Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 487 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 676 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Моторлық бензинді, керосинді және газойлді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 487 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «2010 жылғы 1 шілдеге» деген сөздер «2010 жылғы 1 қарашаға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан моторлық бензинді, керосинді және газойлді әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту туралы хабардар етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады