Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға етуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 2188 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Баку қаласында 2009 жылғы 2 қазанда қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың
нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан
Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы
сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған
(корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін
және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі,
      1992-1993 жылдардағы борыштық міндеттемелер мен талаптарды (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) реттеу қажеттігіне сүйене отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның бірінші мәжілісінің 1999 жылғы 22 қазандағы хаттамасына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабының алдындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға етуге дейін және одан кейін) берешекті мойындайды.
      2. Тараптар Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы берешек сомасын 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшерінде белгіледі.

2-бап

      1. Әзірбайжан Тарабы 2010 жылғы 1 қаңтар - 2011 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі берешек сомасын өтейді.
      2. Берешек сомасын өтеуге төлемдер осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес берешек сомасының 1/4 Мөлшерінде тең жарты жылдық үлестермен жүргізіледі.
      3. Берешек сомасын өтеуге төлемдерді жүргізу күндері тиісті жылдың 15 (он бесінші) маусымы және 15 (он бесінші) қарашасы болып белгіленді.
      Әзірбайжан Тарабы берешек сомасын өтеуге бірінші төлемді 2010 жылғы 15 маусымда жүргізуге міндеттенеді.
      4. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабымен келісім бойынша берешек сомасын мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

3-бап

      1. Осы Келісімнің 2-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізілмеген төлем, мерзімі өткен төлем болып есептеледі.
      2. Мерзімі еткен төлемдер сомасына мерзімі өткен әр күнге жылына 360 күн есебінен жылына 4 (төрт) пайыз тіркелген ставка бойынша айыппұл пайыздары есептеледі.
      3. Айыппұл пайыздарын есептеу бойынша жалпы мерзімді есептеу берешек бойынша төлем жүргізілген күннен кейінгі күннен басталады және берешекті іс жүзінде өтеген күні аяқталады.

4-бап

      1. Берешекті өтеуге төлемдерді, айыппұл пайыздарын есептеуді және төлеуді әзірбайжан Тарабы АҚШ долларымен осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес қазақстан Тарабының шотына жүргізеді.
      2. Төлемді орындау күні осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағына сәйкес соманың шотқа түскен күні болып есептеледі.
      3. Егер осы Келісім бойынша сол немесе өзге төлем мерзімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс күні болып табылмайтын күнмен сәйкес келген жағдайда, мұндай төлем келесі жұмыс күні жүргізіледі.

5-бап

      Осы Келісімнің ережелері Тараптардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

6-бап

      1. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешетін болады.
      2. Егер дауды осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен реттеуге қол жеткізе алмайтын жағдайда, Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік ережелеріне сәйкес құрылатын "аd hос" Төрелік сотына жүгіне алады.

7-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

8-бап

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім Тараптар өз міндеттемелерін осы Келісім бойынша толық орындаған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
      2009 жылы 2 қазанда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде түпнұсқалық екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының           Әзірбайжан Республикасының
            Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы 1992-1993 жылдардағы
сауда-экономикалық қатынастардың
нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік
шоттар бойынша есеп айырысуға
өтуге дейін және одан кейін)
берешекті өтеу туралы келісімге
1-қосымша

Берешек сомасы                16900000
Өтеудің басталуы              2010 жылғы 15 маусым
Өтеудің соңғы күні            2011 жылғы 15 қараша
Төлемдер саны, барлығы        4

АҚШ долларымен

Күні

Борыш сомасы

Борышты өтеу

2010 жылғы 15 маусым

16900000

4225000

2010 жылғы 15 қараша

12675000

4225000

2011 жылғы 15 маусым

8450000

4225000

2011 жылғы 15 қараша

4225000

4225000

ЖИЫНЫ


16900000

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы 1992-1993 жылдардағы
сауда-экономикалық қатынастардың
нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік
шоттар бойынша есеп айырысуға
етуге дейін және одан кейін)
берешекті өтеу туралы келісімге
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетелдік валютадағы ақшаны аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері:

Банктің атауы: National Ваnк оf Rерublic Kazakhstan
коды: NBRKKZKX
Шот нөмірі: USD 001073140

Делдал банктер

Валюта

SWIFT коды

Корреспондент банктің атауы

Шот нөмірі

USD 500,000.00 астам

FRNYUS33

Federal Reserve Bank of New York, NY

021087219

USD 500,000.00 кем

BKTRUS33

Deutsche Bank Trust Company Americas New York, NY

04098631

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады