Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес және мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пеш отынынан басқа, моторлық бензинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 11 310 0 - 2710 11 700 0), керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0) және газойлді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) шығаруға тыйым салынсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.30 N 676 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан моторлық бензинді, керосинді және газойлді шығаруға тыйым салуды енгізгендігі туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов