Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 38 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 29 қаңтардағы
№ 38 қаулысына        
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен     
бекітілген   

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру
жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      су беру - су пайдаланушыға су көзінен (өзен, су қоймасы, арна және басқалары) тарту жолымен суды жеткізу, сутартқыштармен (арна, құбыржолдар) тасымалдау, су пайдаланушылардың су бөлу нүктелеріне бөлу және жеткізу.
      3. Субсидиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су пайдаланушыларға су беру жөніндегі су берушінің шығындарын ішінара өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.
      4. Әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ұсынған облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сома негізінде бекітіледі.
      5. Субсидиялар суды есепке алу жөнінде аттестатталған гидрометриялық бекеттерді (дәлдік тексеруден өткен құрылыстарды) қолдана отырып, бекітілген су пайдалану лимиті негізінде суаратын су беру туралы шартта көрсетілген су тұтыну көлемінің шегінде су пайдаланушылардың су бөлу нүктелеріне нақты берілген судың көлемі үшін су берушілерге төленеді.
      6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Министрлік табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Республикалық бюджет комиссиясы қараған сәтте қолданыстағы су беру жөніндегі қызмет көрсетулерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста су беру әдістерін және:
      1) су пайдаланушылардың гидромелиоративтік жүйелерді,
гидромелиоративтік құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қазіргі
заманға лайық бірлесіп басқару әдістерін (ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - АСТК), гидромелиоративтік кондоминиумдар);
      2) суды есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізуді, оның нәтижелерін су бөлуде және нормаланған суаруда жедел пайдалануды;
      3) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің сақталуын және жақсартуда суды үнемдеп жұмсауды қамтамасыз ететін суарудың озық технологияларын (тамшылап суару және басқа да суару әдістері) енгізуді;
      4) тік дренаж ұңғымаларының тиімді жұмыс істеуін ынталандыру қажеттілігін ескере отырып, саралап белгілейді және бекітеді.
      7. Министрлік тиісті жылға арналған төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарларына және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша субсидиялау көлеміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
      8. Субсидиялауды ескере отырып, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тарифтер (бұдан әрі - тариф) бойынша суаратын су беру су беруші мен су пайдаланушы арасында жасалған суаратын су беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

2. Субсидиялар төлеу тәртібі және су
пайдаланушыларға су беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялау шарттары

      9. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөніндегі қызметтерді алу үшін су пайдаланушылар ағымдағы жылдың 25 сәуіріне дейінгі мерзімде су берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес су тұтынуға өтінім;
      жер пайдалану құқығына актінің, жер пайдалануға арналған шарттың көшірмесі, немесе аудандық әкімдіктің жер учаскесін бөлу туралы шешімінің көшірмесі, осы су пайдаланушы мүшесі болып табылатын АСТК Жарғысын мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған құрылыстардың, жабдықтар мен құрылғылардың белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық паспорттарының көшірмелері (нотариалды куәландырылған).
      10. Су беруші жыл сайын 1 маусымға дейін осы Ереженің 5, 6, 8-тармақтарына сәйкес субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беруге су пайдаланушылармен алдағы суару маусымына арналған шарттар жасасады. Егер су пайдаланушылар вегетацияаралық (дымқылдату және сумен шаю) суаруларды жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстарды орындау басталғанға дейін жасалуға тиіс.
      11. Су беруші су пайдаланушыларға су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін:
      1) бір ай мерзімде 1 шілдеге дейін облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларына (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы басқармасы) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен келісім бойынша субсидиялауды ескере отырып, берілетін су көлемін, көрсетілген қызметтерге ақылы және субсидиялауды ескере отырып су беру жөніндегі қызметтерге тарифті көрсете отырып, тарифтер бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылардың тиісті жылға арналған тізбесін береді;
      2) ай сайын су пайдаланушылар бөлінісінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімімен алдын ала келісілген, субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін (бұдан әрі - жиынтық тізілім) мыналармен:
      су беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің актілерімен;
      су пайдаланушылармен бірге салыстырып тексерілген су беру жөнінде ақысы төленген қызметтердің нөмірі мен күнінің белгілері бар төлем құжаттарын олардың көшірмесімен қоса, Ауыл шаруашылығы басқармасына береді.
      12. Ауыл шаруашылығы басқармасы:
      сегіз жұмыс күні ішінде субсидиялауды ескере отырып, берілетін су көлемін, көрсетілген қызметтер үшін ақы мен су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялауды ескеріп тарифті көрсете отырып, тариф бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылардың тізбесін су берушілер бөлінісінде мынадай өлшемдер:
      1) суармалы учаскелері су берушінің су бөлу нүктелеріне жүктелген, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру технологиялық тізбегінің бірлігі (ортақ);
      2) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген субсидиялауды ескере отырып, тариф бойынша су беру жөніндегі қызметтерді алу үшін су пайдаланушының тиісті құжаттарының болуы негізінде құрайды;
      ай сайын осы Ереженің 11-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуді негіздейтін құжаттарды тексереді және су берушілер берген жиынтық тізілімдерді бекітеді;
      бекітілген жиынтық тізілімдердің негізінде аумақтық Қазынашылық органдарына тізілімдер мен төлем шоттарын екі данада беру жолымен субсидиялардың тиесілі сомаларын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін су берушілердің есеп шоттарына аударады;
      ай сайын есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, Министрлік бекіткен нысан бойынша Министрлікке төленген субсидиялардың көлемі туралы есеп береді.
      13. Жергілікті атқарушы органдар Министрлікке ағымдағы жыл бойынша жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкі нәтижелерге нақты жеткендігі туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
      14. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган су беруші ұсынатын су пайдаланушымен шарттың үлгі нысандарын субсидиялауды ескере отырып тариф бойынша суару үшін су алатын су пайдаланушылар тізбесін, қызмет көрсетудің ай сайынғы актісін бекітеді.
      15. Министрлік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы төлемдер мен нәтижелер туралы жасалған келісімдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмағаны үшін жауапты болады.
      16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланбағаны, тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауапты болады.
      17. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

Ауыл шаруашылығы тауарын   
өндірушілерге су беру жөніндегі
қызметтердің құнын субсидиялау
ережесіне           
1-қосымша           

20 жылғы __________________________________________________ кезеңінде
субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су пайдалануға
ӨТІНІМ

1. Су пайдаланушы___________________________________________________
                     (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Суарылатын жердің болуы _________________________________ га
оның ішінде пайдалануға көзделіп отырған_ __________________ га

Р/с

Су бөлу нүктелерінің атауы (су көзінен су пайдаланушыға су беретін орын)

Егілген ауыл шаруашылығы дақылдары

Суару реті (саны ), есе

Суару ретін ескере отырып , суармалы жерледің алаңы, га

Жүйелердің нормативтік ПӘК және суару техникасының ПӘК ескере отырып,  брутто суару нормасы  м3/га

Бекітілген су пайдалану лимитін ескере

Су тұтыну көлем, мың м3



атауы

нақты суарылатын алаң, га






1

2

3

4

5

6

7

8

9










3. Су тұтыну көлемі, барлығы __________________________ мың м3
оның ішінде вегетациялық кезең ________________________ мың м3
вегетацияаралық кезең _________________________ мың м3

Су пайдаланушы:
________________________________
      агроқұраманың басшысы
________________________________
      өтінім берілген күні

      Ескертпе: ПӘК - пайдалы әрекет ету коэффициенті

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруішлерге су
беру жөніндегі қызметтердің құнын   
субсидиялау ережесіне          
2-қосымша                

«БЕКІТЕМІН»      
Облыстың (Астана, Алматы
қалаларының) Ауыл шаруашылығы
басқармасы         
______________________________
20 ж. « »         

Суару үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру
жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
__________________________ 20 ж. ________________
(су берушінің атауы)             (ай)

р/c

Су пайдаланушылардың атауы

Нақты суару реті

Суарудың ретін (санын) ескере отырып, нақты суарылған алаң, га

Нақты берілген су,мың м3



жыл басынан бері

оның ішінде есепті айда

жыл басынан бері

оның ішінде есепті айда

суару маусымының басынан бері

оның ішінде есепті айда

1

2

3

4

5

6

7

8

суару үшін бекітілген тариф 1000 м3 үшін теңге

Көрсетілген қызметтердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-) теңге

Суару маусымының басынан бері төленген субсидиялар, теңге

Есепті айда төленуге тиіс, теңге



суару маусымының басынан бері

Оның ішінде есепті айда

суару маусымының басынан бері

Оның ішінде есепті айда

9

10

11

12

13

14

15

Су беруші _________________________________________
Келісілді: аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл
шаруашылығы бөлімі _______________________20 ж. «___» _______________

Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен Су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады