Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 198 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың екінші абзацындағы «Қызылағаш және Егінсу ауылдарының тұрғындарына материалдық көмек көрсету» деген сөздер «Қызылағаш, Егінсу және Ақтоған ауылдарының тұрғындарына қажетті көмек көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов