2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 441 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 441 қаулысымен 
мақұлданған    

2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар
жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабы негізінде төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-бапта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат» - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын және уәкілетті органдар беретін құжат (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)»;
      2) 2-баптың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Бірыңғай санитариялық талаптар бақылаудағы тауарлардың тиісті түріне ЕурАзЭҚ техникалық регламенттер қабылдағанға дейін қолданылады».
      3) 5-бапта:
      екінші абзац «санитариялық талаптарға» деген сөздерден кейін «қайта ресімделмей, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзац «санитариялық талаптарға» деген сөздерден кейін «, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 7-баптың алтыншы абзацы «санитариялық талаптарға» деген сөздерден кейін «, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 9-баптың бесінші абзацы «санитариялық талаптарға» деген сөздерден кейін «, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қабылдауға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер Тараптардың бірінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.

3-бап

      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
      2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарий бола отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірмені жолдайды.

      Беларусь              Қазақстан            Ресей
  Республикасының       Республикасының      Федерациясының
   Үкіметі үшін           Үкіметі үшін        Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады