Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 198 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 212 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 198 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Алматы облысының әкімдігін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылағаш су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылағаш, Егінсу ауылдарындағы және басқа елді мекендеріндегі төтенше жағдай зардаптарын жоюға 2010 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген тиісті жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтері есебінен 50000000 (елу миллион) теңгеден Алматы облысының бюджетіне аудару ұсынылсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады