Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 466 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімінде:
      I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII, XIII, XIV, XV, XVI, XVII, XVIII, XIX, XX, XXI, XXII, XXIII, XXIV цифрлары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 цифрларымен ауыстырылсын;
      I. Тау-кен жұмыстары тарауында:
      1-тармақта:
      г) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы жиырыма алтыншы, жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Кен шахталары мен кеніштердің нормалаушы инженерлері
      Учаскелік кен нормалаушы инженерлері»;
      мынадай мазмұндағы қырық үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Учаскелік кен нормалаушы техниктер»;
      д) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Кен шахталары мен кеніштердің нормалаушы инженерлері
      Учаскелік кен нормалаушы инженерлері»;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Учаскелік кен нормалаушы техниктер»;
      XXIII. Жалпы кәсіптер тарауында:
      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «№ 1 Тізімде көзделген жұмысшыларды басқаратын және осы жұмысшылар үшін белгіленген жұмыстардың барлығын толық атқаратын бригадирлер»;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «№ 1 Тізімде көрсетілген өндірістердің барлық қызметкерлері, егер өндірістер кәсіптер мен лауазымдары санамаланбай көрсетілген болса
      Кәсібінің атауына қарамастан, № 1 Тізімде көзделген белгілі бір жұмыстарды атқаратын барлық жұмысшылар»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Өндірістің технологиялық процесімен немесе жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын басшылардың орынбасарлары»;
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «№ 1 Тізімде көрсетілген шеберлердің көмекшілері»;
      мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «Дайындау, қосымша, ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ өзінің еңбек функцияларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзінің жұмыс орнынан тыс жерде жұмыс атқаратын жұмыскерлер
      № 1 Тізімде көзделген жұмыстарды орындаумен толық жұмыс күні ішінде, яғни жұмыс уақытының кемінде 80 пайызында айналысатын жұмыскерлер
      Мамандандырылған кәсіпорындардың, ұйымдардың, цехтардың, учаскелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің (жөндеу, жөндеу-құрылыс, монтаждау және басқа) № 1 Тізімде көзделген өндірістік цехтарда, бөлімшелер мен учаскелерде, жұмыстарда, кәсіптер мен лауазымдарда тікелей, толық жұмыс күні істейтін жұмыскерлері
      Барлық атаудағы жұмысшылар, оның ішінде бас, аға жұмысшылар, олардың көмекшілері, егер № 1 Тізімге жұмысшылардың кәсіптері жалпы атаумен енгізілген болса
      Өнімдері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпыодақтық сыныптауышына сәйкес мынадай: бейорганикалық химия, органикалық синтез, мұнай-химия, резина-техникалық және асбест өнімі; тыңайтқыштар; полимерлер; пластикалық массалар; каучуктер; лак-бояу материалдары; фототехникалық тұрмыстық химия; синтетикалық бояғыштар; химиялық реактивтер мен жоғары тазалау заттары бөлімдеріне жататын «VIII. Химиялық өндіріс» тарауының өндірістерінде істейтін жұмыскерлер»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімінде:
      8. Металлургиялық өндіріс (түсті металдар) тарауында:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «Аппаратураны тазалаумен айналысатын тазалаушылар»;
      33. Жалпы мамандықтар тарауында:
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «№ 2 Тізімде көзделген жұмысшыларды басқаратын және осы жұмысшылар үшін белгіленген жұмыстардың барлығын толық атқаратын бригадирлер»;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «№ 2 Тізімде көрсетілген өндірістердің барлық қызметкерлері, егер өндірістер кәсіптер мен лауазымдары санамаланбай көрсетілген болса
      Кәсібінің атауына қарамастан, № 2 Тізімде көзделген белгілі бір жұмыстарды атқаратын барлық жұмысшылар»;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Өндірістің технологиялық процесімен немесе жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын басшылардың орынбасарлары»;
      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «№ 2 Тізімде көрсетілген шеберлердің көмекшілері»;
      мынадай мазмұндағы қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Дайындау, қосымша, ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ өзінің еңбек функцияларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзінің жұмыс орнынан тыс жерде жұмыс атқаратын жұмыскерлер
      № 2 Тізімде көзделген жұмыстарды орындаумен толық жұмыс күні ішінде, яғни жұмыс уақытының кемінде 80 пайызында айналысатын жұмыскерлер
      Мамандандырылған кәсіпорындардың, ұйымдардың, цехтардың, учаскелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің (жөндеу, жөндеу-құрылыс, монтаждау және басқа) № 2 Тізімде көзделген өндірістік цехтарда, бөлімшелер мен учаскелерде, жұмыстарда, кәсіптер мен лауазымдарда тікелей, толық жұмыс күні істейтін жұмыскерлері
      Барлық атаудағы жұмысшылар, оның ішінде бас, аға жұмысшылар, олардың көмекшілері, егер № 2 Тізімге жұмысшылардың кәсіптері жалпы атаумен енгізілген болса
      Өнімдері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпыодақтық сыныптауышына сәйкес мынадай: бейорганикалық химия, органикалық синтез, мұнай-химия, резина-техникалық және асбест өнімі; тыңайтқыштар; полимерлер; пластикалық массалар; каучуктер; лак-бояу материалдары; фототехникалық тұрмыстық химия; синтетикалық бояғыштар; химиялық реактивтер мен жоғары тазалау заттары бөлімдеріне жататын «10. Химиялық өндіріс» тарауының өндірістерінде істейтін жұмыскерлер.».
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады