Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 358 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ережеде:
13-тармақта "ашық дауыс беру" деген сөздер "дауыс беру немесе сырттай дауыс беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3-тармақтармен толықтырылсын:
"13-1. Сырттай дауыс беру Байқау комитеті төрағасының немесе Байқау комитеті төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша өткізіледі.
13-2. Байқау комитеті мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін таратқан күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Байқау комитетінің төрағасы немесе Байқау комитеті төрағасының келісімі бойынша Байқау комитеті төрағасының орынбасары сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.
13-3. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Байқау комитетінің мүшелері жұмыс органына жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Байқау комитетінің мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беру Байқау комитетінің мүшелерін ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 қарашадағы
N 1859 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 358 қаулысымен
бекітілген
Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі
Байқау комитетінің құрамы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы төраға
Кәрбозов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кедендік бақылау комитетінің төрағасы,
төрағаның орынбасары
Сүкіров - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Нұрболат Николайұлы Кедендік бақылау комитеті жаңғырту және
перспективалық даму басқармасының бастығы,
хатшы
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы байланыс агенттігінің төрағасы
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Серік Ирмашұлы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы
Жансүгіров - Қазақстан Республикасы Көлік және
Болат Амангелдіұлы коммуникация министрлігі Көліктік бақылау
комитеті төрағасының орынбасары
Қыпшақов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Арғын Мықтыбайұлы Салық комитеті төрағасының орынбасары
Сәдуақасов - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұрқан Олжабайұлы министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының орынбасары
Күнтубаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Думан Жаппарбекұлы Ақпараттық технологиялар департаментінің
директоры
Әлімбетова - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Әлия Назымбекқызы министрлігі Сыртқы сауда саясаты
департаменті директорының орынбасары
Қасымова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Индира Базарқанқызы Халықаралық қатынастар департаменті
директорының орынбасары
Кучерова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Светлана Александровна бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғанысты,
құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік
органдарды дамыту департаменті директорының
орынбасары
Тулубаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Сергей Анатольевич комитеті Шекара қызметінің Шекаралық
бақылау бас басқармасы бастығының
орынбасары
Шабанова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әсел Нәжімқызы Халықаралық қатынастар департаменті
халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас
сарапшысы
Аханова - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Салтанат Мұзарафқызы палатасының вице-президенті (келісім
бойынша)
Никитинская - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Екатерина Сергеевна экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
Рахымжанова - Қазақстан кәсіпкерлер форумы атқарушы
Арман Дәуітқызы директорының орынбасары (келісім бойынша)