Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 663 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 612 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "пневмококк инфекциясы";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикалық егу жүргізу ережесінде:

      2-тармақта:

      "егулерді" деген сөзден кейін "алғашқы медициналық-санитариялық көмекті," деген сөздермен толықтырылсын;

      "медициналық ұйымдар" деген сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) көрсетілген Профилактикалық егу жүргізу ережесіне қосымшада:

      1-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы 15-бағанмен толықтырылсын:

      "

Пневмококк инфекциясы

15



+


+

+















      ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады