өзге де уақытша сақтау орындарына не тиісті кедендік режимге орналастырылуға тиіс.";
4) 107-бап алып тасталсын;
5) 108 және 138-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
6) 108-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның
қолданылуын тоқтату.
Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда онда сақталып тұрған тауарлар лицензияның қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басқа уақытша сақтау қоймасына ауыстырылуға тиіс.
138-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру
1. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және лицензиялау туралы заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, айырған кезде тауарларды кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға, айырғанға дейін кеден қоймасына орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа кеден қоймасына ауыстырылуы не өзге кедендік режимдерге орналастырылуы тиіс.";
7) 139-бап, 140-баптың 1, 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
8) 402-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"402-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және лицензиялау туралы заңға сәйкес жүргізіледі.";
9) 403-бап алып тасталсын;
10) 404-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"404-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде, заңды тұлға өзі кеден брокері ретіндегі қызметті тоқтатқанға дейін қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауға міндетті.".
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 5, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 15-16, 64-құжат; N 21, 95-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат; N 13-14, 62-құжат; N 15-16, 76-құжат; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 24 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 12 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 11 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
145-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
69-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 11-12, 55-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 21 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
117-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "кері қайтарып алуға" деген сөздер "тоқтата тұруға" деген сөздермен, "бастамашы болуға" деген сөздер "ұсыныс енгізуге" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі), (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 22-І, 22-ІІ, 112-құжат, 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар, N 13-14, 63-құжат; N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
19-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 24, 180-құжат):
8-баптағы "әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж.; N 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
29-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 168-2 бабының 2, 3, 5, 7 және 8 бөліктерінде және 356-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзғаны және лауазымды адамға оның қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіргені, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат, N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат: 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылы 22 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
1) 10 және 11-баптар алып тасталсын;
2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтату
Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата лицензиясының қолданылуын тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшін оны алып қою және нотариустың жеке мөрін жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
3) 32-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) лицензиялау туралы заңда белгіленген тәртіппен нотариустардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, айыру жөнінде шаралар қабылдайды;".
10. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж, N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж, N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж, N 10, 32-құжат; 2006 ж, N 13, 86-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат):
1) 10-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңдарында не әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарында" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңдарында және әкімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы заңдарында" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың бірінші бөлігінде "заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында" деген сөздер "және әкімшілік іс жүргізу заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 27-баптың 3-тармағындағы "азаматтық іс жүргізу заңдарына не әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж, N 11, 65-құжат; 2004 ж, N 23, 142-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
1) 7-баптың 2-тармағындағы "осы Заңда" деген сөз "лицензиялау туралы заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11 және 12-баптар алып тасталсын;
3) 24-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) лицензиялау туралы заңда көзделген жағдайларда адвокатты лицензиясынан айыру туралы өтініш жасайды;";
4) 31-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
12. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 86-құжат N 13, 100-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 13-14, 55-құжат; N 21, 97-құжат; 2009 ж., N 15-16; 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
3-1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) әкімшілік іс жүргізу;".
13. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 24, 153-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
5-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
9-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
15. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 24; 129-құжат; 2009 ж., N 11-12, 54-құжат; N 13-14, 62-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
14-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға;".
16. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (1998 ж., N 24, 448-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 19, 150-құжат; N 20, 152-құжат):
11-бап алып тасталсын.
17. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; N 2, 18-құжат; N 12, 88-құжат):
19-бап алып тасталсын.
18. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 12, 51-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
17-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
19. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 ж., N 12, 86-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
2-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық іс жүргізу және" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу", деген сөздермен ауыстырылсын.
20. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар, N 8, 52-құжат, N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
33-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.".
21. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 89-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
6-баптың 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат; 2008., N 21, 97-құжат; N 23, 114; 124-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 9-құжат);
6-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын.
23. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 24, 129-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
88-4-баптың 5) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 11, 36-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 18, 143-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағының 41) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 40-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
25. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 62-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.):
9-баптың 1-тармағының:
4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; 2006 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2009 ж; N 8, 44-құжат):
20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұсталып кідіртілген адамдарды ұстау тәртібі әкімшілік іс жүргізу заңнамасына белгіленеді.".
27. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 6, 33-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 19, 148-құжат):
8-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
28. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 12, 88-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007, N 2, 18-құжат):
10-бап алып тасталсын.
29. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
7-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
30. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005, N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 16, 129-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 13-14; 57-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
5-баптың 3-тармағындағы "Туроператордың және (немесе) турагенттің сұратылған құжаттарды отыз күн ішінде бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады." деген сөздер алып тасталсын.
32. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 24, 120-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
17-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
33. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 23, 141-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат, 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
1) 17-баптың 23) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 45-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 86-баптағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
34. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 18, 107-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
52-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы, 55-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 56-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
35. "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 5, 4-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2009 ж., N 15-16, 73-құжат):
8-баптың 7) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына" деген сөздер "әкімшілік іс жүргізу туралы заңнамаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 16, 101-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
5-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
37. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; N 9-10, 47-құжат; N 13-14, 62-63-құжаттар; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 24 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
1) 48-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда" деген сөздер "жеке тұлға қайтыс болғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру
1. Осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 42-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайтын заңды фактілер үшін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру осы Заңның 49-1 және 49-2-баптарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.";
3) мынадай мазмұндағы 49-1 және 49-2-баптармен толықтырылсын:
"49-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайтын заңды фактілер үшін лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың тәртібі мен негіздері
1. Лицензияның қолданылуы осы бапта көрсетілген Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайтын заңды фактілер үшін тоқтатудың себептері мен мерзімі көрсетіліп, лицензиардың бұйрығымен тоқтатыла тұруы мүмкін.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрықты қабылдаған күнінен бастап қолданылады.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ол тоқтатыла тұрған себептері жойылған жағдайда тиісті бұйрықпен жаңартылуы мүмкін. Лицензия тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайда тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетіле отырып, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығарылады.
Бұйрықтың данасы қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оған қатысты шығарылған адамға хабарламамен беріледі немесе хатпен жолданады.
2. Кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын лицензиар тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып:
1) тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті уақытша тоқтату туралы өтінішінің негізінде;
2) тауарларды тасымалдауға тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.
3. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына және кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуы кеден брокерінің және кеден қоймасы иесінің уәжді өтініші бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Лицензиар, егер лицензияны қолдану талаптарында өзгеше көзделмесе, Лицензиат бір жыл ішінде байланыс қызметін көрсетпеген жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады.
5. Нотариус лицензиясының қолданылуын лицензиар мынадай жағдайларда:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясынан айыру жөніндегі талап-арыз ісін қозғағанда;
2) нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.
Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру тоқтатыла тұрған кезеңде нотариаттық іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрін аумақтық әділет органына тапсыруына әкеп соғады.
Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім лицензиардың ведомстволық баспасөз органында жарияланады.
6. Адвокат лицензиясы лицензиар адвокаттың мемлекеттік қызметке тұруы, оның Парламент депутаты болып сайлануы (тағайындалуы), мерзімді әскери қызметте болуы кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Қабылданған шешім туралы оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.
49-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайтын заңды фактілер үшін лицензиядан және (немесе) лицензияның қосымшасынан айырудың тәртібі мен негізі
1. Осы бапта көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайтын заңды фактілер үшін лицензиядан айыру лицензиардың талап-арызы бойынша соттың шешімімен жүзеге асырылады.
2. Тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген тауарларды тасымалдауға арналған лицензиядан айыру кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Нотариусты лицензиядан айыру үшін:
1) нотариустың азаматтығын өзгертуі немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі;
2) нотариустың қылмыс жасағаны үшін сотталуы - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;
3) нотариусқа қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығуы;
4) нотариустың заңнамада белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз не іс-әрекет жасауға қабілеті шектеулі деп танылуы;
5) нотариустың денсаулық жағдайына байланысты өз кәсіптік міндеттерін атқаруының мүмкін болмауы (медициналық қорытынды негізінде);
6) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы немесе қайтыс болған деп жариялануы негіз болады.
Нотариусты лицензиядан айыру туралы талап-арызды дайындау үшін тиісті Нотариаттық палатаның немесе аумақтық әділет органының ұсынысы негіз болып табылады.
4. Адвокатты лицензиядан айыру үшін:
1) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылғаны;
2) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталғаны;
3) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгені;
4) адвокаттың әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғаны;
5) адвокаттың хабар-ошарсыз кетті деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны;
6) адвокаттың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғаны;
7) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауының мүмкін болмауы негіз болады.
Аумақтық әділет органының ұсынымы осы тармақтың 1)-6) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокатты лицензиясынан айыру туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
Тиісті адвокаттар алқасы төралқасының қолдаухаты осы тармақтың 7) тармақшаларында көзделген жағдайда адвокатты лицензиясынан айыру туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
38. "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 16, 130-құжат; 2009 жылғы 24 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдедегі "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
8-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде тоқтата тұру, сондай-ақ шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан лицензиялау туралы заңда белгіленген тәртіппен айыру жөнінде шаралар қабылдау жатады.".
39. "Бәсекелестік туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 24, 125-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат):
39-баптың 21) тармақшасындағы, 45-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 68-баптың 4-тармағындағы, 69-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті