Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2325 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1460 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 66-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «2. Ағымдағы ахуалды талдау» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру.
      «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі функциялары Әділет министрлігінің қарауына берілді.
      Осылайша, сот актілерін орындау бір мемлекеттік органда шоғырланатын болады, бұл халықаралық практикаға сәйкес келеді.
      Сот актілерінің нақты орындалуы атқарушылық іс жүргізудің негізгі көрсеткіші болып табылады, бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіш болғанымен, әлі де 70 - 75 % деңгейде қалып отыр. Сот орындаушыларының сәйкес келмейтін мәртебесі, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, заңнамалық және басқа да проблемалар орындалу сапасына әсер етеді. Жалақының жеткіліксіз деңгейі, жүктемелердің едәуір болуы, әлеуметтік жағынан қорғалудың әлсіздігі сот орындаушысы жұмысының тартымдылық деңгейін төмендетеді. Орындаудың жай-күйін жақсарту үшін мынадай міндеттерді шешу талап етіледі.
      Сот актілерінің бұлжытпай орындалуына, соның ішінде атқарушылық құжаттарын орындаудан бас тартқаны үшін борышкердің жауапкершілігін күшейту, борышкерлерге қатысты шектеу шараларын одан әрі кеңейту, атқарушылық іс жүргізуге процессуалды сот бақылауын күшейту арқылы қол жеткізу керек.
      Сот орындаушылары жұмысының жүктемелер нормативін есептеп, бекіту қажет, содан кейін сот орындаушылары санын атқарушылық іс жүргізу жүйесінің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті санға барынша көбейту қажет.
      Сот орындаушылары өз міндеттерінің күшінде мүліктен күштеп айыруды, оны мәжбүрлеп алып қоюды, борышкерлерді мәжбүрлеп шығаруды, борышкерлердің үй-жайын олардың келісімсіз және мәжбүрлі сипаттағы басқа да шараларды жүзеге асырады. Бұл ретте оларға борышкерлер тарапынан жиі күш көрсетіледі.
      Сот орындаушылары жұмысының ерекшелігі салық қызметі, прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы органдарының жұмысымен сәйкес келетінін ескере отырып, мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сот орындаушыларын тиісті еңбек жағдайына сәйкес әлеуметтік қорғау шараларын көздеу қажет.
      «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығына сәйкес атқарушылық іс жүргізу органдарына сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен байланысты істер бойынша анықтау өкілеттіктерін берген жөн, бұл сот актілерін орындау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 113-бабына сәйкес тараптардың қаражаты ғана емес, сондай-ақ оларды ұйымдастыру мен оларды жүргізуге жұмсалған бюджет қаражаты орындау жөніндегі шығыстар болып табылады.
      Қазіргі уақытта атқарушылық әрекеттерді ұйымдастыру мен оларды жүргізуге арналған шығыстарды көбінесе өндіріп алушылар немесе сот орындаушылары өздеріне алуға мәжбүр. Бұл ахуал ең алдымен атқарушылық әрекеттерді ұйымдастыру мен оларды жүргізуге арналған бюджеттің ақшалай қаражатының жетіспеуіне негізделген.
      Жекелеген атқарушылық әрекеттерді жасау үшін қаражаттың жоқтығы заңда белгіленген сот актілерін орындау мерзімдеріне айтарлықтай әсер етеді және орындау мерзімдерін бұзудың, өндіріп алушылардың мүдделері мен құқықтары бұзылуының негізгі себебі болып табылады.
      Осыған байланысты республикалық бюджетте кейбір атқару әрекеттерін қайтару негізінде жасауға қаражат көздеу қажет.
      Осыған байланысты республикалық бюджетте қайтару негізінде жекелеген атқарушылық әрекеттерді жүргізуге қаражат бөлуді көздеу қажет.
      Сот орындаушылары біліктіліктерінің жеткіліксіздігі сот актілерінің орындалу сапасына әсер етеді. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама тек «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңмен ғана шектелмейді, ол көптеген заңдар мен заңға тәуелді актілерде қамтылған құқық нормаларының жиынтығын білдіреді. Осыған байланысты сот орындаушыларының барлық санын қамтып, олардың біліктілігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажет.
      Сот орындаушылары жұмысының ауқымды көлемі атқарушылық іс жүргізуді тиімді бақылауды және оларды есепке алу жөніндегі шараларды қабылдауды талап етеді. Аталған міндетті іске асыру мақсатында Атқарушылық іс жүргізуді есепке алудың және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе тіркеу органдарының деректер қорымен электрондық өзара байланыс жасауды жолға қоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні аталған органдармен өзара байланыс жасау жазбаша сауал арқылы жүзеге асырылып келеді, бұл орындау мерзімдерін айтарлықтай ұзаққа созады.
      Сот шешімдерін жеке негізде орындаудың баламалы жүйесін енгізу қажет, ол қазақстандық сот жүйесін Мемлекет Басшысы бекіткен «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарламада көзделген жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға жақындату мақсатына сай келеді. Бұл атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыруға да мүмкіндік беретін болады. Көптеген шет елдердің тәжірибесі сот шешімдерін жеке орындау институтының жоғары тиімділігін дәлелдейді.»;
      «3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері» деген бөлімде:
      кесте мынадай мазмұндағы «8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру» деген кіші бөліммен толықтырылсын:

«

8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру

8.1.-мақсат. Сот актілерін орындау сапасын арттыру.

Нысаналы индикатор: Нақты орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі (аяқталған атқарушылық іс жүргізу санына %-бен) 2010 жылы 76,5 % құрайтын болады, 2011 жылы - 77 %, 2012 жылы - 77 %, 2013 жылы - 77 %, 2014 жылы - 77 % (2009 жылы - 75,5 %).

8.1.1-міндет. Сот орындаушыларын әлеуметтік қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда бекіту

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» жаңа Заң қабылдау

НҚА



1





8.1.2-міндет. Атқарушылық іс жүргізу органдарына сот шешімдерінің орындалу тәртібін бұзуға байланысты істер бойынша анықтауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерді беру

Сот шешімдерін орындау тәртібін бұзған тұлғаларға қатысты жасалған материалдардың жалпы санынан қозғалған қылмыстық істердің үлесі

%

24

5

7

7

7

7

15

8.1.3-міндет. Заңның бюджет қаражаты есебінен атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы нормаларын іске асыру

Атқарушылық өндірістердің жалпы санынан тыйым салынған мүлікті сату бойынша сауда-саттық жүргізілген атқарушылық іс жүргізу үлесі

%

-

3

5

7

9

11

13

8.1.4-міндет. Сот орындаушыларының біліктілігін арттыру

Жалпы санынан біліктілігін арттыру курстарынан өткен сот орындаушылардың үлесі

%

20

30

35

40

45

50

55

8.1.5-міндет. Атқарушылық іс жүргізуді есепке алудың және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу

Автоматтандырылған есепке және бақылауға алынған атқарушылық іс жүргізу үлесі

%

5

10

50

80

90

100

100

Бірыңғай жүйеге енгізілген автоматтандырылған жұмыс орындарының саны

саны

70

15000

1800

2115

2348

2562

2562

Электрондық бақылауға алынған атқарушылық іс жүргізу үлесі

%


50

70

95

100

100

100

8.1.6-міндет. Сот шешімдерін жеке орындау институтын енгізу

Сот орындаушыларына түсетін айлық жүктемені төмендету (атқарушылық іс жүргізу саны (істер))

саны

33

46

жеке орындау институтының даму шамасына қарай

жеке орындау институтының даму шамасына қарай

жеке орындау институтының даму шамасына қарай

жеке орындау институтының даму шамасына қарай

жеке орындау институтының даму шамасына қарай

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» (жаңа редакция) Заңдарды қабылдау

НҚА



2





Заңға тәуелді актілерді қабылдау

НҚА



9





                                                                  »;

      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі» кестесі мынадай мазмұндағы «8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру» деген кіші бөліммен толықтырылсын:

«

8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру

Мақсаты: Сот актілерін орындау сапасын арттыру



«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы.

                                                               »;

      «4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауіп-қатерлер» деген бөлімде:
      «Сектораралық өзара іс-қимыл» кестесі мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«

Сот актілерін орындау комитетінің желісі бойынша

8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру.
8.1-мақсат. Сот актілерін орындау санасын арттыру.
8.1.2-міндет. Атқарушылық іс жүргізу органдарына сот шешімдерінің орындалу тәртібін бұзуға байланысты істер бойынша анықтауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерді беру

ІІМ-мен бірлесіп, заңнаманы өзгерту жөніндегі шаралар және заңнаманың өзгеруінен туындайтын ұйымдастырушылық шараларды өткізу

8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру.
8.1-мақсат. Сот актілерін орындау сапасын арттыру.
8.1.5-міндет. Атқарушылық іс жүргізуді есепке алудың және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу

Өзара алмастырылатын ақпараттардың, нысандардың және форматтардың тізбесін келісу. Мемлекеттік органдармен САОК-нің өзара байланыс жасау нұсқаулықтарына, регламенттерін, ережелерін әзірлеу және бекіту. ЖРБА, ІІМ, Еңбекмині, ҚПА, БП, Қаржымині және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттың өзара байланыс жасау жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құру

                                                           »;

      «6. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
      001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда: «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «6 117 106» деген сандар «6 220 753» деген сандармен ауыстырылсын;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 004 «Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын;
      005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «315 384» деген сандар «277 084» деген сандармен ауыстырылсын;
      006 «Нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу және сараптау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      Сан көрсеткіштерінде:
      1) тармақшада «1571» деген сандар «1484» деген сандармен ауыстырылсын;
      3) тармақшада «12000» деген сандар «1512» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «1 474 296» деген сандар «1 372 408» деген сандармен ауыстырылсын;
      009 «Құқықтық насихат» деген бюджеттік бағдарламадан кейін мынадай мазмұндағы 012 және 013 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

«

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Бюджеттік бағдарлама

012 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайту

Сипаты

Жеке басын куәландыратын құжаттарды персоналдандыру (дайындау) үшін мемлекеттік кәсіпорынның арнайы жабдықты одан одан әрі сатып алуы үшін жарғылық капиталын ұлғайту; сондай-ақ өндірістік және техникалық жабдықтар

Көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Сан көрсеткіштері

Жеке басын куәландыратын құжаттарды персоналдандыру (дайындау) үшін сатып алынатын арнайы жабдық жинағының саны

бірлік



1



Сапа көрсеткіштері








Тиімділік көрсеткіштері








Нәтиже көрсеткіштері

Жарғылық капиталын толтыруға арналған қаражатты уақытылы және толық аудару

%



100



Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар


мың теңге



665695



»;

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Бюджеттік бағдарлама

013 «Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету»

Сипаты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті мен аумақтық органдарын ұстау, мақтау қағаздары мен бланкалы өнімдерді дайындау, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және пайдалану, байланыс қызметіне ақы төлеу, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу, полиграфиялық қызметтер, қызметтік куәліктер мен мұрағаттық қораптарды дайындау, атқарушылық өндірісті есептеу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін сүйемелдеу (АӨЕБАЖ), басқа да қызметтер мен жұмыстар.

Көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Сан көрсеткіштері

мемлекеттік мекемелердің саны (Комитетті қоса алғанда)

бірлік



17



Сапа көрсеткіштері








Тиімділік көрсеткіштері








Нәтиже көрсеткіштері

Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің қызметін қамтамасыз ету

%



100



Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар


мың теңге



218495



                                                              »;

      015 «Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін дайындау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      Сан көрсеткіштерінде:
      «1 433 499» деген сандар «2 350 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «4 000 000» деген сандар «6 765 998» деген сандармен ауыстырылсын;
      015 «Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін дайындау» деген бюджеттік бағдарламадан кейін мынадай мазмұндағы 016 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

"

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Бюджеттік бағдарлама

016 «Тәркіленген және тыйым салынған мүлікті бағалау, сақтау және сату»

Сипаты

Тәркіленген және тыйым салынған мүлікті бағалау, сақтау және сату бойынша қызметтерге, пошта-телеграф шығыстарына, көлік қызметтеріне ақы төлеу

Көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Сан көрсеткіштері

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналған мүліктерді сатудан республикалық бюджетке түскен қаражат көлемі

мың теңге



260 000



Тыйым салынған мүлікті аукциондарда сату




1 600 000



Сапа көрсеткіштері








Тиімділік көрсеткіштері








Нәтиже көрсеткіштері

Бағдарламаларды іске асырудан бюджетке түскен пайда

мың теңге



259 911,8



Тыйым салынған мүлік жөніндегі шығыстарды бөлінген бюджет қаражаттары шегінде бюджетке қайтару

%



100



Бағдарламаларды іске асыруға арналған шығыстар


мың теңге



94 271



                                                                  »;

      018 «Қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын және мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      Сан көрсеткіштерінде:
      «Медициналық жабдықтарды сатып алу» деген жолда «78» деген сандар «51» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Компьютерлік-көбейткіш техникаларды сатып алу» деген жолда «28» деген сандар «36» деген сандармен ауыстырылсын;
      Нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Медициналық жабдықтарды сатып алу» деген жолда «78» деген сандар «51» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Компьютерлік-көбейткіш техникаларды сатып алу» деген жолда «28» деген сандар «36» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «171 137» деген сандар «154 282» деген сандармен ауыстырылсын;
      021 «Қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінің ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу» деген «бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      Сан көрсеткіштерінде:
      «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу»  деген сөздерден кейін «(кемінде)» деген сөзбен толықтырылсын;
      Нәтиже көрсеткіштерінде:
      «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізілді» деген сөздерден кейін «(кемінде)» деген сөзбен толықтырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «95 553» деген сандар «453 900» деген сандармен ауыстырылсын;
      023 «Әділет органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «466 888» деген сандар «836 268» деген сандармен ауыстырылсын;
      025 «Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «2 763 681» деген сандар «2 613 901» деген сандармен ауыстырылсын;
      047 «Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      Сан көрсеткіштерінде:
      «15» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолда «795 329» деген сандар «1 808 713» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кестеде:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «1. Қолданыстағы бағдарламалар, оның ішінде» деген жолда: «42 616 368» деген сандар «49 196 067» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолда «42 616 368» деген сандар «49 196 067» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2. Әзірлеуге ұсынылатын бағдарламалар, оның ішінде» деген жолда:
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолда «0» деген сан «751 190» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Барлығы шығыстар, соның ішінде» деген жолда: «50 701 745» деген сандар «58 032 634» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолда «50 701 745» деген сандар «57 281 444» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолда «0» деген сан «751 190» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды бөлу» деген кестеде:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «2.1-мақсат. Норма шығару қызметінің сапасын арттыру» деген жолда «1 474 296» деген сандар «1 372 408» деген сандармен ауыстырылсын;
      «3-бюджеттік бағдарлама. 006 Нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу және сараптау» деген жолда «1 474 296» деген сандар «1 372 408» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату» деген 3-стратегиялық бағытта:
      «3.1-мақсат. ҚАЖ қызметінің тиімділігін арттыру және оны халықаралық стандарттарға жақындату» деген жолда:
      «24 139 007» деген сандар «24 224 502» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4-бюджеттік бағдарлама. 003 Сотталғандарды және тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

4.1-бюджеттік бағдарлама. 004 Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау

1 918 445

85 495



                                                     »;

      мынадай мазмұндағы 8-стратегиялық бағытпен толықтырылсын:
«

8-стратегиялық бағыт. Сот актілерін орындау институтын жетілдіру

8.1-мақсат. Сот актілерін орындау сапасын арттыру


94 271



8.1.3-міндет Заңның бюджет қаражаты есебінен атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы нормаларын іске асыру


94 271



5-бюджеттік бағдарлама. 016 Тәркіленген және тыйым салынған мүлікті бағалау, сақтау және сату


94 271



                                                      ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1460 қаулысына   
1-қосымша      

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Бюджеттік бағдарлама

004 Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау

Сипаты

Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентіндегі ОВ-156/18 мекемесінің жаңа қазандығын салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, Батыс Қазақстан облысының Орап қаласындағы 900 орынды РУ-170/3 мекемесін қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы түзету және мемлекеттік сараптамадан өткізу, Қызылорда қаласындағы 1000 орындық ЗК-169/5 мекемесін қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп кеңейту және реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу

3-стратегиялық бағыт

Қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату

3.1-мақсат

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру және оны халықаралық стандарттарға жақындату, әлеуметтік бейімделу және жазасын толық немесе ішінара өтеп шыққан адамдарды азаматтық қоғамға әлеуметтендіру

3.1.1-міндет

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жаңаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын күрделі жөндеу арқылы бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды камералық ұстауға көшу.

Көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Сан көрсеткіштері

Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау бойынша жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны

бірл.

6

3

3





Олардың ішінде: Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және түзету

бірл.

3

0

3





Сапа көрсеткіштері








Тиімділік көрсеткіштері








Нәтиже көрсеткіштері

Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау бойынша пайдалануға енгізілген объектілердің саны


1

2




Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар


мың теңге

3 705 420

1 918 445

85 495



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады