Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын (бұдан әрі - Конституцияның 15 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
      2) Конституцияның 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары)бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі шаралар қабылдасын және 2010 жылғы 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.12 N 295 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2010 жылғы 20 шілдеге және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.12 N 295 Қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.P.Әбдірахымовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2271 қаулысына   
қосымша        

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.26 № 648 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15
жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.15 № 10, 2010.04.12 N 295 Қаулыларымен.

Мәсімов                           - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы                   Премьер-министрі, төраға

Рогов                             - Қазақстан Республикасы
Игорь Иванович                      Конституциялық Кеңесінің
                                    төрағасы, төрағаның орынбасары
                                    (келісім бойынша)

Телебаев                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы              вице-министрі, хатшы

ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Әшімбаев                          - Қазақстан Республикасы
Мәулен Сағатханұлы                  Президентінің Әкімшілігі
                                    Басшысының орынбасары (келісім
                                    бойынша)

Әбдірахымов                       - Қазақстан Республикасының
Ғабидолла Рахматоллаұлы             Премьер-Министрі Кеңсесінің
                                    Басшысы

Әбдіқалықова                      - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлшара Наушақызы                   және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрі

Баймағанбетов                     - Қазақстан Республикасының Ішкі
Серік Нұртайұлы                     істер министрі

Божко                             - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович                   жағдайлар министрі

Жақсыбеков                        - Қазақстан Республикасының
Әділбек Рыскелдіұлы                 Қорғаныс министрі

Досмұхамбетов                     - Қазақстан Республикасының
Темірхан Мыңайдарұлы                Туризм және спорт министрі

Жәмішев                           - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы                   министрі

Құл-Мұхаммед                      - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы                     Мәдениет министрі

Жұмағалиев                        - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы                     Байланыс және ақпарат министрі

Айтжанова                         - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы                 Экономикалық даму және сауда
                                    министрі

Түймебаев                         - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы                және ғылым министрі

Түсіпбеков                        - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы                   министрі

Тасболатов                        - Қазақстан Республикасы
Абай Бөлікбайұлы                    Республикалық ұланының қолбасшысы
                                    (келісім бойынша)

Нұрпейісов                        - Қазақстан Республикасы
Қайрат Айтмұхамбетұлы               Мемлекеттік қызмет істері
                                    агенттігінің төрағасы (келісім
                                    бойынша)

Шаяхметов                         - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әділ Шаяхметұлы                     қауіпсіздік комитетінің төрағасы
                                   (келісім бойынша)

Әбіқаев                           - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Нұртай Әбіқайұлы                    істер министрінің бірінші
                                    орынбасары

Ахметов                           - Қарағанды облысының әкімі
Серік Нығметұлы

Біләлов                           - Солтүстік Қазақстан облысының
Серік Сұлтанғазыұлы                 әкімі

Бозымбаев                         - Жамбыл облысының әкімі
Қанат Алдабергенұлы

Есімов                            - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Ізмұхамбетов                      - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы

Қуандықов                         - Қызылорда облысының әкімі
Болатбек Баянұлы

Кулагин                           - Қостанай облысының әкімі
Сергей Витальевич

Көшербаев                         - Маңғыстау облысының әкімі
Қырымбек Елеуұлы

Мырзахметов                       - Оңтүстік Қазақстан облысының
Асқар Исабекұлы                     әкімі

Дьяченко                          - Ақмола облысының әкімі
Сергей Александрович

Рысқалиев                         - Атырау облысының әкімі
Бергей Сәулебайұлы

Сағындықов                        - Ақтөбе облысының әкімі
Елеусін Наурызбайұлы

Сағынтаев                         - Павлодар облысының әкімі
Бақытжан Әбдірұлы

Сапарбаев                         - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Машбекұлы

Тасмағамбетов                     - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Үмбетов                           - Алматы облысының әкімі
Серік Әбікенұлы

Мыңбай                            - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Қамзабекұлы                  Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                                    меңгерушісі (келісім бойынша)

Қанаев                            - Қазақстан Республикасы Президенті
Серікжан Зиаданұлы                  Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау
                                    және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс
                                    бөлімінің меңгерушісі (келісім
                                    бойынша)

Бабақұмаров                       - Қазақстан Республикасы
Ержан Жалбақұлы                     Премьер-Министрі Кеңсесі
                                    Басшысының орынбасары

Қарин                             - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Ерлан Тынымбайұлы                   партиясының хатшысы (келісім
                                    бойынша)

Сапарғалиев                       - «Құқықтық мониторинг, сараптама
Ғайрат Сапарғалиұлы                 және талдау» ғылыми-зерттеу
                                    институты» жауапкершілігі
                                    шектеулі серіктестігінің
                                    директоры (келісім бойынша)

Имашев                            - Қазақстан Республикасы
Берік Мәжитұлы                      Парламентінің Сенаты Заңнама және
                                    құқықтық мәселелер комитетінің
                                    төрағасы (келісім бойынша)

Мұқашев                           - Қазақстан Республикасы
Рахмет Желдібайұлы                  Парламентінің Мәжілісі Заңнама
                                    және сот-құқықтық реформа
                                    комитетінің төрағасы
                                    (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2271 қаулысымен  
бекітілген   

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15
жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.12 N 295 Қаулысымен.

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ұйымдастыру-дайындалу іс-шаралары

1.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу

Ұсынымдар

МАМ, БҒМ

2010 жылғы қаңтар

Талап етілмейді

-

2.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөнінде тиісті өңірлік комиссиялар құру

Әкімдердің шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы ақпан

Талап етілмейді

-

3.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту

Әкімдердің шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы ақпан

Талап етілмейді

-

4.

Көрнекі насихат құралдарының эскиздерін әзірлеп, өңірлерге жіберуді қамтамасыз ету (бірыңғай символика, билбордтар, баннерлер, тартпалар, ұрандар, ұран сөздер, жалаулар, буклеттер, жапсырмалар және басқа материалдар)

Эскиздер

ММ, Конститутциялық кеңес (келісім бойынша)



2010 жылғы қаңтар - наурыз

200 000

Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде)

5.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған отырысын өткізу

ММ-ның бұйрығы

ММ

2010 жылғы мамыр

2 400 000

Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде)

2. Ақпараттық-идеологиялық жұмыс

6.

Республикалық және облыстық БАҚ-тарда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған арнайы айдарлар ашу

БАМ-ның бұйрығы

БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы қаңтар, одан әрі жыл бойы

Республикалық және өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

Республикалық және жергілікті бюджеттер

7.

Астана қаласында өткізілетін негізгі салтанатты және мерекелік іс-шараларды республикалық телекомпаниялардың эфирлерінде тікелей трансляциялауды қамтамасыз ету

БАМ-ның бұйрығы

БАМ

2010 жылғы тамыз

025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде

Республикалық бюджет

8.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» тартулық данасын дайындауды және басып шығаруды қамтамасыз ету (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

БАМ-ның бұйрығы

БАМ

2010 жыл бойы

23 300 000

Республикалық бюджет (БАМ-ның 017 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы шеңберінде)

9.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылыми-практикалық түсіндірмесін дайындауды және басып шығаруды қамтамасыз ету

БАМ-ның бұйрығы

БАМ, Конституциялық кеңес (келісім бойынша), БҒМ

2010 жылғы наурыз

1 004 808

Республикалық бюджет (БАМ-ның 017 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы шеңберінде)

10.

Мерейтойға арналған іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз ету, жарияланымдар және теле-радио сұхбаттар, арнайы жаңалықтар, интервьюлер және басқа да материалдар серияларын ұйымдастыру

БАМ-ның бұйрығы

БАМ

2010 жыл бойы

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

Республикалық бюджет

11.

Жетекші шетелдік БАҚ-тарда имидждік материалдарды орналастыруды ұйымдастыру

CIM-нің бұйрығы

CIM

2010 жыл бойы

102 900 000

Республикалық бюджет (СІМ-нің 001 «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы шеңберінде)

12.

Республикалық және өңірлік БАҚ материалдарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы символикасын орналастыруды қамтамасыз ету

БАМ-ның бұйрығы, әкімдердің шешімдері

БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жыл бойы

Республикалық және өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

Республикалық және жергілікті бюджеттер

13.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы тақырыбы бойынша аудио- және видео роликтерді әзірлеу және республикалық және өңірлік БАҚ эфирлерінде прокаттау

БАМ-ның бұйрығы

БАМ

2010 жыл бойы

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

Республикалық бюджет

14.

Танымал қоғам қайраткерлерінің, Қазақстан Республикасының Конституциясын әзірлеуге қатысқан ғалымдардың, саясаткерлердің қатысуымен теледидар бағдарламаларының республикалық және өңірлік циклін өткізу

БАМ-ның бұйрығы

БАМ

2010 жыл бойы

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

Республикалық бюджет

3. Астана қаласында 28 - 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу

15.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған әскери шеру өткізу

Қорғанысминінің бұйрығы

Қорғанысмині

2010 жылғы 30 тамыз

560 571 000

Республикалық бюджет (ҚМ-нің 007 «Қарулы күштерді тылдық қамтамасыз ету», 019 «Қазақстан Республикасы қорғаныс күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру», 014 «Әскери қызметшілердің тәрбиелік және моральдік-психологиялық даярлығын арттыру») бағдарламалары шеңберінде

16.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концертті дайындау және өткізу

Салтанатты концерт

ММ, Президент Әкімшілігі (келісім бойынша), Конституциялық кеңес (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі

2010 жылғы 28 тамыз

250 078 449

Республикалық бюджет (ММ-ның 011 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» бағдарламасы шеңберінде

17.

Іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

IIМ-нің бұйрығы, әкімдердің шешімдері

IIМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

18.

Іс-шаралар өткізілетін орындарда жедел медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

ДСМ-нің бұйрығы, әкімдердің шешімдері

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

19.

Мерекелік іс-шаралар өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ТЖМ-нің бұйрығы, әкімдердің шешімдері

ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

4. Республика бойынша салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

20.

Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, мемлекеттік органдар мен ведомстволарда, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты жиындар өткізу

Салтанатты жиындар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жылғы шілде - тамыз

Талап етілмейді

-

21.

Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде әскери және оқу дайындықтардағы ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді көтермелей отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты сапқа тұру рәсімін өткізу

Мүдделі мемлекеттік органдардың бұйрығы

Қорғанысмині, IIМ, ҰҚК (келісім бойынша), ТЖМ, Республикалық ұлан (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

22.

Мемлекеттік қызметке жаңадан кіріскен мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған ант қабылдау салтанатты рәсімін өткізу

Ант қабылдау

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, МҚА (келісім бойынша), «Hұp Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жылғы шілде - тамыз

Талап етілмейді

-

23.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні 16 жасқа толатын азаматтарға жеке куәліктер, паспорттар берудің салтанатты рәсімін өткізу

Тиісті құжаттарды табыс ету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

24.

Өңірлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған шерулер, митингтер өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді

-

25.

Мемлекеттік қызметшілерге, жас отбасыларға және азаматтардың басқа топтарына пәтер кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жыл бойы

Талап етілмейді

-

5. Ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

26.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Ұлт, тіл, тәуелсіздік» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу

ММ-ның бұйрығы

ММ

2010 жыл бойы

3 160 360

Республикалық бюджет (ММ-ның 005 «Мемлекеттік тілдің және басқа да Қазақстан халқының тілдерін дамыту» бағдарламасы шеңберінде)

27.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған Республикалық патриоттар форумын өткізу

ММ-ның бұйрығы

ММ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жылғы маусым

26 500 000

Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде)

28.

Таяу және алыс шетелдер парламенттерінің, үкіметтерінің, конституциялық бақылау және әділет органдарының, ғылыми мекемелерінің өкілдерін шақыра отырып, «Егемен Қазақстанның конституциясына 15 жыл: Негізгі заң демократиялық реформаларды дамытудың негізі ретінде» тақырыбына халықаралық ғылыми конференция өткізу

Халықаралық ғылыми конференция

Конституциялық кеңес (келісім бойынша), Парламент (келісім бойынша), СIМ, БҒМ

2010 жылғы тамыз

46 618 399

Республикалық бюджет (СІМ-нің 006 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы шеңберінде)

29.

Қазақстандағы президенттік институт құрылуының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: тарихы және қазіргі кезеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Конституциялық Кеңес (келісім бойынша), СІМ, БҒМ, БАМ, Алматы қ. әкімі, ҚазҰУ (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

116 940 000

Республикалық бюджет (СІМ-нің 006 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы шеңберінде)

30.

Ғалымдарды, мәдениет және білім қайраткерлерін, саяси партиялар жетекшілерін, қоғам қайраткерлерін шақыра отырып, конституциялық тақырыпта Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «дөңгелек үстелдер», олимпиадалар, конкурстар, семинарлар, конференциялар, форумдар өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Hұp Отан» ХДП (келісім бойынша)

2010 жылғы тамыз

36 287 700

Жергілікті бюджет

31.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Шанырақ» этножурналистика саласындағы шығармашылық конкурсын өткізу

ММ-ның бұйрығы

ММ

2010 жылғы тамыз - желтоқсан

3 300 000

Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде)

32.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған Саясаттанушылардың еуразиялық конгресін өткізу

ММ-ның бұйрығы

ММ

2010 жылғы қыркүйек

8 090 000

Республикалық бюджет

33.

Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ және басқалары) штаб-пәтерлерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған арнайы көрмелер өткізу

СІМ-нің бұйрығы

CIM

2010 жыл бойы

1 560 000

Республикалық бюджет (CIM-нің 001 «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы шеңберінде)

6. Республика бойынша мәдени-көпшілік, оқыту-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

34.

Республиканың орталық алаңдары мен концерт залдарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған мерекелік концерттер өткізу

Әкімдердің шешімдері

Мүдделі жергілікті атқарушы органдар

2010 жылғы тамыз

88 037 800

Жергілікті бюджет

35.

Оқушы жастарды, жастар ұйымдарын тарта отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған республикалық, облыстық және қалалық флэш-моб акциялар өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жыл бойы

Талап етілмейді

-

7. Спорттық іс-шаралар өткізу

36.

Ат спорты түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған облыстық сайыстар өткізу

Әкімдердің шешімдері

Мүдделі жергілікті атқарушы органдар

2010 жыл бойы

27 888 300

Жергілікті бюджет

37.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған республикалық «Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделеріне арналған 4-ші Ұлттық спорт ойындарын» өткізу

ТСМ-нің бұйрығы

ТСМ

2010 жыл бойы

10 219 000

Республикалық бюджет (ТСМ-нің 006 «Бұқаралық спорттың және спорттың ұлттық түрлерінің дамуын қолдау» бағдарламасы шеңберінде)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ММ             - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ІІМ            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ТЖМ            - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CIM            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қорғанысмині   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ТСМ            - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
МҚА            - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
                 істері агенттігі
БҰҰ            - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЕҚЫҰ           - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
ИКҰ            - Ислам Конференциясы ұйымы
БАМ            - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
                 министрлігі
ҚазҰУ          - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады