"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1485 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 15-16, 62-құжат; 2009 ж., N 14-16, 74-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 83-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар заңнамада тек электрондық құжатты ғана пайдалануға жол берілмеген жағдайларды қоспағанда, түпнұсқа жазбаша құжаттарға теңестіріледі.";
      2) 84-бап "жазбаша дәлелдемелерді" деген сөздерден кейін "(соның ішінде электрондық құжаттарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 141-бапта:
      екінші бөлікте:
      "Арыз жазбаша нысанда" деген сөздерден кейін "не құжат нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: "Арыз электрондық нысанда берілген кезде арызбен бірге қоса берілуі тиіс құжаттардың көшірмелері жіберіледі.";
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол өндіріп алушының не оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілдің электрондық нысанда берілетін арызына электрондық құжат нысанындағы сенімхат, не жазбаша сенімхаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс";
      4) 150-бапта:
      бірінші бөлік "жазбаша нысанда" деген сөздерден кейін "не электрондық құжат нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктің 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Талап арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде талап арызбен бірге қоса берілуге тиіс құжаттардың көшірмелері жіберіледі.";
      бесінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.";
      5) 258-бапта:
      "Іске қатысушы адамдар" деген сөздер "1. Іске қатысушы адамдар" деген сөздермен ауысытырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "2. Іске қатысушы адамның немесе оның өкілінің қолдаухаты бойынша сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы беруге міндетті.
      Іске қатысушы адам немесе оның өкілі электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттамаға ескертулер енгізуге құқылы.".
      2. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж.,  N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 ж., N 8, 44-құжат; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе
      Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе - бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.";
      2) 22-бап "жеке мөрі," деген сөздерден кейін "электрондық цифрлық қолтаңбасы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 27-баптың 3-тармағы "қызметі туралы" деген сөздерден кейін "қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 29-баптың 3-тармағы "жыл сайын" деген сөздерден кейін "қағаз  және(немесе) электрондық жеткізгіштерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 49-баптағы "тізілімге" деген сөз "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 8, 55-құжат; 2009 ж., N 11-12, 53-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 15-баптың 4-тармағы "Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын" деген сөздерден кейін "және электрондық ақпараттық ресурстарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 16-1-бапта:
      1), 2) тармақшалар "пайдаланылатын құжаттардың" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша "құжаттарды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарды" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 ж, N 12, 86-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж, N 21, 97-құжат; 2009 ж, N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы ", соның ішінде электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 15-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік қызметтерді ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда ұсыну Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
      5. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж, N 6, 67-құжат; 2004 ж, N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж, N 7-8, 23-құжат; 2006 ж, N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж, N 2, 14, 18-құжаттар, N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 143-құжат; 2008 ж, N 10-11, 39-құжат; 2009 ж, N 8, 44-құжат; N 15-16, 75-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 18 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      24-баптың 3) тармақшасындағы "ақпарат пен" деген сөздер "ақпаратты қағаз және (немесе) электронды жеткізгіштерде және" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж, N 1-2, 1-құжат; 2004 ж, N 23, 142-құжат; 2009 ж, N 15-16, 75-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      13) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) куәландырушы орталықты аккредиттеу - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ресми тануы;
      15) электрондық хабарлама - электрондық нысандағы ақпарат.";
      2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Куәландырушы орталықты аккредиттеу
      1. Куәландырушы орталықтарын аккредиттеу рәсімі ерікті болып табылады.
      2. Куәландырушы орталықтарды және оларды пайдаланушылар аккредиттеу рәсімінен өтпестен өзара әрекет ете алады.
      3. Аккредиттеу тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.";
      3) 17-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті органнан" деген сөздер "куәландырушы орталықтан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 24, 129-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) байланыс операторлары желілері мен ресурстарының тиімді жұмыс істеуі, ұтымды пайдаланылуы, қажет болған жағдайда оларды елдің ұлттық қауіпсіздігі мүдделерінде орталықтандырылған пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;";
      2) 20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы
      3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын ұйымдастыру үшін қажетті телекоммуникация қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді.".
      8. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; N 9-10, 47-құжат; N 13-14, 62, 63-құжаттар; 2009 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 22 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 31 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 30 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-бапта:
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі - уәкілетті мемлекеттік органдар берген, қайта ресімдеген, тоқтата тұрған, жаңартқан және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;";
      "14) электрондық лицензия - ақпараттық технологияларды пайдаланып ресімделетін және берілетін, қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең электрондық құжат нысанындағы лицензия;
      15) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей код.";
      2) 7-баптың 2) тармақшасындағы "жатады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі орталықтандырылып қалыптасатын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін есепке алу және жүргізу жатады.
      Лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
      лицензиардың атауы;
      лицензияның берілген күні мен нөмірі және (немесе) лицензияға қосымшалар;
      тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ дара кәсіпкер үшін - жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген жағдайда куәліктің нөмірі және берілген күні;
      заңды тұлға үшін - атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
      қызмет түрі және (немесе) кіші қызмет түрлері;
      лицензияның қолданылу мерзімі;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      төлем тапсырмасының нөмірі және лицензия алымын төлеу күні;
      лицензияның қайта ресімделу негіздері мен күні және (немесе) лицензияға қосымшалар;
      лицензияның қолданылуының тоқтатыла тұру, жаңартылу негіздері мен күндері;
      лицензияның қолданылуының тоқтатыла тұру негізі мен күні.";
      3) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) лицензияның мемлекеттік электрондық тізілімін есепке алу және жүргізу үшін қажетті ақпарат беруді;";
      4) 42-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Өтініш беруші тиісті органға тікелей жүгіне алады не өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беру туралы өтініш жібере алады.
      Мемлекеттік органдар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан лицензиялауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте өтініш берушілерден осы Заңның 42-бабының 2-тармағының 2)-6) тармақшаларында және 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.".
      9. "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 13-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 24 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      3), 7), 8), 9), 18), 23), 25), 26), 32), 34), 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) ақпараттық жүйе - бұл ақпараттық-бағдарламалық кешенді пайдаланып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;";
      "7) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе оларды құраушылар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдардың жиынтығы;
      8) ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға ақпараттық ресурстар беру жөніндегі қызмет;
      9) ақпараттық процестер - ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;";
      "18) интерактивтік қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін қызмет;";
      "23) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, электрондық ақпараттық ресурстардың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының олардың өкілеттіктеріне сәйкес басқару әрі ұйымдастыру мақсаттарын жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желісінен тұратын телекоммуникация желісі;";
      "25) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      26) транзакциялық қызмет - пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстар ұсыну жөніндегі қызмет;";
      "32) "электрондық әкімдік" - жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жедел және сапалы орындауға бағытталған желілік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым мен ақпаратты өңдеудің, берудің және таратудың электрондық құралдарының негізінде өңірлік мемлекеттік басқару жүйесі;"
      "34) "электрондық үкімет" — мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған желілік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым мен ақпаратты өңдеудің, берудің және таратудың электрондық құралдарының негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;
      35) "электрондық үкімет" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе. "Электрондық үкімет" веб-порталы мемлекеттік интернет-ресурстарды дамытуды айқындайтын және реттейтін ұйымдастыру-технологиялық платформа болып табылады;";
      1-бап мынадай мазмұндағы 18-3), 18-4), 29-1) 38), 39), 40), 41), 42) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18-3) электрондық қызметтер провайдері - пайдаланушыларға байланыс операторларының желілері арқылы электрондық қызметтерді коммерциялық негізде көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      18-4) жүйелік интегратор - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кешенді шешімдер әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;";
      "29-1) компьютерлік инцидент - ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қатер төндіретін және (немесе) ондағы айналыстағы ақпаратты заңсыз алу, көшіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе құлыптау үшін жағдай жасайтын олардың жұмысындағы жеке немесе сериялық түрде туындайтын олқылықтар;";
      "38) электрондық мемлекеттік қызметтер — ақпараттық технологияларды қолданып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      39) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы - меншігінде мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының аппараттық-бағдарламалық кешені бар және 5 жыл мерзімге осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын, тек мемлекеттік мекемелер мен өзге де мемлекеттік ұйымдарға байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
      40) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті - қызмет көрсету бойынша электрондық мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
      41) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері - мемлекеттік тапсырыс негізінде тартылатын мемлекеттік органдар, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар және өзге де тұлғалар;
      42) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін жалпы жүйелік бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.";
      2) 5-бапта:
      9) тармақша "ұлттық операторды" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту.";
      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-техникалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыру;
      19) орталық мемлекеттік органдар мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;
      20) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;
      21) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
      22) ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді құруға жұмсалатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;
      23) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
      24) ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістерді құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге, техникалық ерекшелікке және техникалық тапсырмаға сараптама жүргізу;
      25) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін әзірлеу және бекіту;
      26) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді "электрондық үкімет" инфрақұрылымына ықпалдастыру үшін пайдаланудағы бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;
      27) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау жөнінде конкурс өткізу ережесіне сәйкес мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау.";
      4) 9-бапта 8) тармақша алып тасталсын;
      5) 9-1-баптың 7-тармақшасында "мемлекеттік ақпараттық жүйелерді" деген сөздерден кейін "және Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
      "9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы операторының өкілеттіктері
      Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысады, сондай-ақ оларды дамытуға қатысуға құқылы;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай көлік ортасының жүйелік интеграторы функциясын жүзеге асырады, оның ішінде бірыңғай техникалық саясатты қалыптастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай көлік ортасының коммуникациялық ресурстарын басқару (әкімшілендіру) функцияларын жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай көлік ортасының бағдарламалық-аппараттық құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік мекемелер мен өзге де мемлекеттік ұйымдардың пайдаланушыларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай көлік ортасына қосылуын қамтамасыз етеді;
      6) мемлекеттік мекемелер мен өзге де мемлекеттік ұйымдардың әлемдік ақпараттық ресурстарға қауіпсіз қосылуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.";
      7) 10-бапта:
      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ еркін қолжетімді болып табылатын және оларды беру нысаны мен тарату тәсіліне байланысты болмайтын, жалпыға ортақ қолжетімді болып табылатын мәліметтер.";
      8) 12-баптың 3-тармағы "электрондық қызметтер көрсету үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 25-баптың 9-тармағының 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қорғалған авторлық құқықтардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;
      2) ақпараттық жүйелердің инсталляциялау пакеті;";
      10) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды ақпараттық жүйенің меншік иесі және/немесе иесі мен әзірлеуші арасындағы келісілген шешім бойынша айқындалған тарап көтереді.";
      11) 28-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мемлекеттік органдарда ақпараттандыру жөнінде бөлімшелер құру. Мұндай бөлімшелер болмаған кезде мемлекеттік органдар тиісті инфрақұрылым құру мен дамыту кезінде ұлттық оператордың шарттық негізде ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуі туралы ұсыныстармен ұлттық операторға өтініш білдіруге құқылы;";
      12) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "29-бап. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету
      1. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері электрондық мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді.
      Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету түрлері бойынша ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық болып бөлінеді, автоматтандыру дәрежесі бойынша толық автоматтандырылған және ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.
      2. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету осы Заңға, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындауы тиіс. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін құзыретіне электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін мемлекеттік органдар ақпараттандыру жөніндегі уәкілетті органмен келісіп бекітеді.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алушылардан мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін анықтамалар мен өзге де ақпаратты талап етуге жол берілмейді.";
      13) 31-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.".

      2-бап. Осы заң ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады