"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2213 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі
арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін
дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді
ратификациялау туралы

      Астанада 2008 жылғы 3 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік
Республикасының Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы
Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі
ынтымақтастық туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі,
      өз мемлекеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге ниеттене отырып, осы ынтымақтастықтың қол жеткізілген нәтижелерін бағалай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі перспективалы және біртіндеп кеңейту қажеттігін сезіне отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасынан мемлекеттік және жеке әріптестердің, жоғары оқу орындары мен кәсіпкерлердің мейлінше ауқымды топтарын тартудың маңызын көрсете отырып,
      Қазақстан-неміс университетін қолдауға тұжырымдамалық, ұйымдық және қаржылық көмек көрсетуге мүдделілік білдіре отырып,
      Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы 29 қаңтар - 1 ақпандағы Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықты негізге ала отырып,
      1994 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
      өздерінің Қазақстан-неміс университетіне (бұдан әрі - Университет) халықаралық мәртебе беру ниеттері туралы мәлімдей отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Жаңа мамандықтар енгізу

      Тараптар осы Келісім шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Университеті одан әрі дамыту және нығайту жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Осы мақсатта Университет мынадай білім беру бағдарламаларын ұсынады, оның ішінде:
      Инженерия бакалавры:
      ақпараттық технологиялар/телематика бойынша;
      ғимараттар мен инфрақұрылым техникасы бойынша;
      энергия және қоршаған орта технологиялары бойынша.
      Менеджмент бакалавры:
      бағалы қағаздар мен банк ісіне акцентпен қаржы бойынша;
      маркетинг бойынша;
      кәсіпорындар менеджменті бойынша.
      Экономикалық инженерия бакалавры:
      қоршаған орта ресурстары менеджменті бойынша және қоршаған орта технологиялары бойынша;
      көлік логистикасы бойынша;
      экономикалық информатика бойынша.
      Әлеуметтік ғылымдар бакалавры:
      халықаралық қатынастар бойынша;
      саясаттану бойынша.
      Шебер дипломдары:
      халықаралық кәсіпорындар менеджменті шебері;
      инновативті технологиялар шебері;
      өнеркәсіптік менеджмент/инжиниринг шебері;
      өңіртану шебері:
      Орталық Азия.

2-бап
Дипломдарды тану

      Университетке қазақстандық жоғары білім беру бағдарламаларының құрылымын ескере отырып жасалған Германия оқу бағдарламалары бойынша жаңа мамандықтар бойынша оқытуды жүргізу мүмкіндігі беріледі.
      Қолданыстағы ережелер шеңберінде Тараптар Университет дипломдарын Қазақстан Республикасында да, Германия Федеративтік Республикасында да жоғары білім туралы ресми дипломдар ретінде тануға жәрдем көрсетеді.

3-бап
Мамандықтарды аккредиттеу

      Мамандықтар Тараптар мемлекеттерінің тиісті құзыретті ұйымдарының аккредиттеуіне жатады. Тараптар бұл үшін қажетті рәсімдерді қолдайды және рәсім мәселелері бойынша ақпарат алмасады.

4-бап
Университет мәртебесі

      Университет халықаралық жоғары оқу орны мәртебесіне ие.

5-бап
Кедендік төлемдер мен салықтар

      Акцизделінетіндерден басқа, техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша қайырымдылық көмек көрсету мақсатында әкелінетін тауарлар импорты, сондай-ақ мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, Университет мұқтаждары үшін сатып алынатын тауарлар импорты кедендік төлемдер мен қосымша құн салығынан босатылады.

6-бап
Басқа мекемелермен ынтымақтастық

      Тараптар Университеттің білім және инновация саласындағы жобаларды жүзеге асыратын қазақстандық және германиялық мемлекеттік және жеке мекемелермен және ұйымдармен стратегиялық және тұрақты өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы негіздемелік жағдайларды жетілдіруге қолдау көрсетеді.

7-бап
Германия академиялық алмасулар қызметінің қолдауы

      Германия Тарабы қолда бар бюджет қаражатының шеңберінде 2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде Германия академиялық алмасулар қызметі арқылы Университетке қолдау көрсету және оны одан әрі кеңейту үшін 3,5 миллион еуро көлемінде қаржыландыру беруге өзінің дайын екенін растайды.

8-бап
Ғимаратты беру, тұтынуға арналған шығыстар

      Қазақстан Тарабы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысанда ақысыз пайдалануға Университетке Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 111\113 мекен-жайы бойынша орналасқан тұтас ғимаратты береді.
      Қазақстан Тарабы коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды, аталған ғимаратты ұстау және оған қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтермейді.

9-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін жазбаша нысандағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

10-бап
Қолданылу мерзімі

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді. Соңғы хабарламаның келіп түскен күні айқындаушы күн болып табылады. Келісімді ол күшіне енгеннен соң кемінде 10 жылдан кейін бұзуға болады.
      Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тарапты Келісімді бұзу ниеті туралы жазбаша хабардар еткен соң жиырма төрт айдан кейін күшін жояды әрі екінші Тарап Келісімді бұзу туралы хабарламаны алған күн шешуші күн болып табылады.

      Келісім 200 ___ жылғы "_____" _______ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және неміс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Қазақ және неміс мәтіндерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда, орыс мәтіні шешуші болып табылады.

          Қазақстан                          Германия Федеративтік
       Республикасының                         Республикасының
        Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады