Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 және 3-тармақтарда «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі;
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы және ақпарат министрі;
Дьяченко - Ақмола облысының әкімі;
Сергей Александрович
мына:
«Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы және ақпарат вице-министрі, хатшы»
«Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы вице-министрі, хатшы»
«Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі»;
көрсетілген құрамнан Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«1. Ұйымдастыру-дайындалу іс-шаралары» деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 4 және 7-бағандарында «МАМ» деген аббревиатура «ММ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдың 3, 4 және 7-бағандарында «МАМ» деген аббревиатура «ММ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«2. Ақпараттық-идеологиялық жұмыс» деген бөлімде бүкіл мәтін бойынша «МАМ» деген аббревиатура «БАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«3. Астана қаласында 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу» деген бөлімде:
тақырыбында «30 тамызда» деген сөздер «28 - 30 тамызда» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдың 5-бағанында «тамыз» деген сөз «30 тамыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолда:
4 және 7-бағандарда «МАМ» деген аббревиатура «ММ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
5-бағанда «тамыз» деген сөз «28 тамыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5. Ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 26, 27, 31 және 32-жолдардың 3, 4 және 7-бағандарында «МАМ» деген аббревиатура «ММ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
29. |
Қазақстандағы президенттік институт құрылуының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: тарихы және қазіргі кезеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция |
Конституциялық Кеңес (келісім бойынша), СІМ, БҒМ, БАМ, Алматы қ. әкімі, ҚазҰУ (келісім бойынша), |
2010 жылғы сәуір |
116940000 |
Республикалық бюджет (СІМ-нің 006 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы шеңберінде) |
»;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген жолдағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ҚазҰУ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов