Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1476 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен ауданы 47,1 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесі қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шымкент аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығын жүргізуге байланысы жоқ орман шаруашылығы өндірісінің, шығасыларын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің балансына тапсыра отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1476 қаулысына      
қосымша          

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына
ауыстырылатын орман қоры жерінің экспликациясы

Р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар

Соның ішінде:

орманды жерлер

егістіктер

шабындықтар

жайылымдар

батпақ

өзге де жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»

47,1

47,1

-

-

-

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады