Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын да:
8-тармақтың екінші абзацындағы «ең төменгі» деген сөздер «айлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«жеке тұлға сондай-ақ мыналарды ұсынады:
салық төлеушілер үшін - Кодексте белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат;
Кодекске сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін - салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов