Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 70-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесінде:
6-тармақтың 1) тармақшасында:
"дәнді дақылдарды" деген сөздерден кейін ", шитті мақта, балық және балық өнімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
"май-тоң май өнімдерін" деген сөздерден кейін ", қант, құс еті мен жұмыртқа, құрама жем" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов