Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 293 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесінің орнықты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы өзінің жарғылық капиталының 5 пайызы мөлшеріндегі резервтік капиталын толық қалыптастырғанға дейін 2010 жылдың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады