"Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 588 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 15 маусымдағы
№ 588 қаулысымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі"
техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы

      1. Осы "Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберілген ауыл шаруашылығы шикізатын - мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтарға (бұдан әрі - машиналар мен жабдықтар) қолданылады.

      2. Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптары таралатын машиналар мен жабдықтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.

      3. Осы Техникалық регламент машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ мынадай қауіпті факторларға негізделген қатерлерге сәйкес олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді:

      1) механикалық қауіптер;

      2) электрлік қауіптер;

      3) өрт қауіптілігі;

      4) жарылыс қауіптілігі;

      5) шу;

      6) діріл;

      7) зиянды заттар мен материалдардың бөлінуі;

      8) сәулелену;

      9) термиялық қауіптер;

      10) биологиялық және микробиологиялық (вирустық және бактериологиялық) қауіптер;

      11) машиналар мен жабдықтарды құрастыру кезінде эргономика қағидаттарын елемеуден туындаған қауіптер;

      12) кенеттен іске қосылу, бұрылыстар, айналыстар (немесе кез келген сол сияқты тосын оқиғалар);

      13) машиналар мен жабдықтарды мүлдем немесе қажетті дәрежеде тоқтатудың мүмкін болмауы;

      14) құрал-сайманды айналдыру жылдамдығының бұзылуы;

      15) энергиямен жабдықтаудың бұзылуы;

      16) басқару жүйесіндегі қателік;

      17) монтаждатудағы қателік;

      18) жұмыс процесіндегі бүліну;

      19) заттардың немесе сұйықтықтардың құлауы немесе тасталуы;

      20) тұрақтылықтың жоғалуы;

      21) тайғанау, аударылу немесе адамдардың құлауы (машинадан және жабдықтан туындайтын);

      22) қызмет көрсетуші персоналға арналған нұсқаулықтардың жеткіліксіздігі.

      4. Машиналар мен жабдықтарды сәйкестендіруді нақты машиналар мен жабдықтардың өтінім беруші ұсынған сипаттамаларға сәйкестігін растау мақсатында жүргізеді.

      Сәйкестендіру кезінде:

      1) соған сәйкес машиналар мен жабдықтар шығарылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар;

      2) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

      3) тауардың ілеспе құжаттамасы (жеткізу шарттары мен келісім шарттарды) пайдаланылуы мүмкін.

      5. Машиналар мен жабдықтардың ерекшелігіне байланысты мынадай сәйкестендіру әдістері қолданылады:

      1) құжаттамалық;

      2) аспаптық;

      3) көрнекі;

      4) сынау.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:

      азық-түлік машиналары мен жабдықтар - тағамдық азық-түлікті және шикізатты өңдеуге және қайта өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар.

      дұрыс қолданбау - машиналар мен жабдықтарды өндіруші көздемеген негізде қолдану;

      жұмыс аймағы - еден деңгейінен 2,2 м дейінгі биіктіктегі кеңістік немесе операторлардың тұрақты немесе уақытша болатын орны бар (жұмыс орны) алаңқай;

      жұмыс орны - еңбек әрекеті процесінде оператордың тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      қорғаныс қоршауы - физикалық тосқауыл түрінде қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы арналған машинаның немесе жабдықтың бір бөлігі;

      қорғау құрылғысы - жеке қолданылған кезде де қорғаныс қоршауымен бірге де қатерді төмендететін (қорғаныс қоршауы болып табылмайтын) қосымша жабдық;

      мақсаты бойынша қолдану - машинаны немесе жабдықты сол машинада немесе жабдықта және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта өндіруші көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдалану;

      мотор алаңы - бұл жұмыс уақытында адам қозғалту әрекетін жүзеге асыратын басқару органдары мен басқа да техникалық құралдар орналасқан жұмыс орнының кеңістігі;

      мотор алаңына қол жеткізу аймағы - бұл доғалармен қоршалған, оларды иық буынымен қозғалту кезінде барынша созылған қолдармен сипаттауға болатын жұмыс орнының мотор алаңының бөлігі;

      тұрақты жұмыс орны - оператордың өз жұмыс уақытының көп бөлігінде (50 %-нан астам немесе үзіліссіз 2 сағаттан астам) болатын орны. Егер жұмыс істеу жұмыс аймағының әр түрлі пункттерінде жүзеге асырылса, барлық жұмыс аймағы тұрақты жұмыс орны болып саналады.

3. Қазақстан Республикасының нарығында айналысқа жіберу
шарттары

      7. Машиналар мен жабдықтар осы Техникалық регламентке, сондай-ақ, қолданысы оларға таралатын басқа да Техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының нарығына айналысқа жіберіледі немесе пайдалануға енгізіледі.

      8. Машиналар мен жабдықтарда мынадай ақпараттарды қамтитын таңбалар ілінуі тиіс:

      1) өндірушінің атауы мен мекенжайы;

      2) машина және (немесе) жабдықтың атауы, серия белгісі немесе түрі, нөмірі;

      3) негізгі тағайындау көрсеткіштері және қолдану шарттары;

      4) шығарылған жылы.

      9. Аппараттар мен резервуарларға орналастырылған бекіткіш арматурада шартты өтетін жер, шартты қысым, заттар ағынының бағыты көрсетілген нақты таңба болуы тиіс.

      10. Егер машина мен жабдықты пайдалану процесінде көтеру құрылғысының көмегімен оның бөлшектерін ауыстыру қажет болса, онда сол бөлшектердің салмағы онда нақты көрсетілуі тиіс.

      11. Машиналар мен жабдықтарға тікелей жазылған ақпараттар оның белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде оқылатындай болуға тиіс.

      12. Машиналар мен жабдықтарға пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса жүреді, ол:

      1) мақсаты мен қолданылу саласы туралы деректерді;

      2) машиналар мен жабдықтардың техникалық сипаттамаларын;

      3) жеткізу жиынтығын;

      4) машиналар мен жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), мақсаты бойынша пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, оның ішінде, қорғаныс құралын қолдануға қойылатын талаптарды;

      5) тазалау, дезинфекциялау және жуу үшін ұсынылатын құралдарды (азық-түлік машиналары мен жабдықтары үшін);

      6) әзірлеушілер көздеген қауіпсіздік шараларымен қажетті деңгейге дейін төмендету мүмкін болмаған қалдық қатерлер туралы ақпаратты;

      7) авариялық жағдайға әкелетін сындарлы істен шығулардың персоналдың (пайдаланушының) мүмкін болатын қателіктерінің, көрсетілген қателіктердің алдын алу әрекеттерінің тізбесін, сондай-ақ, авариялық жағдайлар (өрт-жарылыс қаупін қоса алғанда) туындаған кездегі әрекеттер тәртібін;

      8) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін шекті жай-күйдің өлшемін, сондай-ақ, өндірістік ортаның (климаттық шарттарды қоса алғанда) шарттарын. Егер машина немесе жабдық әлеуетті жарылыс қаупі бар ортада пайдаланылатын болса, онда қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беріледі;

      9) техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезіндегі міндетті жұмыстар тізімін;

      10) зиянды факторлардың сипаттамаларын: шу, діріл және қоңдырғылардың басқа да сипаттарын және copу құрылғыларының өнімділігі туралы деректерді;

      11) қызмет ету мерзімінің арналған көрсеткіштерін және (немесе) арналған ресурсты;

      12) персоналға қойылатын талаптарды;

      13) пайдаланудан шығару және кәдеге жарату жөніндегі нұсқауларды қамтуы тиіс.

      13. Машиналар мен жабдықтар жинау, баптау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық қажетті арнайы жабдықтарымен және керек-жарақтарымен жиынтықта жеткізіледі.

4. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
4.1. Жұмыс орындарының, техникалық қызмет көрсетудің және қол
жеткізу құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      14. Машиналар мен жабдықтар жұмыс орнына және барлық қызмет көрсету аймағына жайлы және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп құрастырылуы және жасалуы тиіс.

      Адамдардың болуына немесе онымен қозғалуына арналған машиналар мен жабдықтардың бөліктері машиналар мен жабдықтардың осы бөліктеріне(н) құлаудың кез келген қатерінің алдын алатындай, оның ішінде, онда адамдардың тайып кетуі немесе сүрінуі мүмкін кез келген жағдайларды болдырмайтын етіп құрастырылуы және жасалуы тиіс.

      15. Жұмыс орындары қауіпсіз аймақтарда орналасуы және жүріп жатқан операцияларды бақылаудың және оларды басқарудың ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.

      16. Тұрақты жұмыс орнының конструкциясымен мотор алаңына қол жеткізу аймағының шегінде еңбек операцияларын орындау қамтамасыз етілуі тиіс.

      17. Машиналар мен жабдықтар конструкциясындағы қол жеткізу аймағының шегінен тыс жекелеген элементтерді құрастыру қажет болған жағдайда тиісті қол жеткізу құралдары (аяқ қоюға арналған стационарлы, жылжымалы және қайырмалы тұғырлар) қарастырылғаны жөн және (немесе) машиналар мен жабдықтардың жиынтығына тиісті еңбек операцияларын орындаудағы ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қол саймандары кіруі тиіс.

      18. Егер оператор орындайтын жұмыс отырып жүргізілуі тиіс болса және оператордың жұмыс орны машинаның ажырамас бөлігі болып табылса, онда мұндай машина орындықпен жабдықталуы тиіс.

      Оператор орындықтың қалпын және басқару органдарына дейінгі аралықты өзгерту мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

      Егер оператор аяғының астында тұрақты бет болмаса, тайғақ емес материалмен жабылған тірелетін алаңқайдың болуын қарастыру қажет.

      19. Оның жоқтығы қалыпты қарқындағы қоршаған ортаның жарығына қарамастан қатердің туындауына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, машинада немесе жабдықта оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жарықтандыру көзделуі тиіс.

      20. Жөнге келтіру, қызмет көрсету, жөндеу және тазалау мүмкіндігінше машиналар мен жабдықтардың тоқтап тұрған уақытында жүргізілуі тиіс. Егер техникалық себептер бойынша бұл шарттар сақталмайтын болса, бұл операциялар қауіпсіз болуы тиіс.

      21. Машина мен жабдықтар оны барлық энергия көздерінен ажырататын құрылғылармен жарақталуы тиіс. Мұндай құрылғылар нақты ажыратылатын болуы тиіс. Энергия көздеріне қайта қосу адамдар үшін қауіп тудыратын жағдайда және операторда өзі қол жеткізетін орындардың бірінен энергияның берілуі ажыратылған немесе ажыратылмағандығын тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайда олар машинаны тұйықтау қабілетіне ие болуы тиіс.

      Энергия көздерінен ажыратқаннан кейін адамдар үшін ешқандай қатер тудырмай кез келген машинада қалған немесе жинақталған энергияны шығарып тастау мүмкіндігі болуы тиіс.

      Жоғарыда көрсетілген талаптардан тыс бірқатар машиналар тізбегі, бөлшектерді жұмыс жағдайында ұстап тұру, деректерді қорғау, ішкі кеңістікті жарықтандыру мақсаттарында энергия көзіне қосулы күйінде қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда оператордың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы шаралар қабылдануы тиіс.

      22. Машиналар мен жабдықтар олардың ішінде адамдардың қамалып қалуын болдырмайтын құралдармен жарақталуы тиіс немесе көмекке шақыруға арналған сигналды құрылғылармен жарақталады.

4.2. Басқару жүйелері мен органдарының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар

      23. Машиналар мен жабдықтарды басқару жүйесі:

      1) барлық көзделген жұмыс режимдерінде және пайдалану шарттарында көзделген барлық сыртқы әсерлер кезінде оларды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі;

      2) мүмкін болатын логикалық қателіктер кезінде және персоналдың басқару әрекетінің бірізділігін бұзуынан қауіпті жағдайлардың туындауын болдырмауы;

      3) егер жұмыс режимін бұзу қауіпті жағдайлар тудырудың себебі болса, машиналар мен жабдықтардың жұмысын басқару және бақылау режимінің қиындығына байланысты жұмыс режимін автоматты түрде қалыпқа келтіру құралы немесе автоматты тоқтату құралын іске қосуы;

      4) қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соғатын машиналар мен жабдықтардың қызмет етуіндегі ақаулар туралы ескертетін дабыл құралын және басқа ақпарат құралын іске қосуы тиіс.

      24. Машиналар мен жабдықтардың қызмет етуіндегі ақаулар туралы ескертетін құрал персоналдың ақпаратты қателіксіз, дұрыс және жылдам қабылдауын қамтамасыз етуі тиіс.

      Дыбыс сигнализациясы оператордың көру арнасы ақпаратқа толы жағдайда, сондай-ақ шектеулі көрінушілік, машиналарды пайдалану орнының үлкен кеңістігі, персоналдың бірқалыпты қызметі шартында пайдаланылуы тиіс.

      25. Басқару органдары:

      1) жеңіл қол жетімді және еркін ажыратылатын болуы және жазбалармен немесе символдармен белгіленген болуы;

      2) олардың еркін орын ауыстыруын болдырмайтындай және олармен тұрақты, сенімді және бір мәнді амал-айла жасауды қамтамасыз ететіндей етіп құрастырылуы және орналасуы;

      3) орын ауыстырудың, пайдаланудың бірізділігі мен жиілігі, сондай-ақ функциялардың маңыздылығы үшін талап етілетін күштерді ескере отырып орналасуы;

      4) олардың нысаны, көлемі және персоналмен жанасатын үстіңгі беті ұстау (саусақтармен) немесе басу (саусақпен, алақанмен, аяқпен) тәсілдерімен сәйкес келетіндей етіп орындалуы;

      5) функционалдық мақсаты жұмыс істеушінің қауіпті аймақта болуын талап ететін және бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тиіс болатын басқару органдарын қоспағанда, қауіпті аумақтан тыс орналасуы тиіс.

      26. Егер де бір басқару органын бірнеше түрлі әрекеттермен басқару - көзделген болса, орындалатын әрекет бақылау құралдарымен көрсетілуі тиіс және қажет болғанда тексеруге берілуі тиіс.

      27. Машиналар мен жабдықтарды пайдалануға қосу, сондай-ақ, тоқтағаннан кейін қайта іске қосу тоқтаудың себебіне байланыссыз басқару органымен іске қосудың амал-айласы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талап егер тоқтағаннан кейін қайта іске қосылуы сол режимде көзделген болса, автоматты режимде жұмыс істейтін машиналар мен жабдықтардың қайта қосылуына қатысты емес.

      28. Әрбір басқару бекетінен оператор қауіпті аймақта адамдардың жоқтығына толық көз жеткізу мүмкіндігіне ие болуы тиіс немесе басқару жүйесі қауіпті аймақта адамдар болған жағдайда іске қосылмайтындай етіп құрастырылуы және дайындалуы тиіс.

      Егер бұл орындалмайтын болса, онда машинаны іске қосар алдында дыбыстық және (немесе) жарықтық сақтандыру сигналы беріледі. Қауіпті аймақта жүрген тұлға қауіпті аймақтан шығып кету және машинаның іске қосылуының алдын алу мүмкіндігіне немесе жеткілікті уақытқа ие болуы тиіс.

      29. Егер де машиналар мен жабдықтар жүйесі жүйені немесе оның жеке бөліктерін іске қосуды жүзеге асыратын бірнеше басқару органдарына ие болса, ал оларды пайдалану бірізділігінің бұзылуы қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін болса, басқару жүйесінде бірізділіктің бұзылуын болдырмайтын құрылғылар көзделуі тиіс.

      30. Машиналар мен жабдықтар барлық машинаны қауіпсіз тоқтатуға мүмкіндік беретін басқару органдарымен жарақталуы тиіс.

      Болатын қауіптердің түріне байланысты әрбір жұмыс орны машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз қалыпқа келтіре отырып, олардың жекелеген немесе барлық функцияларын тоқтатуды басқарудың органдарымен жабдықталуы тиіс.

      "Тоқта" командасы "Іске қосу" командасына қарағанда басым болуы тиіс.

      31. Машиналар, жабдықтар тоқтатылғаннан кейін жетек механизмдерін электрмен жабдықтау тоқтатылуы тиіс.

      Егер пайдалану шарттары бойынша жетек механизмдерін электрмен жабдықтаудан тыймайтын, тоқтатуды басқару органының болуы қажет етілсе, тоқтату режимі қадағалау мен бақылауда болады.

      32. Машиналар мен жабдықтарды басқару жүйелері (қолмен басқарылатын тасымалдау машиналарын қоспағанда) шұғыл тежеу және авариялық тоқтату құралдарын қамтуы тиіс.

      Авариялық тоқтауға арналған құрылғы:

      1) нақты сәйкестендірілген, ажыратылатын және жеңіл қол жетімді басқару органына ие болуы;

      2) қосымша қауіп тудырмай машинаны барынша тез тоқтатуы тиіс.

      Авариялық тоқтауды басқару органы іс-әрекетке келтірілгеннен кейін оператор бастапқы қалыпқа қайтарғанға дейін тиісті тоқтау жағдайында тұруы тиіс.

      Авариялық тоқтауды басқару органын бастапқы қалпына қайтару машина мен жабдықтың іске қосылуына әкеп соқпауы тиіс.

      Авариялық тоқтауды басқару органы қызыл түсті болуы, басқа басқару органдарынан нысанымен және көлемімен ерекшеленуі тиіс.

      33. Машиналар мен жабдықтарын жүйесін басқару олардың бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде, сондай-ақ, оның қандай да бір бөлігі істен шыққан жағдайда қауіпті жағдайлардың туындауын болдырмауы тиіс.

      Машиналар мен жабдықтардың жүйесін басқару персоналға қажет болған жағдайда жүйенің іске қосылуын тұйықтауға, сондай-ақ, оны тоқтатуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс.

      Машиналар мен жабдықтар жүйесін басқарудың орталық пульті жүйенің кез келген бөлігін пайдаланудағы ақаулар туралы ақпаратты көрсету құралдарымен, сондай-ақ, жүйені және (немесе) оның жекелеген бөліктерін авариялық тоқтату (өшіру) құралдарымен жабдықталуы тиіс.

      Әрбір іске қосу кезінде ұзақтығы қауіпті аймақта жүрген тұлғаларға ол жерден шығуға немесе жүйенің іске қосылуын тоқтатуға мүмкіндік беретін алдын ала ескерту сигналы болуы тиіс.

      34. Машинаны немесе жабдықты басқаруда пайдалану режимдерін ауыстырып қосқыш бар болған жағдайда оның әрбір қалпы пайдаланудың тек бір ғана режиміне сәйкес келуі және нық бекітілуі тиіс.

      35. Егер машинаны немесе жабдықты пайдаланудың белгілі бір режимдерінде персоналды күшейтілген қорғау талап етілген жағдайда, пайдалану режимдерін ауыстырып қосқыш тиісті ережелерде:

      1) автоматты басқару мүмкіндігін тұйықтауы;

      2) конструкция элементтерінің қозғалысын тек қана қозғалысты басқару органына жұмысшының тұрақты күш салуымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі;

      3) егер машина мен жабдықтың жұмысы персоналға қауіп тудыратын болса, олардың жұмысын тоқтатуы;

      4) таңдалған режимді жүзеге асыруға қатыспайтын машинаның немесе жабдықтың бөліктерінің жұмысын тоқтатуы;

      5) таңдалған режимді жүзеге асыруға қатысатын машинаның немесе жабдықтың бөліктерінің қозғалыс жылдамдығын төмендетуі тиіс.

      36. Басқарудың таңдалған режимі авариялық тоқтатуды қоспағанда, басқарудың барлық басқа режимдеріне қатысты артықшылыққа ие болуы тиіс.

      37. Энергиямен жабдықтаудың толық немесе ішінара тоқтатылуы және кейіннен оның қалпына келуі, сондай-ақ, энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің бүлінуі немесе басқару сызбасы логикасындағы бұзылу, басқару сызбасындағы ақау және бүліну қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соқпауы тиіс, оның ішінде қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соқпауы тиіс, оның ішінде:

      1) энергиямен жабдықтауды қайта қалпына келтіргеннен кейін машиналар мен жабдықтардың өздігінен іске қосылуын;

      2) тоқтаған кезде беріліп қойған команданың орындалмай қалуын;

      3) машиналар мен жабдықтардың қозғалмалы бөліктері мен оларға бекітілген заттардың (дайындамалардың, аспаптардың) құлауын және түсуін;

      4) қорғаныс құрылғылары тиімділігінің төмендеуін болдырмауы тиіс.

4.3. Механикалық қауіптерден қорғауға қойылатын талаптар

      38. Машиналар мен жабдықтардың қозғалмалы бөліктері қолайсыз жағдайлардың туындауына әкеліп соғуы мүмкін олармен жақындасу қатерін болдырмайтындай етіп құрастырылуы және дайындалуы тиіс немесе егер қатер сонда да бар болса, онда арнайы қорғаныс құрылғылары немесе қорғаныс қоршаулары (тосқауыл) болуы тиіс.

      39. Құрал-сайман пайдаланбай-ақ ашылатын қорғаныс қоршаулары немесе қозғалмалы элементтер машиналар мен жабдықтардың жетегімен тұйықталуы тиіс. Тұйықтау қозғалмалы жылжымалы бөліктерге ашық қол жетімді болған кезде жетекті іске қосу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Жетекпен тұйықтау мүмкін емес немесе мақсатқа сай болмаған жағдайда қоршаулар тек құрал-сайман қолдану арқылы ашылуы тиіс.

      40. Жұмыс органдарының қауіпті аймағын (кескіш сайман, престер мен цилиндрлердің қозғалмалы бөліктері, сондай-ақ, өңделіп жатқан бөліктер) конструктивтік жағынан қоршау мүмкін емес машиналар мен жабдықтар сақтандырудың сенсорлық құралдарына (материалды емес тосқауылдарға, сезімдік матрицаларға), қолды қауіпті аймақтардан алып шығуға арналған қорғаныс құрылғыларына (екі сапты басқаруға) немесе реттелетін қорғаныс қоршауларына ие болуы тиіс.

      41. Қорғаныс қоршаулары мен құрылғылары мынадай жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) мығым конструкцияға ие болуы тиіс;

      2) орналасқан жерінде мығым бекітілуі тиіс;

      3) қосымша қауіптердің туындауымен байланысты болмауы тиіс;

      4) оларды қарапайым тәсілмен қатардан шығару және оларды толық елемеу жағдайларына жол бермеуі тиіс;

      5) қауіп аймағынан жеткілікті қашықтықта орналасуы тиіс;

      6) өндірістік процестердің орындалу барысын қадағалау үшін елеулі кедергі жасамауы тиіс;

      7) оларды орнату және (немесе) тиісті құрал-саймандардың көмегімен алмастыру, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды тікелей атқару аймағында ғана қызмет ету еркіндігін қамтамасыз ете отырып, және мүмкіндігінше, қорғаныс қоршауларын қайта жөндеуді немесе қорғаныс құрылғыларын ағытуды талап етпестен, техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс.

      42. Қажетсіз, бірақ, орындалатын жұмыстардың ерекшелігіне қарай жылжымалы бөліктер мен механизмдерге қажетті қол жетімділікті шектеуге арналған, реттелетін қорғаныс қоршаулары:

      1) қолмен (құрал-сайман қолданбастан) оңай немесе орындалатын жұмыстардың түріне қарай автоматты түрде реттелуі тиіс;

      2) шығарып тасталатын бөліктерден жарақат алу қатерін барынша төмендетуі тиіс.

      43. Пневматикалық және гидравликалық жабдықтар:

      1) жүйедегі барынша рұқсат етілген қысымнан аспайтындай;

      2) қысым төмендегенде, қысым түсіп кеткенде немесе саңылаусыздық жоғалған кезде қауіп тудырмайтындай;

      3) бөлшектердің тығыз жабылмауынан немесе бүлінуінен азайып кету қаупін тудырмайтындай;

      4) жабдықтың барлық элементтері, әсіресе құбырлар және шлангтер сыртқы зиянды әсерлерден қорғалатындай;

      5) резервуарлар және сол секілді қысымда тұрған ыдыстар машина энергия көзінен оқшаулана салысымен автоматты түрде қысымсыз қалатындай немесе оларды оқшаулау, қысымды локальды төмендету және қалған қысымды индикациялау құралы көзделетіндей;

      6) машинаны энергия көздерінен оқшаулағаннан кейін қысым күйінде қалатын барлық элементтер қысымды төмендетудің нақты сәйкестендірілген құрылғысымен және машина мен жабдыққа ілінетін, қысымды реттелгенге дейін төмендетудің немесе қызмет көрсету жүргізудің қажеттілігі туралы тиісті ескертулермен жарақталатындай етіп құрастырылуы және дайындалуы тиіс.

      44. Сұйықтығы бар, әсіресе жоғары қысымдағы қатты құбырлар да және иілгіш құбырлар да көзделген ішкі және сыртқы қысымды ұстауы тиіс; олар мығым бекітілуі және барлық сыртқы әсерлерден қорғалуы тиіс; бүліну кезіндегі (кенеттен орын ауыстыру, жоғарғы қысым ағыны) қауіптер салдарынан сақтану шаралары қабылдануы тиіс.

      45. Машиналар мен жабдықтар конструкция элементтерінің бүлінуіне және апатты жағдайларға әкеп соғатын артық күштің туындауын болдырмайтын сақтандыру құрылғыларымен (сақтандырғыш клапандармен, муфталармен және басқа құрылғылармен) жарақталуы тиіс.

      46. Машиналар мен жабдықтардың конструкциясы құрастырушы бірліктер мен тораптар бекітпелерінің өздігінен босауын болдырмауы, сондай-ақ, қозғалмалы элементтердің конструкцияда көзделген шектен тыс орын ауыстыруын болдырмауы тиіс.

      47. Машиналар мен жабдықтар аударылу, құлау немесе кенеттен орын ауыстыру қатерінсіз пайдалануды қамтамасыз ете отырып, пайдаланудың берілген шарттары кезінде тұрақтылықты сақтауы тиіс.

      Тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар пайдалану жөніндегі нұсқаулықта жазылуы тиіс.

      48. Шикізат беруге арналған бункерлер мен құйғыштарда және дайын өнімнің шығуына арналған құрылғыда тиеу және түсіру кезінде қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструкция болуы тиіс. Тиеу құрылғысының конструкциясы шикізаттың тысқа түсуін болдырмауы тиіс.

      49. Егер машинаның жылжымалы бөлігі тоқтатылған болса, онда кез келген жағдайда кез келген онымен қабылданған позициядан ауытқу (басқару органдарын іске қосу жағдайларын қоспағанда) шектелуі тиіс және ол қауіптің туындауымен байланысты болмауы тиіс.

      50. Артық күш түсудің әсерінен, механизмдер жұмысы бірізділігінің бұзылуынан, электр желісіне кернеудің құлауынан, пневматикалық немесе гидравликалық жүйелердегі қысымның рұқсат етілген шекті мәннен төмен болғандығынан жарақат алу қаупі туындайтын машиналар мен жабдықтарда тиісті сақтандыру немесе тұйықтау құрылғылары болуы тиіс.

      51. Машиналар мен жабдықтардың барлық қол жетімді бөліктері жарақат алуды болдырмау үшін өткір жиектер мен бұрыштарға, кедір-бұдыр беттерге ие болмауы тиіс.

4.4. Аппараттардың, ыдыстардың және құбырлардың қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар

      52. Құбырлар мен арматуралар жылжымалы ортаның химиялық және физикалық қасиеттерін және технологиялық параметрлерін есепке ала отырып дайындалады.

      53. Технологиялық ыдыстар мен сыйымдылықтар толу деңгейін бақылау аспаптарымен жарақталуы тиіс.

      Өнімді механикалы түрде беріп тұратын технологиялық сыйымдылықтар мен ыдыстар оларды толып кетуден сақтайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

      54. Тез тұтанатын сұйықтықтармен толтырылған ыдыстар люктерді ашудың қажеттілігін болдырмайтын ауыстырып құю құбырларымен, деңгей өлшегіштермен және сынама алу крандарымен жабдықталуы тиіс. Спиртке арналған ыдыстар, жинағыштар, өлшегіштер тазартылған ауаны тысқа шығара отырып, бір мезгілде от бөгегіш және сақтандырғыш клапандар болып табылатын, табақ түріндегі спирт ұстағышы бар, спиртті буларды сорудың жалпы жүйесінің ауа құбырларына жалғануы тиіс.

4.5. Зиянды заттар мен материалдардың бөлінуінен қорғауға
қойылатын талаптар

      55. Зиянды заттар, артық жылу және ылғал бөлетін технологиялық жабдықтары бар кешендегі өндірістік үй-жайларға арналған желдеткіш жүйелер өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарында қолданыстағы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес ауаның микроклиматтық шарттары мен тазалығын қамтамасыз етуі тиіс.

      56. Технологиялық процестердің ерекшелігіне байланысты машиналар мен жабдықтарда жеке сорғыштар немесе атмосфераға жіберер алдында ауаны санитарлық нормаларға дейін тазалайтын, зиянды және қауіпті заттарды соруға, ұстап қалуға және жоюға арналған желдетудің стационарлық жүйесіне қосылудың элементтері болуы тиіс.

      57. Зиянды заттар пайдаланатын машиналардың, артық қысыммен жұмыс істейтін қондырғылардың есіктері мен қақпақтарының конструкциясы заттардың қысымы немесе концентрациясы рұқсат етілген мәннен төмендегенге дейін қызмет көрсетуші персоналдың камера ішіне қол жеткізуін болдырмауы тиіс.

      58. Машиналар мен жабдықтардың конструкциясы жұмыс сұйықтықтарының ағып кетуі мен шашырау мүмкіндігін, сондай-ақ, қызмет көрсетуші персоналдың олармен тікелей жанасуын болдырмауы тиіс.

4.6. Қауіпсіздікке қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

      59. Машиналар мен жабдықтардың үстіңгі бетін оқшаулау пайдалану, тазалау жене жөндеу кезінде атмосфераны және тамақ өнімдерін ластамайтын жылу оқшаулағыш материалдардан жасалады.

      60. Тамақ өнімдерімен жанасатын немесе жанасуға арналған бөлшектер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуы тиіс. Машиналар мен жабдықтар оларды әрбір пайдаланар алдында аталған материалдарға тазалау жүргізу мүмкін болатындай етіп құрастырылуы және дайындалуы тиіс.

      61. Тамақ өнімдерімен жанасатын барлық беттер:

      1) оларға органикалық заттардың жиналуына ықпал ететін дөңессіз немесе шұңқырсыз тегіс болуы, бұл олардың қиысқан жеріне де қатысты;

      2) шығыңқы бөліктердің, жиектер мен шұңқырлардың санын азайтатындай етіп құрастырылуы және дайындалуы;

      3) егер қажет болса, барлық оңай шешілетін бөлшектерді алдына ала алып тастап, оңай тазалануы және дезинфекциялануы тиіс; ішкі беттер оларды егжей-тегжей тазалауға мүмкіндік беретін радиусты қабысуға ие болуы тиіс.

      62. Тамақ өнімдерінен бөлінетін, сондай-ақ, тазалау, дезинфекциялау және жуу нәтижесінде пайда болған сұйықтықтарды, газдар мен аэрозолдерді машинадан толық жоюдың мүмкіндігі болуы қажет.

      63. Азық-түлік машиналары мен жабдықтары азық-түлік өнімдеріне сырттан лас заттардың, жанармай өнімдерінің, көмекші заттардың және жанды заттардың, атап айтқанда жәндіктердің түсуінен қорғауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ, тазаланбайтын орындарда кез келген органикалық заттардың жиналуын болдырмауы тиіс.

      64. Азық-түлік машиналары мен жабдықтары тотығу мен жууға арналған сілтілі және құрамында хлоры бар ерітінділердің әсеріне төзімді материалдардан дайындалған болуы тиіс.

      65. Ұнды және басқа да сусымалы материалдарды елеуге және араластыруға арналған машиналар өнімнің түсу және құйылу орнында ферроқоспаларды ұстайтын магнитті ұстағыштармен (сепараторлармен) жабдықталуы тиіс.

4.7. Шудан, ультрадыбыстан, дірілден, сәулеленуден және
статикалық электрден қорғауға қойылатын талаптар

      66. Технологиялық кешендердің құрамында пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар конструкциясы жұмыс орындарында қабылданатын шараларды ескере отырып, мынадай болуы тиіс:

      1) шу дыбысының деңгейі 80 дБ(А) аспауы тиіс;

      2) түзетілген діріл жылдамдатудың толық орта шаршы мәні локальды діріл үшін 2,0 м/с2 және жалпы діріл үшін 0,1 м/с2 аспауы тиіс;

      3) жанасатын және әуе ультрадыбыстың мөлшерленетін параметрлері рұқсат етілетін мәннен аспауы тиіс.

      67. Жоғары деңгейде шу тудыратын машиналар мен жабдықтар (компрессорлар, сепараторлар, центрифугалар, ауа үрлегіштер) дыбыс сіңіргіш және дыбыс оқшаулағыш құралдармен жабдықталған жеке үй-жайларда орналасуы тиіс, ал оған қызмет көрсететін жұмысшылар шудан жеке қорғанудың тиісті құралдарын пайдалануы тиіс.

      68. Құрылыстар мен конструкцияларда дірілді болдырмау үшін діріл тудыратын жабдықты қабырғалардың іргетасымен байланыссыз жерлерге орналастыру қажет. Ғимараттың жоғарғы қабаттарына діріл тудыратын жабдықтар діріл өшіргіш құрылғылармен бірге орнатылады, ал қажет болған жағдайда қабатаралық жабындылар діріл оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі. Діріл тудыратын механизмдерді тікелей ғимаратын қоршаушы және көтеріп тұрушы конструкциясына қатты бекітуге жол берілмейді.

      69. Интегралдық бағалау бойынша нормадан 4 есе көп діріл деңгейін құратын немесе қандай да болмасын октава жолағында машиналар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.

      70. Зиянды факторлардың (шу, діріл) жоғары деңгейлерін тудыратын машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде олардың қызмет көрсетуші персоналға әсер ету уақытын шектеу бойынша қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптары орындалуы тиіс.

      71. Машиналар мен жабдықтардың радиожиіліктерінің электромагниттік өрісінен шыққан сәулелену рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.

      72. Ультракүлгін бактерицидтік шамдар пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың конструкциясы тікелей сәуленің машинаның сыртына шығуын қақпайлайтын құрылғымен қамтамасыз етілген болуы тиіс.

      73. Лазерлі жабдықты пайдалану кезінде:

      а) кездейсоқ сәулелену қақпайланады;

      б) тікелей, шағылысқан, шашыраған және қайта сәулеленуден қорғану қамтамасыз етіледі;

      в) лазерлі жабдықты бақылау немесе баптау үшін оптикалық жабдықтан қауіптің болмауы қамтамасыз етіледі.

      74. Жұмысы статикалық электр зарядының жиналуымен сүйемелденетін машиналар мен жабдықтар, егер мұны арнайы өңделген материалдармен жүзеге асыру мүмкін болса, электр зарядын бұру құралдарымен жарақталуы тиіс.

4.8. Электр қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      75. Техникалық құралдар және электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсілдер "Төмен вольтті жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің және "Электр қондырғыларын орнату ережелерінің" талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      76. Электрлік жабдық машиналар мен жабдықтар жетегінің электрлі қозғалтқыштарын артық жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғауға ие болуы тиіс және пайдалану шарттарына байланысты қорғаныс дәрежесіне ие болуы тиіс.

      77. Электр жабдықтары орнатылған машиналар мен жабдықтардың корпустары, рамалары және басқа да басты конструкциялары жерге тұйықтауға немесе нөлдік фазаға ие болуы тиіс.

      78. Жерге тұйықтау бұрандасы (бұрамасы) мен кернеуде болуы мүмкін жанасу үшін кез келген қол жетімді машиналар мен жабдықтардың металдан жасалған тоқ өткізбейтін бөліктері арасындағы электрлік қарсыласу 0,1 Ом-нан аспауы тиіс.

      79. Қорғаудың белгіленген тәсіліне қарамастан кернеуі 42 В-тан асатын электрлік аппараттары бар шкафтардың барлық есіктерінде, сондай-ақ, электрлік аппаратты жауып тұратын қаптамаларда электрлік кернеуді ескертетін стандартты белгі жазылуы тиіс.

      80. Тамақ өнімдерін пісіруге және қуыруға арналған жабдықтардың электрлі қыздырғыш құрылғылары "Қызу қосылды" деген сигналды лампалармен және электрлі қыздырғышты тиімді пайдалану деректері және оның мақсаты көрсетілген жазбалармен жабдықталуы тиіс.

4.9. Электромагниттік үйлесімділікке қойылатын талаптар

      81. Электромагниттік қатынастағы пассивтілерді қоспағанда, машиналар мен жабдықтар былайша дайындалған болуы тиіс:

      1) тағайындау бойынша қолданылатын машиналар мен жабдықтар тудыратын электромагниттік кедергілер тағайындауға сәйкес байланыс құралдары мен басқа да техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін деңгейден аспауы тиіс;

      2) тағайындау бойынша қолданылатын машиналар мен жабдықтар тағайындауға сәйкес олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, электромагниттік кедергілерге өз беріктігінің жеткілікті деңгейіне ие болуы тиіс.

4.10. Өрт-жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      82. Тұтанғыш немесе жарылыс қауіпті ортаның шаңын copy үшін дербес желдеткіш жүйе көзделуі тиіс. Жалпы желдеткіш жүйеге қосылуға рұқсат етілмейді.

      83. Аспирациялық қондырғылардың конструкциясы жарылыс-өрт қауіпті жағдайлардың туындау мүмкіндігін болдырмауы, саңылаусыздықты қамтамасыз етуі, оларды тазалау және қажет болғанда, жұмыстың аэродинамикалық режимін бақылау мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

      84. Жарылыс-өрт қауіпті заттарды пайдаланатын машиналар мен жабдықтар:

      1) жарылу қаупі бар заттардың қауіпті шоғырлануына жол бермеуі;

      2) жарылу қаупі бар заттардың шоғырлануына автоматты түрде үзіліссіз бақылау жүргізуі;

      3) әлеуетті жарылу қаупі бар ортаның жануын болдырмауы;

      4) жарылыс салдарын барынша төмендетуі тиіс.

      85. Жарылыс-өрт қауіпті материалдар берілетін машиналар мен жабдықтар авариялық жағдайларда сол материалдарын берілуін тыятын тұйықтау құрылғысына ие болуы тиіс.

      86. Жарылыс-өрт қауіпті заттармен жұмыс істеуге арналған машиналар мен жабдықтар су, бу және (немесе) инертті газдар коммуникациясына қосылуға арналған құрылғыға ие болуы тиіс.

      87. Жарылыс қауіпті ортасы бар үй-жайларда жұмыс істеуге арналған машиналар мен жабдықтардың конструктивтік жағынан орындалуы ұшқынның пайда болуын болдырмауы тиіс.

      88. Будың, газдың, шаңның және олардың ауасы бар қоспаларының жарылыс қауіпті және өрт қауіпті концентрациялары жиналуы мүмкін машиналар мен жабдықтардың конструктивтік орындалуы статикалық электрдің дәрежесіне байланысты ұшқын қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс.

      89. Машиналар мен жабдықтарды жылудан оқшаулау үшін тек жанбайтын немесе жануы қиын материалдар қолданылуы тиіс.

4.11. Термикалық қауіптерден қорғауға қойылатын талаптар

      90. Қызмет көрсетуші персоналды жарақаттауы мүмкін жоғары немесе темен температураға ие машиналар мен жабдықтардың бөліктерімен немесе материалдарымен жанасудан немесе тікелей жақындаудан қорғау жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс.

      91. Машиналар мен жабдықтардың сыртқы (персонал үшін қол жетімді) металл беттерінің температурасы 4оС төмен немесе 45оС жоғары болмауы тиіс.

4.12. Көрнекі ескерту құрылдарының қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар

      92. Машиналар мен жабдықтардың қауіп тудыратын бөлігі сигналдық түске боялуы және тиісті қауіпсіздік белгілерімен белгіленуі тиіс.

      93. Сигналдық түс, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық таңбалар пайдалану орында жүрген персоналдың және өзге де тұлғалардың қауіпке назарын аудару үшін, қауіптен құтқару, қауіпті елемеу жағдайында мүмкін болатын шығып кету туралы хабар беру, белгілі бір іс әрекеттерді нұсқау немесе талап ету, сондай-ақ қажетті ақпаратты хабарлау үшін қолданылуы тиіс.

      94. Ескерту жазбаларын және машинада бар барлық ақпаратты түсінуге оңай символдар мен пиктограммалар түрінде беру ұсынылады.

5. Жобалауға қойылатын қауіпсіздік талаптары

      95. Машиналар мен жабдықтарды жобалау процесінде:

      1) мақсат бойынша пайдалануды және болжалды дұрыс қолданбауды қоса алғанда, машиналар мен жабдықтарға арналған шектеулер тізбесін айқындау;

      2) машинамен және жабдықпен байланысты қауіптер мен қауіпті жағдайларды айқындау;

      3) мүмкін болатын жарақат алудың ауыртпалығын немесе денсаулыққа келтірілетін зиянды және олардың туындау ықтималдығын есепке ала отырып қатерлерді бағалау;

      4) оларды төмендету аспектісіне қатысты қатерлерді бағалау;

      5) қорғау шараларын қолдану негізінде аталған қауіптермен байланысты қауіптерді жою немесе қатерлерді төмендету қажет.

      96. Қауіпсіздік және денсаулықты қорғау талаптарын орындау өндіруші көздеген шарттарда машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде немесе болжалды дұрыс қолданбау кезінде тиісті қауіптер туындаған жағдайларда ғана міндетті болып табылады.

      97. Жобалау кезінде көрсетілген тәртіппен мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет:

      1) қатерлерді төмендету немесе толықтай жою;

      2) қатерлер жойылмайтын жағдайларға қатысты қажетті қорғау шараларын қабылдау;

      3) қабылданған қорғау шараларының тиімсіздігі салдарынан қалып қойған қатерлердің бары туралы пайдаланушыларды хабардар ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қажет болған жағдайда қызмет көрсетуші персоналда арнайы білімнің болуын және олардың жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттілігін көрсету.

      98. Машина және жабдық оператордың жеке қорғаныс құралын көзделген немесе болжалды пайдалану қажеттілігін ескере отырып, құрастырылуы және дайындалуы тиіс.

6. Өндіріске қойылатын қауіпсіздік талаптары

      99. Машиналар мен жабдықтарды өндіру кезінде олардың жобалық құжаттама және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

      100. Машиналар мен жабдықтарды өндіру кезінде өндіруші жобалық құжаттамамен айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар кешенін орындауға міндетті. Қауіпсіздік байланысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуы тиіс.

      101. Егер машиналар мен жабдықтарды ендіру процесінде немесе өндіргеннен кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақ жүргізу қажет болса, онда олар жобаның барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргізілуі тиіс.

      102. Кәсіпорында қабылданған технологиялық процестердің барлық кешенін, бақылау жүйесін есепке ала отырып, машиналар мен жабдықтардың жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге талдау жүргізілуі және нарыққа айналымға шығарудың алдында қатерлерге бағалау жүргізілуі тиіс.

      103. Машиналар мен жабдықтарды өндіру кезіндегі жобадан ауытқу жобалаушылармен келісім бойынша және осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарын сақтау жағдайында мүмкін.

7. Сақтау, тасымалдау, жинау және монтаждау кезіндегі
қауіпсіздікке қойылатын талаптар

      104. Машиналар мен жабдықтар немесе олардың кез келген құрамдас бөліктері зиян немесе шығын келтірмей сақталатындай етіп буып-түйілуі немесе құрастырылуы тиіс.

      105. Егер машинаға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне қарау пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілсе, машинаны және (немесе) оның құрамдас бөліктерін тасымалдау кезінде машинаның тұрақсыздығына және оның қозғалмалы бөліктерін тексермей қоюға байланысты кездейсоқ қозғалудың немесе кез келген қауіптердің туындау ықтималдығы болмауы тиіс.

      106. Мерзімді техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде монтаждау, жекелеген бөлшектер мен құрастырушы бірліктерді шешіп алу және орнату үшін жалпы пайдаланымдағы жүк көтеру құралдарын, айла бұйымдарды және құрал-саймандарды қолдану мүмкін болмайтын машиналар мен жабдықтар арнайы (жеке) құрылғылармен, айла бұйымдармен және құрал-саймандармен жасақталуы тиіс.

      107. Егер машиналар мен жабдықтардың немесе олардың әр түрлі бөліктерінің салмағы, мөлшері немесе нысаны оларды қолмен алмастыруға мүмкіндік бермесе, онда машина немесе жабдық немесе оның әрбір бөлігі механизммен көтеру құрылғыларымен жарақталуы немесе осындай құрылғыларды ыңғайлап қоюға мүмкіндік беруі немесе стандартты көтеру механизмі оңай қолданылатын нысанда болуы тиіс.

      108. Егер машинаны және жабдықты немесе оның бір бөлігін қолмен орын ауыстыру тиіс болса, онда ол оңай қозғалуы немесе ұстауға (қолмен) арналған тұтқамен жабдықталған болуы тиіс.

      109. Азық-түлік машиналары мен жабдықтарын монтаждау үшін метал конструкциялар (рамалар, тұғырлар, байланыстар) дайындау кезінде тұйық қима профилдерін қолданған жөн.

      Метал конструкциялардағы құбырлардың қуысы дәнекерлеу арқылы немесе тегіс беттерді ұштастыру арқылы жабылуы тиіс.

      110. Азық-түлік машиналары мен жабдықтарын еденге, қабырғаға, аралықтарға қатысты орналастыру, жабдықты құбырлармен орау, өндірістік кәрізбен байланыс санитарлық өңдеуге және бақылауға кедергі келтірмеуі тиіс және өнімді ластау көзі болып табылмауы тиіс.

      111. Азық-түлік машиналары мен жабдықтарын еденге тереңдетіп орнатуға рұқсат етілмейді.

8. Пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары

      112. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      113. Машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсететін персонал орындалатын жұмыс түріне, технологиялық процестерге қойылатын және машина мен жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жеке қорғаныс құралымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      114. Машиналар мен жабдықтарды орналастыру:

      1) машиналар мен жабдықтарды орналастырудың салдарынан қосымша зиянды факторлардың туындауын болдырмауды;

      2) төтенше жағдайларда персоналды және өзге де тұлғаларды қауіпсіз шығаруды, оларды тез арада эвакуациялауды, сондай-ақ, жұмыс орнына мүмкіндігінше көлік жолдарын қиып өтпейтін қысқа тәсілмен жетуді;

      3) қарама-қарсы жүк ағындарын барынша болдырмау арқылы шикізатты, өндірістің шығыс материалдары мен қалдықтарын оңтайлы қозғалту жолдарын;

      4) машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен байланысты көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды;

      5) қауіпті және (немесе) зиянды факторлардың әсерінен персоналды қорғау құралдарын орналастыруды;

      6) машиналар мен жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде персоналдың операцияларды еркін және қауіпсіз орындауын қамтамасыз ететін жұмыс аймағын (жұмыс орнын) ұйымдастыруды;

      7) өңделген дайындамалардың, шығынды материалдардың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімдердің, өндіріс қалдықтарының қорын, қоймалық жабдықтарды (стационарлық емес сөрелерді, технологиялық ыдыстарды) орналастыруға арналған алаңның және соған ұқсас көмекші аймақтың болуын;

      8) стационарлық алаңдарды, баспалдақтарды, материалдарды сақтау және орнын ауыстыруға арналған құрылғыларды, саймандық үстелдерді, электрлік шкафтарды, өрт мүкәммалын және стационарлық құрылғылардың ұқсас аймағын орналастыруға арналған алаңның болуын;

      9) еден деңгейінен берілген биіктікте монтаждалатын коммуникациялық жүйелерді және көмекші машиналар мен жабдықтарды немесе алынып-салынатын немесе ашылатын қоршаулары және ұқсас коммуникация аймағы бар астыртын инженерлік құрылыстардың (коммуникациялардың) алаңқайын орналастыруға арналған алаңның болуын есепке ала отырып, машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

      115. Қауіпті аймақтардағы өндіріс объектілерінде машиналар мен жабдықтарды пайдалану орнын сигналдық таңбалардың болумен, сигналдық түстердің боялумен және қауіпті орындарды білдіретін және қауіп түрлері мен мүмкін болатын қауіпті жағдайлар туралы хабар беретін қауіпсіздік белгілерінің болуымен қамтамасыз ету қажет.

9. Пайдаланудан шығаруға және кәдеге жаратуға қойылатын
қауіпсіздік талаптары

      116. Машиналар мен жабдықтарды пайдаланудан шығару мен кәдеге жаратудың қорытынды процестері пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген нақты нұсқауларға сәйкес болуы тиіс.

      117. Кәдеге жарату процесі басталғанға дейін:

      1) машиналар мен жабдықтарды кез келген энергия көзінен ажырату, сондай-ақ, машиналар мен жабдықтардың жұмыс істеу және технологиялық құралу принципі күшінде тұрған элементтеріндегі қалған кернеуді алып тастау (қуатты, статикалық электрді жою);

      2) зиян келтіру қатерін тудыратын машиналар мен жабдықтар құрамындағы барлық жарылыс-өрт қауіпті, химиялық агрессиялы және улы заттар мен материалдарды жою немесе мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, көрсетілген заттар мен материалдарды құрайтын машиналар мен жабдықтардың элементтерін жою;

      3) машиналар мен жабдықтар құрамындағы барлық өздігінен қозғалатын элементтерді жою, серіппе, рессор секілді элементтерден немесе басқа да құрылғылардан жинақталған әлеуетті энергияны босату, сондай-ақ, машиналар мен жабдықтардың барлық элементтеріндегі қысымды атмосфералық қысымға дейін теңестіру;

      4) машиналар мен жабдықтардағы, машиналар мен жабдықтар құрамындағы элементтердегі температураны шекті рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізу қажет.

      118. Машиналар мен жабдықтар шикізат және материалдар алу арқылы қайта өңдеу жолымен кәдеге жаратылады.

      119. Кәдеге жарату процесінде жинақталған қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

10. Сәйкестікті растау

      120. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау рәсімі "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінің және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      121. Машиналар мен жабдықтардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сертификаттау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.

      122. Машиналар мен жабдықтардың сәйкестіктігін растау мақсатында өтінім беруші сертификаттауды жүргізуге берген өтінімімен бірге техникалық құжаттаманың жиынтығын ұсынуы тиіс.

      Техникалық құжаттаманың жиынтығы мыналарды:

      1) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

      2) конструкцияның сипаттамасын, басқару және әрекет ету принципінің сызбасын қоса алғанда, машиналар мен жабдықтардың техникалық сипаттамасын;

      3) соған сәйкес машиналар мен жабдықтар өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды;

      4) машиналар мен жабдықтардың нақты түрлері (моделдері) құрамының тізбесін, зауыттық нөмірін, өндірушілердің атауы мен мекен-жайын және жабдықтарды пайдалану орнына орналастырудың тапсырыс берушімен келісілген (машиналар мен жабдықтардың жиынтығы, кешендер мен технологиялық желілер үшін) технологиялық сызбасын қамтиды.

      123. Сәйкестікті растау жөніндегі органның дәлелді жағдайларда машиналар мен жабдықтардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растауға қажетті қосымша техникалық құжаттаманы сұратуға құқығы бар. Мұндай құжаттамаларға:

      1) қабылдау, мерзімдік және инспекциялық сынақтардың хаттамалары;

      2) шетелдік сынақ зертханаларында (орталықтарында), оның ішінде, өндірушінің сынақ орталықтарында жүргізілген шетелдік сынақ хаттамалары;

      3) жинақталған бұйымдар мен материалдарды жеткізушінің қолданыстағы сәйкестік сертификаты (сәйкестік туралы декларациялар);

      4) міндетті сертификаттау шеңберінен тыс алынған машиналар мен жабдықтардың қолданыстағы сертификаттары (ерікті сертификаттау жүйесінің сертификаттары, шетелдік сертификаттар);

      5) сапа және өндіріс жүйесінің қолданыстағы сертификаттары жатуы мүмкін.

11. Қолданысқа енгізудің шарттары

      124. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасында қолданылатын, қайталанатын және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың ережелері белгіленген тәртіппен түзетілуге немесе жойылуға жатады.

      125. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  "Ауыл шаруашылығы шикізатын
өңдеуге арналған жабдыққа
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Өсімдік шаруашылығы өнімі"
техникалық регламентіне
қосымша

Техникалық регламенттің әрекетіне түсетін машиналар мен жабдықтардың тізбесі

ҚР СЭҚ ТН коды

Өнімнің атауы

1

2

8438

Мал немесе ұшпайтын өсімдік майларын немесе сары май бөліп алуға немесе жасауға арналған жабдықтардан басқа, азық-түлік өнімдерін немесе сусындарды өнеркәсіптік жолмен жасауға немесе өндіруге арналған, аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жабдықтар:

8438 10

- нан-бөлке бұйымдарын, макарондар, спагетти немесе осыған ұқсас өнімдерді өндіруге арналған жабдықтар:

8438 10 100 0

- - нан-бөлке бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтар

8438 10 900 0

- - макарондар, спагетти немесе осыған ұқсас өнімдерді өндіруге арналған жабдықтар

8438 20 000 0

- кондитер өнеркәсібіне, какао ұнтағын немесе шоколад өндіруге арналған жабдықтар

8438 30 000 0

- қант өнеркәсібіне арналған жабдықтар

8438 40 000 0

- сыра қайнату өнеркәсібіне арналған жабдықтар

8438 60 000 0

- жеміс тұқымдарын, жаңғақтарды немесе көкөністерді қайта өңдеуге арналған жабдықтар

8438 80

- өзге де жабдықтар:

8438 80 100 0

- - шай немесе кофе өңдеуге арналған


- - өзгелері:

8438 80 910 0

- - - сусындар дайындауға немесе шығаруға арналған

8438 80 990 0

- - - өзгелері

8435

Шарап жасауға, сидр, жеміс шырындарын немесе оларға ұқсас сусындар өндіруге арналған престер, ұсатқыштар және оларға ұқсас жабдық

8437

Тұқымдарды, астықты және құрғақ бұршақ дақылдарын тазартуға, сорттауға немесе іріктеуге арналған машиналар; ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтан басқа, ұн тарту өнеркәсібіне арналған немесе дәнді немесе құрғақ бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған жабдық:

8437 10 000 0

- тұқымдарды, астықты және құрғақ бұршақ дақылдарын тазартуға, сорттауға немесе іріктеуге арналған машиналар;

8437 80 000 0

- өзге жабдықтар

8478

Темекі дайындауға және жасауға арналған аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жабдықтар:

8478 10 000 0

- жабдықтар

8445

Тоқыма талшықтарын дайындауға арналған машиналар; жіп иіру, есу немесе орау машиналары және тоқыма жіп жасауға арналған басқа да жабдықтар; піллә орау немесе орау машиналары (арнайы орау машиналарын қоса алғанда) және 8446 және 8447 тауар позицияларында көрсетілген машиналарда пайдалану үшін тоқыма жіп әзірлейтін машиналар:

8446

Тоқыма станоктары

8447

Трикотаж, тоқу-тігу, зер жіптерін, торғын, шілтер, кесте тоқу үшін қолданылатын, кесте тігетін, заттың жиектерін немесе жапсарларын әдіптеу үшін пайдаланылатын машиналар және тафтингтік машиналар

8451

Жіптерді, маталарды немесе дайын тоқыма бұйымдарын жууға, тазалауға, сығуға, кептіруге, үтіктеуге, нығыздауға (материалдарды қыздыруға арналған престерді қоса алғанда), ағартуға, бояуға, өңдеуге, әрлеуге, жылтыратуға немесе сіңдіруге арналған жабдықтар (8450 тауар позициясында көрсетілген машиналардан басқа) немесе линолеум секілді еден жамылғыларын өндіруде пайдаланылатын тоқыма немесе басқа да негізіне паста жағатын машиналар; тоқыма маталарды орайтын, тарқататын, жинайтын, кесетін немесе тесетін машиналар:

8451 40 000

- жууға, ағартуға немесе бояуға арналған машиналар:

8451 40 000 2

- - жүнді бояуға арналған

8451 40 000 9

- - өзгелері

8419

Тұрмыстық мақсаттарда пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, ысыту, пісіру, қуыру, тазарту, ректификациялау, зарарсыздандыру, пастерлеу, буландыру, кептіру, булап тазарту, конденсациялау немесе салқындату сияқты температураның өзгеруі процесінде материалдарды өңдеуге арналған электрмен қыздырылатын немесе электрмен қыздырылмайтын машиналар, өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдық (8514 тауар позициясындағы пештерді, камераларды және басқа да жабдықты қоспағанда); инерттік емес су қыздырғыштар немесе жылу беретін су аккумуляторлары, электрлі емес:


- кептіргіштер:

8419 31 000 0

- - ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған

8419 40 000

- тазартуға немесе тазалауға арналған аппараттар:

8419 40 000 9

- - өзгелері

8421

Ортадан тепкіш кептіргіштерді қоса алғанда, центрифугалар; сұйықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазалауға арналған жабдықтар мен қондырғылар:


- сұйықтарды сүзуге немесе тазалауға арналған жабдықтар мен қондырғылар:

8421 22 000 0

- судан басқа, сусындарды сүзуге немесе тазалауға арналған

8422

Ыдыс жуатын машиналар; бөтелкелерді немесе басқа ыдыстарды жууға немесе кептіруге арналған жабдықтар, бөтелкелерді, шыны сауыттарды толтыруға, тығындауға, жәшіктерді, қаптарды немесе басқа ыдыстарды жабуға, оларға сүргі салуға немесе жапсырма желімдеуге арналған жабдықтар; бөтелкелерді, шыны сауыттарды, тубтарды және осыған ұқсас ыдыстарды қалпақшалармен немесе қақпақпен бітеп тығындауға арналған жабдықтар; буып-түюге немесе орауға арналған өзге де жабдықтар (жылу ұстағыш материалдармен тауар орайтын жабдықтарды қоса алғанда); сусындарға газ араластыруға арналған жабдықтар:

8422 20 000

- бөтелкелерді немесе басқа ыдыстарды жууға немесе кептіруге арналған жабдықтар:

8422 20 000 9

- - өзгелері

8422 30 000

- бөтелкелерді, шыны сауыттарды толтыруға, тығындауға, жәшіктерді, қаптарды немесе басқа ыдыстарды жабуға, оларға сүргі салуға немесе жапсырма желімдеуге арналған жабдықтар; бөтелкелерді, шыны сауыттарды, тубтарды және осыған ұқсас ыдыстарды қалпақшалармен немесе қақпақпен бітеп тығындауға арналған жабдықтар; сусындарға газ араластыруға арналған жабдықтар:


- - өзгелері:

8422 30 000 3

- - - сусындардың қысымы артық болған кезде бөтелкелерге, шыны сауыттарға толтыруға, өнімділігі сағатына кемінде 30 000 бөтелке немесе банка бөтелкелерді, банкаларды тығындауға, оларға сүргі салуға арналған жабдықтар

8422 30 000 8

- - - өзгелері

8422 40 000

- буып-түюге немесе орауға арналған өзге де жабдықтар (жылу ұстағыш материалдармен тауар орайтын жабдықтарды қоса алғанда):


- - өзгелері:

8422 40 000 3

- - - өнімділігі сағатына кемінде 70 поддондағы тауарды полимерлі пленкамен орауға арналған жабдық

8422 40 000 4

- - - өнімділігі минутына кемінде 30 қаптау бірлік орау материалының жылу ұстағышы бар тауар орайтын топтық қаптау жабдығы

8479 20 000 0

Жануарлардың немесе ұшпайтын өсімдік майларын немесе сарымайларды бөлуге немесе дайындауға арналған жабдықтар

8433 60 000 0

Жұмыртқаларды, тұқымдарды немесе ауыл шаруашылығының басқа өнімдерін тазалауға, сұрыптауға немесе калибрлеуге арналған машиналар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады