Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Хатшылығындағы лауазымға кандидатураларды бекітуге ұсыну туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1299 Қаулысы

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (кеден одағы жоғарғы органдарының) үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесінің «Кеден одағының комисиясы туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 шешіміне және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 358 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының бекітуіне мынадай кандидатуралар:
      Ақпанбаева Дина Қияшқызы - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Сауда саясаты департаментінің директоры лауазымына;
      Бектасов Әділбек Қатаямұлы - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Кедендік тариф және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры орынбасарының лауазымына;
      Халимов Мэлсат Исаұлы - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Құқықтық департаментінің директоры орынбасарының лауазымына ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады