"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 202 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 40-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 282-баптың 3-тармағындағы «Ұзақ» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген болса, ұзақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 370-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы «болса,» деген сөзден кейін «лицензиясынан айырылған не» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 718-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер берген заемдар бойынша сыйақының жылдық тиімді сыйақы ставкасымен көрсетілген мөлшері заем шартын жасау күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасының сегіз еселік мөлшерінен аспауы тиіс.»;
      2) 728-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақшалай нысанда заем беру жөніндегі лицензиясы бар өзге заңды тұлғаның шарттың талаптарын бір жақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды;»;
      3) 740-баптың 1-тармағындағы «Заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «(уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) еріксіз тарату процесіндегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 760-баптың 2-тармағындағы «Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банктің» деген сөздер «Банктің» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 16 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 96-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «96-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оларға
               зиянды болатындай етіп бағыттау»;
      бірінші абзацтағы «адамға» деген сөз «жеке немесе заңды тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 158-4-баппен толықтырылсын:
      «158-4-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
                  тәртібі мен мерзімдерін бұзу
      1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу -
      лауазымды тұлғаларға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      лауазымды тұлғаларға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 541-баптың бірінші бөлігі «158-3,» деген цифрлардан кейін «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) 637-баптың бірінші бөлігі «151,» деген цифрлардан кейін «158-4,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 31-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы д-1), д-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «д-1) банктік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері және рәсімі;
      д-2) клиенттердің банктік қызметтерді көрсетуді ұсыну процесінде туындайтын өтініштерін қарау тәртібі;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже банктік қызметтерді ұсынудың және банктердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын банктік қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қараудың тәртібіне сәйкес келуі тиіс.»;
      2) 34-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-2. Банктік заем шартының мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
      1-3. Банктік заем шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға таралмайды.
      1-4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік заемдар беруге тыйым салынады.»;
      4-тармақта:
      бірінші абзацтың ресми тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      е) тармақшасындағы «белгілейді.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын:
      «ж) кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін белгілейді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Егер заем беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген жағдайда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның заемшыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.»;
      5-тармақтағы «2-4» деген цифрлар «1-3 - 4-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3) 35-бап:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жеке тұлғамен жасалған банктік заем шарты, оның ішінде ипотекалық заем шарты бойынша тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы мөлшері заем сомасының он пайызынан аспауы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз етуге бірнеше кепіл заты ұсынылған кезде және егер заемшы, кепіл беруші кепіл затын босатуға өтініш жасаған сәтте олардың бағалаушы анықтаған нарықтық құны уәкілетті органның активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі талаптарын, сондай-ақ банктің кепілдік саясатын ескергенде заемшы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен жағдайда, банк заемшының, кепіл берушінің талабы болған жағдайда, заемшы, кепіл беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде заемшының міндеттемесі мөлшерінен асып кеткен бөлігінде бір немесе бірнеше кепіл затының кепілдігін тоқтату жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті.»;
      4) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Төлеуге қабілетсіз заемшыға қатысты қолданылатын
               шаралар
      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік заем шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын заемшыға қатысты көрсетілген жүйелілікпен мынадай шараларды қолдануға құқылы:
      1) шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң заемшы банктік заем шартында көзделген тәсілмен төлемді жасау қажеттілігі туралы және өз міндеттемесін орындамаудың салдары туралы хабардар етіледі;
      2) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, бірақ хабардар ету сәтінен бастап кем дегенде отыз күнтізбелік күннен кейін төлеуге қабілетсіз заемшыға қатысты шаралар қолдану мәселесі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органының қарауына шығарылады. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Ішкі кредиттік саясат туралы ережеге сәйкес заем бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану туралы шешім қабылдайды;
      3) заемшы шарт бойынша міндеттемесін орындау мерзімін өткізген күнінен бастап екі ай өткен соң банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым заемшының кез келген банк шоттарындағы, оның ішінде жалақы түрінде келіп түскен ақшадан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген қызметкердің жалақысынан ай сайынғы ұстап қалудың рұқсат етілген жалпы мөлшерін ескере отырып, даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға құқылы (егер мұндай өндіріп алу кредиттік шартта ескерілген болса);
      4) заемшы шарт бойынша міндеттемесін орындау мерзімін өткізген күнінен бастап алты ай өткен соң банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 2) тармақшасына сәйкес өздерінің уәкілетті органы мақұлдаған өзге шараларды қолдануға, сондай-ақ кепілдіктегі мүлікті соттан тыс тәртібімен өндіріп алуға не кепілге берілген мүлікті сату туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы;
      5) заемшы шарт бойынша міндеттемесін орындау мерзімін өткізген күнінен бастап тоғыз ай өткен соң банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеуге қабілетсіз заемшыны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.»;
      5) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Ставкалар мен тарифтер
      1. Сыйақы ставкалары мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.
      2. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалармен жасалатын банктік заем шарттарында, оның ішінде ипотекалық заем шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді және заемшының таңдауы бойынша заемды өтеу әдісін көрсетеді.
      Сыйақының тіркелген ставкасы бір жақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.
      Шарттың қолданылу мерзімі ішінде сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азаю жағына не сыйақының құбылмалы ставкасына өзгертілуі мүмкін.
      Сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша оның шартта айқындалған қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ банктік заем шарты жасалған күнінен бастап үш жылдан кейін ұлғаю жағына өзгеруі мүмкін. Сыйақының тіркелген ставкасының ұлғаю жағына әрбір кейінгі өзгеруі тіркелген ставканың қолданылу мерзімі аяқталған соң, бірақ сыйақының тіркелген ставкасының алдыңғы өзгертілген күнінен бастап кем дегенде үш жылдан кейін тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Сыйақының құбылмалы ставкасын есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік заем шартын жасасу күнінде белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және заемды қамтамасыз ету жөніндегі басқа шығыстардың мөлшері мен оларды есептеу тәртібін бір жақты тәртіппен ұлғаю жағына өзгертуге құқығы жоқ.
      3. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік заем шарттарында берілген заем шеңберінде өндіріп алынуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және олардың жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізуге құқығы жоқ.
      4. Банктің интернет-ресурстарында заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік және өзге қызметтер үшін ставкалар мен тарифтер туралы ақпарат орналастырылуы тиіс. Қолданыстағы ставкалар мен тарифтерге өзгерістердің енгізілу күні туралы мәліметтерді, ішкі құжаттың нөмірін және осы өзгерісті қабылдаған органды көрсетіп, ставкалар мен тарифтер туралы ақпарат актуалды режимде ұсталып тұрылуы тиіс.
      5. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақы ставкаларын шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есеппен (заемның нақты құнын) көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда белгілейді.
      Осы баптың 2, 3, 4, 5-тармақтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.»;
      6) 48-1-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48-1-бап. Банкті лицензиясынан айырудың салдары
      1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнінен бастап:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;
      2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне иелік етуге құқықтары болмайды;
      3) басшы, ал қажет болған жағдайда банктің өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі;
      4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісінде ғана қойылуы мүмкін;
      5) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптар бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны алып алуға, сондай-ақ банк мүлкін өтеуге өндіріп алуға беруге жол берілмейді;
      6) банктің лауазымды тұлғаларына өздеріне тиесілі банк акцияларын иелігінен шығаруға тыйым салынады;
      7) банкке қатысты соттардың бұдан бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      8) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді банктің борышкерлері жасалған банктік заем шарттарына және мәмілелердің өзге түрлеріне сәйкес орындайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімінің) орындалған жұмыс туралы есебі бекіту үшін уәкілетті органға беріледі және оның көшірмесі банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.»;
      6-тармақтағы «10 күн мерзімінен кешіктірмей» деген сөздер «банктің тарату комиссиясы тағайындалған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі «және оны уәкілетті орган бекітеді» деген сөздер «, оның бір данасы уәкілетті органға жіберіледі, екіншісі банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем алынып тасталсын;
      7) 73-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген күнінен бастап осы Заңның 48-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, көрсетілген баптың 1-тармағында көзделген салдар басталады.».
      5. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат):
      1) 5-3-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) осы Заңда, өзге заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.»;
      2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-бап. Ипотеканы өткізуді тоқтату
      Үшінші тұлға (заттай кепілгер) болып табылатын борышқор  және (немесе) кепіл беруші кепіл затын сату өткізілгенге дейін кез келген уақытта кепіл ұстаушының ипотекалық шарт талаптарына сәйкес оларды қанағаттандыру кезіне қарай оларда бар көлемдегі талабын орындап, өзіне қатысты өндіріп алуды және оның өткізілуін тоқтатуға құқылы. Бұл құқықты шектейтін келісім жарамсыз болып табылады.
      Егер соттан тыс тәртіптегі сауда-саттық туралы хабарландыру бірінші рет жарияланған күніне дейін борышқор-жеке тұлға және (немесе) үшінші тұлға (заттай кепілгер) болып табылатын кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепіл мәнін сатып алу бағасы кепіл ұстаушының кепіл мәнін өтеуге өтініш берілген сәтіндегі мөлшердегі талаптарын жабатын сатып алушының кандидатурасын ұсынса, осы тұлғаның артықшылықпен сатып алу құқығы болады. Бұл жағдайда кепіл ұстаушы кепіл мәнін сатудан бас тартпауы тиіс.
      Артықшылықпен сатып алу құқығы бар тұлға кепіл ұстаушыға өзінің кандидатурасы сатып алушы ретінде ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өзі ұсынған сатып алу бағасын төлемеген кезде, кепіл ұстаушы осы Заңда белгіленген тәртіппен соттан тыс сауда-саттық өткізеді.»;
      3) 24-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «, жол берілмейді.» деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) жеке тұлға болып табылатын кепіл ұстаушының осы Заңның 26-бабының 7-1) тармақшасында белгіленген мерзімде берілген ипотеканы соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізуден жазбаша бас тартуы болса;
      5) жеке тұлға микрокредиттік ұйыммен (кредиттік серіктестікпен) жасасқан микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үй орналасқан жер учаскесі ипотеканың мәні болып табылса, жол берілмейді.»;
      4) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «талаптар қанағаттандырылмаған» деген сөздерден кейін «және жеке тұлға болып табылатын кепіл беруші соттан тыс тәртіпте ипотеканы өткізуді жүргізуден жазбаша бас тартуды бермеген» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) жеке тұлға болып табылатын кепіл ұстаушының хабарламаны алған сәттен бастап отыз күн ішінде ипотеканы соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізуден жазбаша бас тартуды беру құқығы туралы талап;»;
      6) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде он күн бұрын сенім білдірілген тұлға жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасы облысының, республикалық маңызы бар қаласының, астанасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық туралы хабарландыру жариялайды.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ипотекалық кредит беру үшін: ипотекалық қарыз беру кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті сату қажеттілігі пайда болған кезде;».
      7. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж, № 4, 23-құжат; 2006 ж, № 11, 55-құжат; № 23, 140-құжат):
      4-баптың 2-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қарыз алушының таңдауы бойынша микрокредитті өтеу тәсілі (біржолата не бөлшектеп) және әдісі;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) микрокредит бойынша сыйақы ставкаларының мөлшері, оның ішінде микрокредит бойынша оны алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарды ескере отырып есептелген сыйақының жылдық ставкасының және жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері (микрокредиттің нақты құны);».
      8. «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат):
      20-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Кредиттік шартта сыйақы ставкасының мөлшері, кредит бойынша оны алуға және оны қамтамасыз етуге байланысты барлық шығыстарды ескере отырып есептелген жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері (кредиттің нақты құны), сондай-ақ қарыз алушының таңдауы бойынша кредитті өтеу әдісі қамтылуға тиіс.».
      9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; 2010 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп процентін дербес немесе басқа акционерлермен бірлесе отырып иеленген кезде мынадай:
      шешім Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып қабылданған;
      лауазымды тұлғалар, оның ішінде қоғаммен осындай мәмілелер жасасу нәтижесінде олардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының пайда (кіріс) алуы мақсатында адал әрекет етпеген немесе әрекетсіздік танытқан жағдайлардың бірінде лауазымды тұлғалардың ірі мәмілелер және (немесе) жасауға мүдделілік бар мәмілелерді жасасу (жасасуға ұсыну) туралы шешімдер қабылдауы нәтижесінде қоғамға келтірілген шығындарды қоғамның лауазымды тұлғаларының өтеуі туралы талаппен сот органдарына шағымдануға.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін анықтама ретінде мыналар түсіндіріледі:
      адал әрекет етпеу, яғни осы Заңда белгіленген қоғамның лауазымды тұлғалары қызметінің принциптерін бұза отырып, нәтижесінде қоғамға шығын келтірілген ірі мәмілелер және (немесе) жасасуда мүдделік бар мәмілелер жасау туралы шешім қабылдау;
      әрекетсіздік, яғни қоғамның лауазымды тұлғасы нәтижесінде қоғамға шығын келтірілген ірі мәмілелер және (немесе) жасасуда мүдделік бар мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдау кезінде қалыс қалды не дәлелді себепсіз дауыс беруге қатысқан жоқ;»;
      2) 44-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе енгізілген жағдайда материалдарда директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат қандай акционердің өкілі болып табылатындығы және (немесе) ол қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатын-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидат акционер болып табылған жағдайда, онда бұл да акционерлердің тізімі қалыптастырылған күнге қоғамның дауыс беретін акцияларын иелену үлесі туралы деректер енгізіле отырып, материалдарда көрсетілуі тиіс.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдануы және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
      3-2) жария компанияларда директорлар кеңесінің есепті кезеңдегі өзінің қызметі туралы есебі;»;
      3) 53-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Директорлар кеңесі:
      1) лауазымды тұлғалар, директорлар кеңесінің мүшелері  және акционерлер деңгейінде әлеуетті мүдделер жанжалын, оның ішінде қоғам меншігін заңсыз пайдалануды және мүдделілік бар мәмілелер жасасқан кезде асыра пайдалануды қадағалауға және мүмкіндігінше оны жоюға;
      2) қоғамдағы корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.»;
      4) 58-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) дауыс беруге қойылған мәселелер және директорлар кеңесінің әр мүшесінің директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижесін көрсете отырып, олар бойынша дауыс берудің қорытындылары;»;
      5) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоғамның алқалы атқарушы органының шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысып отырған атқарушы органның барлық мүшелері қол қоюға және онда дауыс беруге қойылған мәселелер, әрбір мәселе бойынша атқарушы органның әр мүшесінің дауыс беру нәтижесі көрсетіле отырып, олар бойынша дауыс беру қорытындылары қамтылуы тиіс.»;
      6) 62-бапта:
      1-тармақтағы «Қоғамның» деген сөз «1. Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:
      1) толық хабардар болу, айқындылық, тиімділік негізінде қоғамның, оның акционерлері мен мемлекет мүддесінде тиісті мұқияттылықпен және ұқыптылықпен әрекет етуге;
      2) барлық акционерлерге әділ қарауға, корпоративтік мәселелер бойынша объективті тәуелсіз пайымдауға тиіс.»;
      7) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
      1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің әрекеттерінен және (немесе) әрекетсіздігінен келтірілген зиян үшін:
      1) қателесуге әкеліп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат берудің;
      2) осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзудың;
      3) олардың арам пиғылды және (немесе) біліксіз әрекеттерінің және (немесе) әрекетсіздігінің нәтижесінде, оның ішінде олардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының қоғаммен осындай мәмілелер жасасу нәтижесінде пайда (кіріс) алуы мақсатында қоғамның шығынға ұшырауына әкеп соқтырған ірі мәмілелерді және (немесе) жасасуға мүдделілік бар мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдауының;
      4) жарғыда көзделген жағдайларда акционерлердің жалпы жиналысының ірі мәміле және (немесе) жасасуға мүдделілік бар мәміле жасасу туралы қоғамның органы алдын ала мақұлдаған (бекіткен), орындау нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген шешім қабылдауының нәтижесінде келтірілген залалды, қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей, қоғам шеккен залал үшін қоғам мен акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иеленген (жинақтап алғанда иеленген) акционер (акционерлер) лауазымды адамның қоғамға келтірген зиянын не залалын оның өтеуі туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
      3. Қоғамның органы қабылдаған қоғамның не акционердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге орынды себептермен қатыспаған жағдайда, мәміленің жасалуына мүдделі лауазымды адамды қоспағанда, қоғамның лауазымды адамдары жауапкершіліктен босатылады.
      4. Қоғамда өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыс жасауда сотпен кінәлі деп таныған қоғамның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотталғандығын өтеу немесе алып тастау күнінен бастап бес жыл ішінде акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның лауазымды адамының, сондай-ақ акционерлер өкілінің міндеттерін орындай алмайды.
      5. Егер қоғамның қаржылық есептілігі қоғамның қаржылық жағдайын бұрмаласа, қоғамның осы қаржылық есептілігіне қол қойған қоғамның лауазымды адамдары осының нәтижесінде материалдық зиян келтірілген үшінші тұлғалар алдында жауапты болады.»;
      8) 69-бапта:
      тақырыбындағы «Ірі мәміленің» деген сөздер «Мәміленің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нәтижесінде қоғам активтерінің мөлшерінен он және одан да көп пайыз сомаға мүлік сатып алынатын не иелігінен алынатын мәмілені жасау туралы шешім Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актісіне сәйкес бағалаушы белгілеген осы мүліктің нарықтық құны ескеріле отырып, қабылдануы тиіс.»;
      9) 74-баптың 2-тармағында «талаптарын» деген сөзден кейін «сондай-ақ лауазымды адамдар қызметінің принциптерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 76-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ірі мәміле және (немесе) жасалуында мүдделілік бар мәміле туралы ақпарат қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада жария етіледі. Мұндай жария ету мәміле тараптары, мәміле мерзімі мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы ақпаратты, сондай-ақ мәміле туралы өзге ақпаратты қамтуы тиіс.»;
      11) 79-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) осы қоғам активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мүлкін кепілге (қайта кепілге) беру;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қоғамның жарғысына, сондай-ақ қоғамның акцияларды шығару проспектісіне сәйкес оның акционерлерінің мүддесін қозғайтын өзге де ақпарат қоғам акционерлерінің мүддесіне қатысты ақпарат деп танылады.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде ақпаратты жариялау (акционерлердің назарына жеткізу) мерзімдері көзделмеген жағдайда, ол осы ақпарат пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарияланады (акционерлердің назарына жеткізу).»;
      12) 80-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінде:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хатаммалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі «белгіленген тәртіппен» деген сөздерден кейін «, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын.
      10. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «жатады.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) осы Заңда, өзге заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
      2) 17-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) ақпарат жеткізушіден ақпарат алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;»;
      3) 19-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      8) ақпарат беру туралы шартта белгіленген тәртіппен кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға хабарлауға міндетті.».
      11. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат):
      1) 1-бапта:
      5) тармақша «, сондай-ақ оларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша меншік нысанына қарамастан, ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) шағым - адамның өзінің немесе басқа тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалардың, оларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ олардың заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.»;
      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу өз құзыретінің шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      3) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс
               қағаздарын жүргізу
      Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғаларда жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс қағаздарын жүргізудің басқа түрлерінен бөлек, өзге ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ішкі регламентке сәйкес жүргізіледі.».

      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағының 2), 4) тармақшаларының, 4-тармағының 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарының, 5) тармақшасының оныншы абзацының, 5-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының қолданысы бұдан бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
      Жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілген сәтте қарыз сомасының он пайызынан асатын сомада төленген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қайта есептеуге жатпайды.
      3. Қаржы ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметтерін оның талаптарына сәйкес келтірсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады