Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1378 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы  11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      «ҚазАгро холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
      үшінші бөлікте:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады