Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Имашев                    - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Берік Мәжитұлы              Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер
                            комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Рахмет Желдібайұлы          Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
                            реформа комитетінің төрағасы (келісім
                            бойынша).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады