Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 911 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өркен» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 586 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтың 1) тармақшасындағы «Өркен» деген сөз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      тақырыбындагы «Өркен» деген сөз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:

«Бишімбаев               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы         көмекшісі»,

«Кармазина               - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы           және бюджеттік жоспарлау вице-министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы          көмекшісі»,

«Кармазина               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы           вице-министрі»;

       мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Әшімбаев                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы         Әкімшілігі Басшысының орынбасары»,

«Сәрінжіпов              - «Назарбаев, Университеті» коммерциялық
Аслан Бәкенұлы             емес акционерлік қоғамның президенті».

       2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады