Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің 2010 - 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 71 Қаулысы

      Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясы мен оның Факультативтік хаттамасы шеңберіндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің 2010 - 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жыл сайын, 15 шілдеден және 15 қаңтардан кешіктірмей Жоспардың іс-шараларын орындау туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 4 ақпандағы
№ 71 қаулысымен      
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымы
Азаптауға қарсы комитетінің 2010 - 2012 жылдарға арналған
ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.18
№ 267 Қаулысымен.

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Конвенцияға Факультативтік хаттаманы іске асыру шеңберінде азаптаулардың және басқа да қатыгез немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетіктерін жасауды көздейтін заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және ВАК-тың қарауына енгізу

ВАК-тың шешімі

Әділетмині (жинақтау), БП (келісім бойынша), АҚҰО (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы (келісім бойынша)

2010 жылғы наурыз

Талап етілмейді

-

2.

Мемлекеттік органдардың адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметі туралы ақпаратты тұрақты негізде БАҚ-та және ресми сайттарда орналастыру

Мақалалар, жарияланымдар Әділетминіне ақпарат

МАМ (жинақтау) мүдделі мемлекетті органдар

Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне кешіктірмей

025-бюджеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысқа көзделген қаражат шегінде

РБ (025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы  шеңберінде)

3.

Үйлестіру кеңесінің қарауына Біріккен Ұлттар ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің ұстанымдарын:
- қамауда ұстаудың барлық кезеңінде құқықтық кепілдіктердің мүлтіксіз қамтамасыз етілуі (адвокатқа, ұсталғаны туралы туыстарына және басқа да адамдарға хабар беруге, тәуелсіз медициналық куәландыруға қол жеткізу құқығы);
- кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыруға балама шараларды қолдану;
-ұсталғандар мен сотталғандардың психикалық және мінез-құлқының бұзылуының бар-жоғы мәселесін шешу үшін дәрігер-психиатрдың тексеру құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру туралы ұсыныс енгізу

Үйлестіру кеңесіне ұсыныстар

Әділетмині (жинақтау), БП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), БҒМ, ДСМ, ЭБЖМ

2010 жылғы сәуір

Талап етілмейді


4.

Үйлестіру кеңесінің қарауына ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларын Әділетминінің қарамағына беру туралы ұсыныс енгізу

Үйлестіру кеңесінің шешімі

БП (жинақтау, келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Әділетмині ЭБЖМ

2010 жылғы сәуір

Талап етілмейді


5.

Сот іс қарауының жарыспалылығы, сот билігінің толық тәуелсіздігі мен алаламаушылығы қағидаттарын практикалық іске асыруды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне, Үкіметіне ұсыныстар

ЖС (жинақтау, келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині

2010 жылғы
мамыр

Талап етілмейді


6.

Үйлестіру кеңесінің отырысында:
-шағымдар мен өтініштерді қарау тетігінің тиімділігін қамтамасыз ету және одан әрі арттыру;
- қызметкерлері тиісті қылмысты жасаған құқық қорғау және арнайы органдардың құрамына кірмейтін қызметтердің азаптаулар бойынша қылмысты уақтылы және алаламай тергеуін қамтамасыз ету;
- азаптаулар бойынша қылмыс жасаған құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін тергеу жүргізу және істі сотта қарау кезеңінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету мәселелерін қарау

Үйлестіру кеңесінің шешімі

БП (жинақтау, келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині ҰҚК (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді


7.

Мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлерінің мамандандырылған және арнайы мемлекеттік мекемелерде ұсталатын адамдарға қарсы азаптау және басқа да қатыгез және адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалауды қолданудың жолын кесу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БП (жинақтау, келісім бойынша), ІІМ Әділетмині Қорғанысмині, ДСМ, БҒМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы маусым

Талап етілмейді


8.

Барлық адамдарды күштеп жоқ қылып жіберуден қорғау үшін Халықаралық конвенция нормаларын имплементациялау бойынша заң жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды ВАК-тың қарауына енгізу

ВАК-қа ұсыныстар

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині

2010 жылғы маусым

Талап етілмейді


9.

ВАЖТ қарауына:
- ҚК-нің 347-1-бабын конвенцияның 1-бабына сәйкес келтіру;
- ҚІЖК-нің іс жүргізу кодексінің 138-бабының үшінші бөлігін алып тастау;
- Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын Конвенцияның 3-бабына, 5-бабының 2-тармағына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ВАЖТ-ға ұсыныс

Әділетмині (жинақтау) БП (келісім бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), Қорғанысмині, ЭБЖМ

2010 жылғы шілде

Талап етілмейді


10.

Құқық қорғау органдары мен арнайы органдар, сондай-ақ пенитенциарлық жүйе мекемелері қызметкерлерінің азаптауларды қолдануға байланысты жасаған қылмыстарын анықтау, ескерту, жолын кесу және ашу (ЕҚЫҰ халықаралық сарапшыларын тарта отырып) жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Бірлескен бұйрық

ІІМ (жинақтау) БП (келісім бойынша), Әділетмині ТЖМ, Қаржымині, ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы шілде

Талап етілмейді


11.

Азаптаулар құрбандарын оңалтуды жүзеге асыру, сондай-ақ адамды азаптауда кінәлі деп танылған адамдардың есебінен азаптаулардың құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Әділетмині (жинақтау), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

Талап етілмейді


12.

Азаптаулардың және адамның құқықтары мен бостандықтарына қарсы басқа да қылмыстардың құрбандарын оңалту үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы дағдарыс орталықтарын құру мен олардың қызметін қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау туралы мәселені қарау

Әділетминіне ұсыныстар

Облыстардың , Астана мен Алматы қалаларының  әкімдері

2010 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді


13.

Психиатриялық және сот медицинасы сараптамаларын жүргізу, медициналық мекемелерге мәжбүрлеп орналастырудың ұзақтығын шектеу, сондай-ақ медициналық араласу мен емдеу әдістеріне шағымдану мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ВАК-тың қарауына енгізу

ВАК-қа ұсыныстар

ДСМ (жинақтау) БП (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині ҰҚК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді


14.

Халықаралық қылмыстық соттың Римдік мәртебесін ратификациялау бойынша ұсынысты Қазақстан Республикасының Халық-аралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелер жөніндегі комиссиясының қарауына енгізу

Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімі

Әділетмині (жинақтау), ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, ЭБЖМ

2010 жылғы қазан

Талап етілмейді


15.

Ұсталғандарды қамау және босату кезінде тұрақты негізде де олардың өтініші бойынша да куәландыруды жүргізу үшін ІІМ мен Әділетминінен тәуелсіз денсаулық сақтау қызметін құру жөніндегі ұсыныстарды қарау және енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкіметіне ұсыныстар

ДСМ (жинақтау), ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині, ІІМ, ЭБЖМ

2010 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді


16.

Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 267 Қаулысымен.

17.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарда адам құқықтарын қорғау мен қамалғандармен жұмыс саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеу бойынша арнайы оқыту курстарын енгізу

Әділетминіне ақпарат

ІІМ,ҰҚК (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), Әділетминінің ҚАЖК

2010-2012 жылдар ішінде

Талап етілмейді


18.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, қамауға алынған немесе сотталған азаматтар ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлерінің азаптауларды қолдануына байланысты қылмыстардың алдын-алу жөнінде іс-шаралар жүргізу

Іс-шаралар жоспары

БП (келісім бойынша), Әділетмині  ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2010-2012 жылдар ішінде

Талап етілмейді


19.

Әділетминінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

2010 - 2012 жылдар ішінде

Талап етілмейді

Әділетминінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген қаражат шегінде

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖС                  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП                  - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                      комитеті
ҚПА                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
                      және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
                      (қаржы полициясы)
Қорғанысмині        - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ІІМ                 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Әділетмині          - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ                - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                      жоспарлау министрлігі
ДСМ                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                      министрлігі
МАМ                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                      министрлігі
БҒМ                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                      министрлігі
Қаржымині           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                      министрлігі
АҚҰО                - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы
Әділетминінің ҚАЖК  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
                      Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
ЕҚЫҰ                - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
                      ұйымы;
Конвенция           - 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және
                      басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және
                      ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау
                      түрлеріне қарсы конвенция
ВАК                 - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң
                      жобалау жұмысы жөніндегі ведомствоаралық
                      комиссия
Үйлестіру кеңесі    - Қазақстан Республикасы құқық қорғау
                      органдарының үйлестіру кеңесі
ВАЖТ                - Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және
                      жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы
                      жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
                      жұмыс тобы
ҚК                  - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
ҚІЖК                - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
                      кодексі
РБ                  - республикалық бюджет
БАҚ                 - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады